Zhubanov/Heriot-Watt

  • Home
  • Zhubanov/Heriot-Watt

Zhubanov/Heriot-Watt Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Zhubanov/Heriot-Watt, College & University, .

♟️ Университеттің стратегиялық даму жоспары талқыландыЖұбанов университетінің басшылығы Директорлар кеңесінің мүшесі Асл...
24/03/2024

♟️ Университеттің стратегиялық даму жоспары талқыланды

Жұбанов университетінің басшылығы Директорлар кеңесінің мүшесі Аслан Шаңғұтовпен кездесті. Кездесу барысында Аслан Серікұлы оқу орнының инфрақұрылымын зерделеп, өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.

Кездесуге қатысушылар университет дамуының маңызды бағыттарын анықтау мақсатында стратегиялық сессия өткізді.

Сондай-ақ жиында университеттің инновациялық қызметі мен қаржылық жағдайы да талқыланды.

Обсудили стратегию развития вуза

Университет Жубанова посетил один из членов Совета директоров Аслан Шангутов. В рамках визита Аслан Серикович изучил инфраструктуру вуза и выслушал отчёт о деятельности вуза за прошедший год.

Кроме того, участники встречи провели стратегическую сессию в целях выявления наиболее важных направлений развития вуза и консолидации усилий.

Также на совещании были обсуждены вопросы инновационной активности и финансовой ситуации вуза.

Қасым-Жомарт Тоқаев Heriot-Watt университетінің Ақтөбе қаласындағы филиалын аралап көрдіАқтөбе облысына жұмыс сапары аяс...
15/02/2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Heriot-Watt университетінің Ақтөбе қаласындағы филиалын аралап көрді

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президент жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Білім ордасында еліміздің 9 өңірінен келген 300 студент оқып жатыр. Олардың 35 пайызы ауыл мектептерінің түлегі, ал 42 пайызы әлеуметтік жағдайы төмен санаттағы отбасылардың балалары.

▪️Бұл филиал Мемлекет басшысының жоғары білім беру жүйесін қайта құру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылған.

✔️Президентке берілген мәліметке сәйкес электр энергетикасы, мұнай инженериясы және энергетикалық менеджмент, компьютерлік инженерия мамандықтары бойынша кадр даярлау ісі ағылшын тілінде жүргізіледі.

✔️Мемлекет басшысына студенттердің Heriot-Watt университетінің Малайзиядағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, Шотландиядағы филиалдарында білімін жалғастыру мүмкіндігі бар екені жөнінде мәлімет берілді. Филиал түлектері Heriot-Watt University мен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің дипломдарын бірге алады.

Ғылыми жетістіктерге арналған көрмені аралау барысында Президентке жоғары оқу орны ғалымдарының жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы әзірлемелері таныстырылды.

t.me/aqorda_resmi

15/02/2024

СТУДЕНТТЕР «DOMBYRA PARTY» ӨТКІЗДІ

Ұлттық құндылықтар мен төл өнерді насихаттау мақсатында Хериот-Уатт университеті филиалының студенттері «Dombyra Party» өткізді.
Өнерлі жастар "Балбырауын", "Адай", "Талас", "Әлқисса", "Көреғұлы", "Ерке сылқым", "Алаш аманаты" күйлерін орындады.
Халықаралық факультеттің деканы Ғалымжан Төлеушовтың айтуынша, аталмыш шара әр аптаның жұма күні сағат 11.20-да өтеді.
- Бұл игі бастаманы өткізудегі басты мақсатымыз - студенттердің ұлттық өнерге деген қызығушылығын дамыту, салт-дәстүріміз мен мәдени мұрамызды дәріптеу. Сондай-ақ, халқымыздың ұлттық аспаптарының үнімен, дәстүрлі музыкамен жайлы атмосфера орнату, - дейді ол.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

СТУДЕНТЫ ПРОВЕЛИ «DOMBYRA PARTY»

В целях пропаганды национальных ценностей и искусства студенты филиала университета Хериот-Уатт
провели «Dombyra Party».
Молодёжь исполнила такие кюи как
«Балбырауын», «Адай», «Талас», «Әлқисса»,
«Көреғұлы», «Ерке сылқым», «Алаш аманаты».
По словам декана международного факультета Галымжана Тулеушова, мероприятие будет проходить каждую пятницу в 11.20 часов.
- Наша главная цель в проведении этой доброй инициативы - развитие интереса студентов к национальному искусству, популяризация наших традиций и культурного наследия. А также мы хотим создать уютную атмосферу со звучанием национальных инструментов и традиционной музыки нашего народа, - говорит декан Хериот-Уатт.

👩🏻‍🎓👨🏻‍🎓 Студенты филиала Heriot-Watt: о поступлении в вуз, об особенностях учебного процесса и увлекательной студенческ...
15/02/2024

👩🏻‍🎓👨🏻‍🎓 Студенты филиала Heriot-Watt: о поступлении в вуз, об особенностях учебного процесса и увлекательной студенческой жизни

Address


Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Zhubanov/Heriot-Watt posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Videos

  • Want your university to be the top-listed University?

Share