ЮКМА

ЮКМА Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА) |Южно-Казахстанская медицинская академия (ЮКМА) | South Kazakhstan Medical Academy (SKMA)

Уважаемые кандидаты, поступающие в резидентуру!24.08.2026 – 25.08.2026 до 18:00  — прием заявлений для участия в конкурс...
25/08/2026

Уважаемые кандидаты, поступающие в резидентуру!

24.08.2026 – 25.08.2026 до 18:00 — прием заявлений для участия в конкурсе по перераспределению неосвоенных грантов государственного образовательного заказа (гранты РБ);
25.08.2026 – 26.08.2026 до 18:00 — прием заявлений для участия в конкурсе по перераспределению неосвоенных грантов Местных исполнительных органов (МИО);
27.08.2026 до 13:00 — прием заявлений для участия в конкурсе по платным местам

25.08.2026 — публикация итогового ранжирования по неосвоенным грантам РБ.
26.08.2026 — публикация итогового ранжирования по неосвоенным грантам МИО.

27.08.2026 — публикация результатов ранжирования по платной форме обучения (апелляция не предусмотрена).

Важные условия участия:
1. Отказы от уже присужденных грантов на период открытия приема заявлений на неосвоенные гранты (РБ и МИО) будет недоступно.
2. Для кандидатов подавших на платную основу открыта возможность отзыва заявления для подачи на неосвоенные гранты.

Құрметті резидентураға түсуші үміткерлер!2026 жылғы 24.08 – 25.08 сағат 18:00-ге дейін — мемлекеттік білім беру тапсырыс...
25/08/2026

Құрметті резидентураға түсуші үміткерлер!

2026 жылғы 24.08 – 25.08 сағат 18:00-ге дейін — мемлекеттік білім беру тапсырысының игерілмеген гранттарын (РБ гранттары) қайта бөлу конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау;

2026 жылғы 25.08 – 26.08 сағат 18:00-ге дейін — жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) игерілмеген гранттарын қайта бөлу конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау;

2026 жылғы 27.08 сағат 13:00-ге дейін — ақылы оқу орындарына конкурсқа қатысу үшін өтініштер қабылдау.

2026 жылғы 25.08 — РБ-ның игерілмеген гранттары бойынша қорытынды ранжирлеу нәтижелерін жариялау.

2026 жылғы 26.08 — ЖАО-ның игерілмеген гранттары бойынша қорытынды ранжирлеу нәтижелерін жариялау.

2026 жылғы 27.08 — ақылы оқу нысаны бойынша ранжирлеу нәтижелерін жариялау (апелляция қарастырылмаған).

Қатысуға қойылатын маңызды шарттар:

1. Бұған дейін тағайындалған гранттардан бас тарту мүмкіндігі игерілмеген гранттарға (РБ және ЖАО) өтініш қабылдау кезеңінде қолжетімсіз болады.
2. Ақылы оқу нысанына өтініш берген кандидаттарға игерілмеген гранттарға өтініш беру үшін өз өтінішін қайтарып алу мүмкіндігі беріледі.

Құрылтай сайлауына қатысып, азаматтық ұстанымымды білдірдімБүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанның б...
23/08/2026

Құрылтай сайлауына қатысып, азаматтық ұстанымымды білдірдім

Бүгін еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанның бірі – Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасадым.

Сайлау – әр азаматтың елдің ертеңіне қатысты өз пікірін білдіретін маңызды мүмкіндік. Сондықтан, әрбір тұрғын өз таңдауын жасап, қоғамдық өмірге белсенді араласуы қажет деп есептеймін. Өйткені, елдің дамуы мен болашағы ең алдымен азаматтардың жауапкершілігіне байланысты.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұжымы да Құрылтай сайлауына белсенді түрде қатысуда. Профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер тұрғылықты мекен-жайлары бойынша өздерінің сайлау учаскелеріне барып, өз дауыстарын беруде.

Барша азаматтарды өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел өміріндегі осындай маңызды науқанға белсенді қатысуға шақырамын. Әр дауыс ел болашағына қосылған үлес екенін ұмытпайық!

Жанна СЕЙТЖАНОВА,
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры.

Жақында Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Волонтерлерінің бірінші форумы өтті. «Еріктілік арқылы бірлік: ...
22/08/2026

Жақында Астана қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Волонтерлерінің бірінші форумы өтті.
«Еріктілік арқылы бірлік: серіктестік, сенім, даму» атты тақырыпта өткен форумды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева ашып беріп, еріктілік – бұл тек көмек емес, бұл елдер арасындағы сенім мен ынтымақтастықтың көпірі екенін атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – ТМД елдеріндегі волонтерлік қозғалысты жүйелеу, үздік тәжірибелерді ортаға салу және ортақ құндылықтар төңірегінде жаңа жобаларды іске қосу. Пленарлық, панельдік және стратегиялық сессияларда «Тең мүмкіндіктер еріктілігі», «Корпоративтік жауапкершілік», «Шекарасыз еріктілік» және «ТМД-ның ортақ болашағы» сынды өзекті тақырыптар талқыланды.
Айта кетейік, форумға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының түлегі Асқар Мерей Еламанқызы Шымкент қаласының делегациясымен бірге барып, қатысып қайтты.
Форум ТМД елдерінің волонтерлары үшін өзара түсіністік пен серіктестікті нығайтатын маңызды алаңға айналды. Біз бірге еріктілік арқылы қоғамды дамытып, адамдар арасындағы алшақтықты жойып, ортақ болашаққа қадам басып жатырмыз.

21/08/2026

Құрметті Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар!
Академиямыздың кітапхана қоры Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты құнды еңбегімен толықты.
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» – Қазақстанның жаңғыру кезеңін, ел дамуының негізгі бағыттары мен реформалардың мәнін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды еңбек.
Бұл кітап академиямыздың кітапхана қорынан лайықты орын алып, оқырмандарымыздың білімін толықтырып, ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз.
Кітап – білімнің бастауы,
ойлы сөз – сананың қозғаушысы!
Баршаңызды жаңа кітаппен танысып, тағылымды ойлармен сусындауға шақырамыз!

CAJMHE ҮШІН ЖАҢА БЕЛЕС!South Kazakhstan Medical Academy басып шығаратын және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым акад...
19/08/2026

CAJMHE ҮШІН ЖАҢА БЕЛЕС!
South Kazakhstan Medical Academy басып шығаратын және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен аффилиацияланған Central Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics (CAJMHE) журналы енді Embase®️ дерекқорында индекстелді!
CAJMHE — медицинадағы гипотезалар мен этика саласындағы зерттеулер бойынша дәлелді ақпарат көзі. Журнал 2020 жылдан бері жарық көріп келеді және енді Embase®️ дерекқорына енгізілді.
Embase®️ — медицина, биомедицина, фармация және фармакология салаларындағы дәлелді тәжірибелер әлемін қамтитын жетекші ақпараттық дерекқорлардың бірі.
Бұл — аймақтағы жетекші академиялық және ғылыми мекемелердің өкілдері дайындаған CAJMHE журналы үшін тағы бір маңызды жетістік.
Қазіргі таңда CAJMHE журналдың тақырыптық аясына сәйкес келетін басым бағыттар бойынша сапалы мақалаларды, гипотезаларды, пікір мақалаларын, шолуларды, хаттарды және басқа да құнды материалдар санаттарын қабылдауға ашық.
CAJMHE журналының Embase®️ базасына енгізілуі оның ғылыми көріну аясын кеңейтіп, дәлелді медицина саласындағы ықпалының артуына мүмкіндік береді.
Барлық авторларға, үлес қосушыларға және қолдаушыларға құттықтауымызды білдіреміз!
🔗 https://www.embase.com/
🔗 https://cajmhe.com/

Болат Анварұлы Ашировты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында ...
18/08/2026

Болат Анварұлы Ашировты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 28 шілдедегі №568 бұйрығымен 30100 – Медицина ғылымдары ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Болат Анварұлына зор денсаулық, отбасына амандық, ғылыми-педагогикалық қызметіне толағай табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Еңбегіңіз ел игілігіне қызмет етіп, шәкірттеріңіздің жетістіктері еселене берсін!
Ғылыми атағыңыз құтты болсын! Жаңа белестерді бағындыра беріңіз!

18/08/2026
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласындағы Shym City саябағында қала әкімдігінің қолдауымен «Zhastar ...
13/08/2026

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласындағы Shym City саябағында қала әкімдігінің қолдауымен «Zhastar Fest 2026» жобасының гала-концерті өтті. Жастардың басын қосқан мерекелік кешке қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек, зиялы қауым өкілдері және қаладағы жоғары оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.

Салтанатты жиында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы қала жастарын мерекемен құттықтады.
«Қайырлы кеш, Ұлы даланың мұрагерлері!» деп өз сөзін бастаған проректор жастарға ақжолтай тілегін білдіріп, тағылымды ойларын ұлы ойшыл Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасымен сабақтастырды. Ол Абай іліміндегі ақыл, қайрат, жүрек үйлесімін бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы ретінде атап өтті. «Толық адам» идеясы – жас ұрпақты білімге ұмтылуға, еңбекқорлыққа, әділеттілікке, мейірімділік пен елжандылыққа тәрбиелейтін рухани бағдар. Осы құндылықтарды бойына сіңірген жастар ғана қоғамның дамуына өз үлесін қосып, ел болашағын кемелдендіре алады. Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы жастардың бойынан дәл осы асыл қасиеттерді көргісі келетінін айтып, әр жасты өз болашағына ғана емес, тұтас елдің келешегіне жауапкершілікпен қарауға үндеді.

Айта кетейік, жастар мерекесіне арналған Zhastar Fest 2026 гала-концертінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Мадина Айдарқызы адал еңбегі мен елдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қала әкімі Ғ. Сыздықбековтың Алғыс хатымен марапатталды.

Address

Аль-Фараби 1/1
Shymkent
160019

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ЮКМА posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to ЮКМА:

Shortcuts

Share