08/12/2025
Құрметті Мукеева Нұржамал Ерсайынқызы!
Кәсіби-шығармашылық факультеті, “Музыка және хореография” кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент ретінде сіз білім беру саласында жоғары кәсібилігіңізбен, жауапкершілігіңізбен және ерекше педагогикалық шеберлігіңізбен танылып келесіз.
Сіздің ғылыми еңбектеріңіз, білім мен тәрбие ісіне қосқан үлесіңіз, жас мамандарды даярлаудағы зор еңбегіңіз – баршамыз үшін үлкен құрмет.
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге ұзақ өмір,мықты денсаулық,мол бақыт және шығармашылықта жаңа биік белестер тілейміз.
Сіздің өнерге деген шексіз махаббатыңыз бен еңбегіңіз жас ұрпаққа шабыт берсін,өнер саласындағы жаңашылдықтарыңыз жоғары шығармашылық шыңдарға жетелесін✨
Құрметпен,Кәсіби-шығармашылық факультетінің ұжымы.
university
mukeeva