03/06/2026
🎓 Woosong University Kazakhstan-ға қабылдау қалай жүргізіледі?
2026 оқу жылына қабылдау бірнеше көрсеткіштің негізінде жүзеге асырылады. Әр талапкердің өтінімі жеке қарастырылып, төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:
📊 Қабылдау балының құрылымы:
✅ ҰБТ нәтижесі - 50%
✅ Мектептегі GPA (үлгерім көрсеткіші) - 20%
✅ Ағылшын тіліндегі сұхбат - 30%
💡 Сонымен қатар IELTS нәтижесі үшін қосымша балл беріледі.
📌 Ағылшын тілі бойынша талап:
• IELTS 5.0 немесе соған тең халықаралық сертификат
• Қабылданатын емтихандар:
IELTS, TOEFL iBT, Oxford Test, CEFR, Duolingo English Test, TEPS, PTE Academic, TOEIC
📌 Ерекше жағдайлар:
🔹 Егер халықаралық ағылшын сертификатыңыз болмаса, бірақ ҰБТ-дағы ағылшын пәнінен нәтижеңіз 65%-дан жоғары болса, бұл IELTS 5.0 деңгейіне теңестірілуі мүмкін.
🔹 ҰБТ нәтижесі бойынша үздік 15% қатарына кірген талапкерлер ағылшын тілі сертификатын тапсырмай-ақ өтініш бере алады.
📑 Қажетті құжаттар:
• Онлайн өтінім (Application Fee - $50)
• Жеке куәлік немесе паспорт
• Аттестат
• Транскрипт (бағалар тізімі)
• ҰБТ сертификаты (бар болса)
• Ағылшын тілі сертификаты
• Ұсыныс хат (міндетті емес)
📍 Неліктен сұхбат өткізіледі?
Сұхбат барысында университет оқытушылары талапкердің ағылшын тілінде қарым-қатынас жасау деңгейін, мотивациясын және оқу бағдарламасына дайындығын бағалайды.
🌏 Woosong University Kazakhstan - халықаралық деңгейдегі білім, кореялық стандарт және әлемдік мүмкіндіктер!
📩 Қабылдау туралы толық ақпарат алу үшін Direct немесе WhatsApp арқылы хабарласыңыз.