ЗКГМУ имени Марата Оспанова, кафедра языков

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktobe
  • ЗКГМУ имени Марата Оспанова, кафедра языков

ЗКГМУ имени Марата Оспанова, кафедра языков Вузы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті тілдер кафедрасы қазақ тілі курсының жетекшісі ...
02/12/2017

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті тілдер кафедрасы қазақ тілі курсының жетекшісі аға оқытушы, қазақ тілі мен әдебиеті магистрі Сәбитбекова Майраш Мұратқызы Алматы қаласында үстіміздегі жылдың қараша айының аяғында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Мәңгілік ел: кемел болашақ» республикалық байқауынан жүлдемен оралды. Он номинация бойынша өткен бұл байқауға белгілі тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері мен ДСМ сарапшылары қазылық еткен. Байқау шарттары бойынша өз жұмыс барысы туралы бейнеролик пен портфолио дайындап, тапсырған Майраш Мұратқызы «Үздік тіл оқытушысы» номинациясының жеңімпазы атанып, төсбелгіге ие болды. Бұл – үлкен жетістік. Ал жеңімпаз болса: «Бұл - бірнеше жылғы еңбектің жемісі. Байқауға қатысқан мақсатым – біздің университетте мемлекеттік тілдің оқытылу деңгейінің жоғары екендігін көрсету және еңбегімнің бағасын білу болды. Осы байқаудың өтуіне мұрындық болған ҚР Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу орталығына алғысым шексіз» дейді. Майраш Мұратқызы, алар асуларыңыз биік болғай, еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Бөлісуге тұрарлықтай жеңіс.

Address

Улица Маресьева, 68
Aktobe

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ЗКГМУ имени Марата Оспанова, кафедра языков posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share