Жасанды Интеллект Институты

Жасанды Интеллект Институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Жасанды Интеллект институты

Болашағыңды IT және Жасанды Интеллектпен байланыстыр! 🚀Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект и...
23/07/2026

Болашағыңды IT және Жасанды Интеллектпен байланыстыр! 🚀

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институты талапкерлерге заманауи IT бағыттары бойынша сапалы білім мен халықаралық мүмкіндіктерді ұсынады! 🎓

Парақшаны сырғытып, біздің институттағы ең сұранысқа ие 6 білім беру бағдарламасымен толық танысыңыз:

1️⃣ 6B06303 – Киберқауіпсіздік (Жүйелер мен деректерді қорғау, инциденттерге жауап беру).

2️⃣ 6B06104 – AI Architect (SeoulTech-пен бірлескен екі дипломды бағдарлама: машиналық оқыту және нейрожелілер).

3️⃣ 6B06103 – Data Management (SeoulTech-пен бірлескен екі дипломды бағдарлама: деректер әлемі және аналитика).

4️⃣ 6B06102 – Бағдарламалық инженерия (Веб/мобайл қосымшалар және цифрлық өнімдерді әзірлеу).

5️⃣ 6B06101 – Ақпараттық жүйелер (AI) (Бизнес пен IT-ді біріктіретін жүйелік талдау).

6️⃣ 6B01501 – Информатика (AI) (Болашақ мұғалімі мен STEM-педагогтарды дайындау).



🌟 Не үшін бізді таңдайды?

Суреттегі код арқылы өз болашағыңа қадам бас: KZ-KR-034 📌
Практикаға бағытталған заманауи оқу бағдарламасы 💻
Халықаралық серіктестік пен мансаптық өсу мүмкіндігі 📈
Жоғары жалақы алатын сұраныстағы IT маман атану мүмкіндігі 💼

Толық ақпарат алу үшін бізге директке жазыңыз немесе хабарласыңыз! 📲

📞 Байланыс телефондары: +7 776 910 66 00, +7 701 412 75 39

📍 Мекенжайымыз: Қызылорда қаласы, Әйтеке би к-сі, 29А

🌐 Сайттар: [ai.korkyt.edu.kz](https://ai.korkyt.edu.kz/) | [korkyt.edu.kz](https://korkyt.edu.kz/)



#ЖасандыИнтеллектИнституты #Қызылорда #Талапкер2026 ITмамандықтары Киберқауіпсіздік AIArchitect DataManagement

✨ DIGITAL NAURYZ 2026 ✨Құрметті студенттер, ата аналар, ұстаздар!Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған ...
18/03/2026

✨ DIGITAL NAURYZ 2026 ✨
Құрметті студенттер, ата аналар, ұстаздар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған ерекше форматтағы іс-шараға шақырамыз!
Бұл жай ғана мереке емес - ұлттық дәстүр мен заманауи технология тоғысқан Digital Nauryz алаңы 🔥

📍 Бағдарламада:
— Мерекелік керуен (әнмен шеру)
— Ұлттық ойындар (арқан тарту, асық, теңге ілу және т.б.)
— Салт-дәстүрге арналған интерактивті панельдер
— Көңілді ойындар мен mini-game форматтар
— Наурыз көже мен бауырсақ

📅 20.03.2026
⏰ 11:00
📍 Қорқыт Ата университеті, 5-оқу ғимараты
Жасанды интеллект институты
Келіңіздер, Наурызды бірге қарсы алып, ұлттық рухты сезінейік!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! 🌿
#ЖасандыИнтеллект

17/03/2026

Digital Nauryz 2026 аясында Қызылорда қаласында ерекше іс-шара өтті.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институты Қызылорда облысы әкімдігінің тапсырмасына сәйкес әзірленген жоспар негізінде көпшілік орындарда тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, робот-гид арқылы жасанды интеллект саласындағы соңғы жетістіктерді таныстырды.

Іс-шара барысында халыққа арналған оқыту тренингтері өткізіліп, жаңа технологиялардың қоғамдағы орны мен мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, шараға институттың стартап жобаларымен айналысатын бастамашыл жастары мен робототехника бағыты бойынша ізденіп жүрген талантты студенттері қатысып, өздерінің инновациялық идеяларын көпшілікке ұсынды.

Бұл кездесу тұрғындарға жасанды интеллекттің бүгінгі мүмкіндіктерін жақыннан танып-білуге, оның болашағын тереңірек сезінуге мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

#Қызылорда #ҚорқытАтаАтындағыҚызылордаУниверситеті #ЖасандыИнтеллект #Инновация РоботГид

🧠🤝 Студенттік жобалар – нақты шешімдерге жол«Заң және тәртіп» қағидаты аясындаҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистик...
25/12/2025

🧠🤝 Студенттік жобалар – нақты шешімдерге жол

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті мен
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институты арасында студенттік жобалар бойынша кездесу өтті.

📅 23 желтоқсан 2025 ж.

Кездесу барысында:
🔹 қоғамдық көліктерге арналған электронды билет жүйесін біріздендіру,
🔹 Face ID технологиясын енгізу,
🔹 көлік ішіндегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер талқыланды.

💡 Жобалар:
• қоғамдық көліктегі қылмыстың алдын алу
• іздеудегі тұлғаларды анықтауға көмек
• цифрлық есеп пен бақылауды күшейту

Сонымен қатар, интернет-алаяқтыққа қарсы PhishGuard AI жобасы таныстырылды.
Жоба күмәнді сайттар мен сілтемелерді автоматты түрде анықтап, қауіп туралы ескертеді.

🚀 Студенттік идеялар – өңірлік қауіпсіздік пен цифрландырудың нақты құралы.

#ЖасандыИнтеллект

#СтуденттікЖобалар
#ЦифрлықҚауіпсіздік
#ЗаңжәнеТәртіп

🚀 *Хабарландыру*Жасанды интеллект институтының қосымша курстарының қорытынды кезеңі — LUPIC Хакатоны*Құрметті студенттер...
10/12/2025

🚀 *Хабарландыру*
Жасанды интеллект институтының қосымша курстарының қорытынды кезеңі — LUPIC Хакатоны
*Құрметті студенттер!*
LUPIC жобасы аясында өткен 4 тегін курстың қорытындысы ретінде Хакатон ұйымдастырылады. Бұл — курстарда алған білімдеріңізді нақты жобаларға айналдырып, командаңызбен бәсекеге түсетін тамаша мүмкіндік!
📚 Курстар:
1️⃣ Кәсіпкерлік және бірбетттік сайттар
2️⃣ Python — толық цикл
3️⃣ Flutter және ЖИ-агент боты
4️⃣ PHP арқылы BackEnd және клиент–сервер архитектурасы
🎯 Хакатонның мақсаты:
Курста үйренген дағдыларды нақты жобаларда қолдану
Командалық жұмыс пен шығармашылықты дамыту
Стартап идеяларды іске асыруға алғашқы қадам жасау
🗓 Өтетін уақыты: 17 желтоқсан, сағат 16:00
📍 Өтетін орны: 5-ғимарат, 300-аудитория
🏆 Марапаттар:
Жобаларды әрі қарай дамытуға мүмкіндік
*Алғашқы 3 орынға ие болған студенттер Түркістан қаласындағы 5 жұлдызды “CARAVAN SARAY” қонақ үйінде 1 күндік демалысқа жолдама алады!*
✅ Командаңды жина, идеяңды нақты өнімге айналдыр!
Сәттілік тілейміз!

30/10/2025

🇰🇷 Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук мырза Жасанды интеллект институтында қонақта.
Қонағымызға екі елді байланыстырған ЖИ институтының құрылу тарихын таныстырып, ЖасИн студенттерінің жетістіктерімен бөлістік.

🇰🇷 Генеральный консул Республики Корея в Алматы господин Ха Тэ Ук посетил Институт искусственного интеллекта.
Мы познакомили гостя с историей создания Института искусственного интеллекта, который связывает две страны, и рассказали о достижениях студентов ЖасИн.

🇰🇷 Mr. Ha Tae-wook, Consul General of the Republic of Korea in Almaty, is visiting the Institute of Artificial Intelligence.
We introduced our guest to the history of the establishment of the AI ​​Institute, which has connected the two countries, and shared with us the achievements of the students of JasIn.

LUPIC жобасы аясында Жасанды интеллект институты студенттеріне 4 тегін курс ашылады!🎯 Курстардың мақсаты — студенттердің...
15/10/2025

LUPIC жобасы аясында Жасанды интеллект институты студенттеріне 4 тегін курс ашылады!
🎯 Курстардың мақсаты — студенттердің заманауи ІТ және стартап бағыттарындағы практикалық дағдыларын дамыту.
Барлық сабақтар нақты жобалар мен тәжірибелік тапсырмаларға негізделген.

📚 Бағыттар:
1️⃣ Кәсіпкерлік және бірбеттік сайттар
2️⃣ Python – толық цикл
3️⃣ Flutter және ЖИ-агент боты
4️⃣ PHP арқылы BackEnd және клиент–сервер архитектурасы

🚀 Өз салаңда үздік маман болғың келсе — LUPIC курстарына қосыл!

В рамках проекта LUPIC для студентов Института искусственного интеллекта открываются 4 бесплатных курса!
🎯 Цель курсов — развитие у студентов практических навыков в современных направлениях IT и стартап-проектов.
Все занятия основаны на реальных проектах и практических заданиях.

📚 Направления:
1️⃣ Предпринимательство и одностраничные сайты
2️⃣ Python – полный цикл
3️⃣ Flutter и ИИ-агент боты
4️⃣ BackEnd на PHP и клиент–серверная архитектура

🚀 Хочешь стать лучшим в своей сфере? Присоединяйся к курсам LUPIC!

ЖасИн студенттері!Сіздермен институтымызда ағылшын тіліне арналған Speaking Club ашылып жатқанымен қуана бөлісеміз!Ағылш...
15/10/2025

ЖасИн студенттері!

Сіздермен институтымызда ағылшын тіліне арналған Speaking Club ашылып жатқанымен қуана бөлісеміз!
Ағылшын тілінде еркін сөйлеп үйренгісі келетін барлық студентті күтеміз.

Әр Сәрсенбі (15:50 - 16:40) және Жұма (15:00 - 16:30) күндері 3-қабат, Коворкинг

Студенты ЖасИн!

Мы рады сообщить вам, что в нашем институте открывается Speaking Club английского!
Ждём всех студентов, желающих научиться уверенно говорить по-английски.

Каждую Среду (15:50 - 16:40) и Пятницу (15:00 - 16:30) на 3-м этаже, в коворкинге.

14/10/2025

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Жасанды Интеллект институтында қонақта болды.
Сапар барысында Гүлзат ханым институттың материалдық-техникалық базасымен танысып, студенттердің клубтық қызметі мен жобаларын көрді. Студенттер өз жетістіктерімен бөлісіп, оқу процесінде іске асырып жатқан бастамаларын таныстырды.

Address

Абая 66
Kyzylorda

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жасанды Интеллект Институты posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share