04/09/2026
ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ – МАМАНДАР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ✨
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде арнайы және инклюзивті педагогика саласында мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларын жетілдіру жұмыстары жалғасуда.
Бағыттардың қатарында логопедтер мен эргопедагогтерді даярлау бар. Өткен жылы университет «Эргопедагогика» және «Эрготерапевтер» бағыттары бойынша студенттер қабылдауды жүзеге асырды.
Аталған білім беру бағдарламаларын дамыту ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеу саласында сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған.
🎥 Толығырақ – университетіміз туралы арнайы түсірілген сюжеттен көре аласыздар.
#ШҚУ #Білім #Эргопедагогика #Логопедия ИнклюзивтіБілім АрнайыПедагогика