Жамбыл облысының білім басқармасы

Жамбыл облысының білім басқармасы Білім саласына қатысты мәліметтер мен атқарылған іс-шаралар

📚 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫЖамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Оқу-ә...
22/09/2026

📚 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Оқу-әдістемелік орталығының басшысы, республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны бағыттары бойынша Жамбыл облысының Жобалық кеңсесінің басшысы Усерова Шахризада Асылбекқызының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясында Қазақстанда алғаш рет қолға алынған республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонының мақсаты, негізгі бағыттары, қатысу тәртібі мен кезеңдері кеңінен таныстырылды.

Жоба 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуір айына дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада ұйымдастырылады. Марафон аясында қатысушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған 7 негізгі бағыт қамтылған:

🔹 «Кітап оқитын мектеп»
🔹 «Кітап оқитын колледж»
🔹 «Кітап оқитын университет»
🔹 «Кітап оқитын педагог»
🔹 «Кітап оқитын әулет»
🔹 «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші»
🔹 «Кітап оқитын зияткер»

Әр қатысушы арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы тиіс. Оның ішінде 165 кітап қазақ тілінде, 165 кітап орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар қатарында отандық қаламгерлердің шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар бар.

Жамбыл облысында жобаға қызығушылық жоғары. Қазіргі таңда өңірден 104 мың 700-ден астам қатысушы марафонға қосылған. Жалпы республика бойынша қатысушылар саны 1 миллион 200 мыңнан асты.

Марафонның ерекшелігі – кітап оқуды бір реттік акция емес, тұрақты дағдыға айналдыруға бағытталуында. Қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, әр шығарма бойынша өз пікірін жариялайды. Оқу барысы жеке кабинетте тіркеліп, қатысушылардың белсенділігі арнайы мониторинг жүйесі арқылы бақыланады.

Сонымен қатар марафон аясында байқаудан тыс қатысуға мүмкіндік беретін «Parasat» арнайы бағыты іске қосылды. Бұл бағыт кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыруды қалайтын, алайда жарысқа қатысып, жүлделі орындар үшін бәсекеге түсуді мақсат етпейтін азаматтарға арналған.

📖 «Кітап оқитын ұлт» – тек байқау емес, кітап оқуды қоғамның күнделікті мәдениетінің бір бөлігіне айналдыруға бағытталған үлкен ұлттық бастама.

Жамбыл облысының тұрғындарын кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бұл маңызды жобаға белсенді қатысуға шақырамыз!

22/09/2026

«Бүгінгі ойын – ертеңгі мамандық: балабақша тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар өтті

22/09/2026
Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған облыстық  семинар өттіЖамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әді...
21/09/2026

Мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 18 қыркүйек күні «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасы аясындағы жұмыстарды насихаттау мақсатында Тараз қаласы, №45 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «Ерте кәсіптік бағдар: баланың қызығушылығы мен қабілетін ерте анықтаудың тетігі» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының мектепке дейінгі білім беру мазмұны департаментінің аға сарапшысы Р.Рамазанова «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасының ерекшелігі мен маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың әр түрлі мамандықтар туралы идеяларын қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға, қарапайым еңбек әрекеттеріне үйрету жолдары жан-жақты талқыланып, әдістемелік ұсынымдар берілді.

Іс-шараға аудандар мен қалалық мектепке дейінгі ұйым педагогтерінен 32 педагог қатысты.

🇰🇿 Қазақстан құрамасына бірге жанкүйер болайық!2026 жылғы 22–27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай қаласында әлемнің үз...
18/09/2026

🇰🇿 Қазақстан құрамасына бірге жанкүйер болайық!

2026 жылғы 22–27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай қаласында әлемнің үздік жас мамандары бас қосатын WorldSkills Shanghai 2026 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді.

Бұл чемпионат — жастардың кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын халықаралық деңгейде танытып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң. Байрақты бәсекеде қатысушылар заманауи өндіріс, ақпараттық технологиялар, құрылыс, қызмет көрсету және басқа да салалар бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.

Қазақстан құрамасы атынан 33 студент 31 құзыреттілік бойынша сынға түсіп, еліміздің намысын қорғайды. Әр қатысушының артында айлар бойғы дайындық, тынымсыз еңбек, кәсіби ізденіс, ұстаздар мен сарапшылардың қолдауы және жеңіске деген зор жігер тұр.

📅 Чемпионат бағдарламасы:

🔹 22 қыркүйек — салтанатты ашылу рәсімі;
🔹 23–26 қыркүйек — негізгі жарыс күндері;
🔹 27 қыркүйек — чемпионаттың жабылу және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты.

Қазақстандық жас мамандардың халықаралық аренадағы әрбір жетістігі — еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің беделі мен сапасының көрсеткіші. Олардың білімі, шеберлігі мен табандылығы Қазақстанның кәсіби әлеуетін әлемге танытады.

Жас мамандарымызға сенім білдіріп, олардың жеңіске деген жігерін бірге қолдайық! Қазақстан құрамасына сәттілік, жоғары нәтиже және жарқын жеңістер тілейміз!

Біз сіздерге сенеміз! Қазақстан, алға! 🇰🇿🏆

#ҚазақстанҚұрамасы #ҚазақстанАлға #КәсібиШеберлік #ЖасМамандар #ЖұмысшыМамандықтар #ТехникалықЖәнеКәсіптікБілім #ТжКБ

🌍 ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫХалықаралық тәжірибеде дуальды оқыту — білім беру мен өндірісті ...
18/09/2026

🌍 ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

Халықаралық тәжірибеде дуальды оқыту — білім беру мен өндірісті байланыстыратын маңызды жүйе. Колледждегі теориялық білімді кәсіпорындағы практикамен ұштастыру студенттердің кәсіби дағдыларын дамытып, еңбек нарығына бейімделуіне көмектеседі.

Бұл жүйе жұмыс берушілерді маман даярлауға тікелей тартып, өндіріс сұранысына сай білікті кадрлар қалыптастыруға ықпал етеді. Ал халықаралық ынтымақтастық озық оқыту әдістерін, технологиялар мен тәлімгерлік тәжірибесін алмасуға мүмкіндік береді.

📍 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ

2025–2026 оқу жылында облыстағы 42 колледждің 34-інде 59 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізілді.

🔹 11 961 студент дуальды оқытумен қамтылды. Бұл — облыстағы барлық студенттің 41,4%-ы.
🔹 Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын 10 685 студент дуальды жүйеде білім алды. Қамтылу үлесі — 50,06%.
🔹 661 әлеуметтік серіктеспен ынтымақтастық орнатылып, 11 961 үшжақты келісімшарт жасалған.

Дуальды оқыту студентке оқу барысында өндірістік тәжірибе жинауға, ал кәсіпорынға болашақ маманды даярлауға қатысуға мүмкіндік береді.

👉 Толық ақпаратты карусельден көріңіз!

#ДуальдыОқыту #ЖамбылОблысы #ТжКБ #КәсіптікБілім #Тәлімгерлік #БіліктіМаман #ЖамбылТжКБ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ2026 жылдың 17 күн...
17/09/2026

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

2026 жылдың 17 күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 Үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау бойынша нұсқаулыққа сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысында мемлекеттік 332 мектепке дейінгі ұйым, 452 орта, 19 техникалық және кәсіптік және 78 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 392 «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 37 «Саналы ұрпақ» клубы бар.

Аталған жиында білім беру мекемелеріне жаңа редакцияда бекітілген ережелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 10 тамыздағы № 143 бұйрығымен жаңа редакцияда бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 36-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер немесе жауапты тұлғалар тоқсан сайын уәкілетті органға квазимемлекеттік сектор субъектісінде қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпарат ұсынуға міндетті.

Аталған ақпарат есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Осыған байланысты белгіленген нысанды толтыру барысында ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету қажет.

Сонымен қатар, Үлгілік ереженің 28-тармағына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысы өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуын және жүргізілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бағынысты адамдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңнамада белгіленген жауаптылық көзделген.

Үлгілік ереженің 29-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы мен қызметкерлері, сондай-ақ жауапты тұлға өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Бұдан басқа, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-1-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі, сондай-ақ бағынысты адамдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.

Аталған шараға 150 қызметкер қатысты.

ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ...
17/09/2026

ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері мен педагогтері арасында Қазақстан халықтарының Тілдері күніне орай «Қазақшаң қалай, балақай? байқауының республикалық кезеңі өтті.

Республикалық байқауының нәтижесі бойынша Тараз қаласы №16 бөбекжай-бақшасы ІІ орын иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Address

Жамбылская область, город Тараз, Улица Толе би 35
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77262438839

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл облысының білім басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to Жамбыл облысының білім басқармасы:

Shortcuts

Share