Centre for International Programmes - Bolashaq

Centre for International Programmes - Bolashaq ХБО - «Болашақ» бағдарламасының,ғылыми тағылымдамалардың, сондай-ақ үкіметаралық гранттардың әкімшісі

АО "Центр международных программ"
администратор международной стипендии Президента Республики Казахстан "Болашак" и межправительственных грантов.

Официальная страница

Жасанды интеллект мамандарына шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған алғашқы «Болашақ» стипендиялары берілді Мемлекеттік...
19/06/2026

Жасанды интеллект мамандарына шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған алғашқы «Болашақ» стипендиялары берілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

🔗 Толығырақ: https://www.akorda.kz/kz/zhasandy-intellekt-mamandaryna-sheteldik-tagylymdamadan-otuge-arnalgan-algashky-bolashak-stipendiyalary-berildi-195617

🔹🔹🔹

Первые стипендии «Болашак» на зарубежную стажировку получили специалисты по искусственному интеллекту

Под председательством Государственного советника Ерлана Карина состоялось очередное заседание Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом.

🔗 Подробнее: https://www.akorda.kz/ru/pervye-stipendii-bolashak-na-zarubezhnuyu-stazhirovku-poluchili-specialisty-po-iskusstvennomu-intellektu-195725

19/06/2026

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ «БОЛАШАҚ» ЖӘНЕ «ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР» БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлеріне арналған ақпараттық брифинг өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламаларының мүмкіндіктері таныстырылып, конкурсқа қатысу тәртібі, іріктеу кезеңдері, үміткерлерге қойылатын талаптар және басым мамандықтар бағыттары жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ әлеуетті үміткерлерді қызықтыратын өзекті сұрақтарға жауаптар ұсынылды.

Брифинг барысында қатысушылар бағдарламалардың кәсіби және ғылыми әлеуетті арттырудағы рөліне ерекше қызығушылық танытып, шетелдік білім алу мен тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне қатысты сауалдарын қойды.

---

СОТРУДНИКАМ АКАДЕМИИ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНЫХ ОРГАНОВ ПРЕЗЕНТОВАЛИ ПРОГРАММЫ «БОЛАШАК» И «НАУЧНЫЕ СТАЖИРОВКИ»

Представители АО «Центр международных программ» провели информационный брифинг для сотрудников Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан.

В ходе встречи участникам были представлены возможности международной стипендии «Болашак» и программы «Научные стажировки». Спикеры подробно рассказали о порядке участия в конкурсном отборе, этапах отбора, требованиях к кандидатам, а также о перечне приоритетных направлений подготовки. Кроме того, были даны ответы на актуальные вопросы, представляющие интерес для потенциальных претендентов.

Участники брифинга проявили высокий интерес к программам, направленным на развитие профессионального и научного потенциала специалистов, и получили разъяснения по вопросам обучения и прохождения стажировок в ведущих зарубежных образовательных и научных центрах.

19/06/2026

Елдос Өсербаев – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі.

Ол бағдарлама аясында Түркия Республикасындағы Hacettepe University университетінде әлеуметтік ғылымдар бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп, антропология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тағылымдама барысында мәдени антропологияның өзекті мәселелерін зерделеп, халықаралық ғылыми ортада тәжірибе жинақтады.

Қазіргі уақытта Елдос Өсербаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне қарасты Жаһандық серіктестік кеңсесінің басшысы қызметін атқарады. Ол Қазақстан мен Түркияның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды дамытуға, халықаралық серіктестікті нығайтуға белсенді үлес қосып келеді.

Ғалымның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерінің мәдени антропологиясы. Ғылыми қызметі барысында ол мәдени антропология және қоғамның цифрлық трансформациясы мәселелерін зерттеп, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейдегі Scopus дерекқорларына енгізілген ғылыми басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жариялаған.

«Қазіргі қоғамның қарқынды цифрландырылуы ғылыми зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер мен кеңістіктер қалыптастыруда. Мен осы бағытты тереңірек зерттеп, цифрлық үдерістердің қоғамның мәдени келбеті мен әлеуметтік қатынастарына ықпалын зерделеумен айналысып келемін», – дейді Елдос Өсербаев.

Бағдарлама түлегінің ғылыми жолы мен жетістіктері туралы толығырақ бейнематериалда таныса аласыздар.

---

Елдос Осербаев – выпускник программы «Научные стажировки».

В рамках программы он прошел научную стажировку в университете Hacettepe University Турецкой Республики по направлению социальных наук, где занимался исследованиями в области антропологии. В ходе стажировки ученый изучал актуальные вопросы культурной антропологии и получил ценный опыт работы в международной научной среде.

В настоящее время Елдос Осербаев занимает должность руководителя Офиса глобального партнерства Департамента международного сотрудничества Казахского национального университета имени аль-Фараби. На этой позиции он активно способствует развитию академического и научного сотрудничества между ведущими университетами Казахстана и Турции, а также укреплению международных партнерских связей.

Основным направлением его научных исследований является культурная антропология тюркских государств Центральной Азии. В своей научной деятельности ученый изучает вопросы культурной антропологии и цифровой трансформации общества. Результаты его исследований опубликованы в международных научных изданиях, индексируемых в базе данных Scopus, а также в журналах, рекомендованных Комитетом по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

«Стремительная цифровизация современного общества открывает новые возможности и исследовательские пространства для науки. Я продолжаю углубленно изучать данное направление, исследуя влияние цифровых процессов на культурный облик общества и систему социальных отношений», – отмечает Елдос Осербаев.

Подробнее о научном пути и достижениях выпускника программы можно узнать в видеоматериале.

БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУҒА 1 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰСЫНЫЛДЫҚорытынды комиссияның шешімім...
16/06/2026

БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ АЛУҒА 1 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰСЫНЫЛДЫ

Қорытынды комиссияның шешімімен Қазақстан Республикасының бір азаматы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Беларусь Республикасы Білім министрлігі арасындағы Келісім аясында Беларусь Республикасының жоғары оқу орындарында білім алуға ұсынылды.

Үкіметаралық білім беру гранттарының әкімшісі ретінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үміткерлерден құжаттарды қабылдауды және конкурстық іріктеудің аралық кезеңін ұйымдастырады.

Білім беру грантын тағайындау жөніндегі түпкілікті шешім қабылдаушы тараптың құзыретінде.

Тізім «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтында жарияланды: https://bolashak.gov.kz/kz/allnews/belarus-respublikasyny-zhetekshi-zhoary-ou-oryndarynda-bilim-alu-1-azastandy-synyldy

---

1 КАЗАХСТАНЕЦ РЕКОМЕНДОВАН К ОБУЧЕНИЮ В ВЕДУЩИХ ВУЗАХ РЕСПУБЛИКИ БЕЛАРУСЬ

По решению Итоговой комиссии один гражданин Казахстана рекомендован к обучению в высших учебных заведениях Республики Беларусь в рамках Соглашения между Министерством образования и науки Республики Казахстан и Министерством образования Республики Беларусь.

АО «Центр международных программ», являясь администратором межправительственных образовательных грантов, осуществляет прием заявок и проведение промежуточного конкурсного отбора претендентов.

Окончательное решение о присуждении образовательного гранта будет принято принимающей стороной.

Список опубликован на официальном сайте АО «Центр международных программ»: https://bolashak.gov.kz/ru/allnews/1-kazahstanec-rekomendovan-k-obucheniyu-v-vedushchih-vuzah-respubliki-belarus

11/06/2026

Мира Мұратқызы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, философия докторы (PhD), Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы.

2024 жылы ғалым Түркияның Измир қаласындағы Эгей университетінің Түркі әлемін зерттеу институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама оның ғылыми қызметіндегі маңызды кезеңге айналып, зерттеу жұмыстарын тереңдетуге, шетелдік тәжірибені зерделеуге және жетекші халықаралық мамандармен кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Мира Мұратқызының ғылыми қызығушылықтары түркі халықтарының материалдық емес мәдени мұрасын, ұлттық бірегейлікті, тарихи жадты және қазіргі қоғамдағы фольклордың трансформациялану үдерістерін зерттеуге бағытталған.

Тағылымдама аясында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Эгей университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, академиялық әріптестіктің берік негізі қаланды. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде халықаралық ғылыми басылымдарда мақалалар жарияланып, жаңа зерттеу бастамалары қолға алынды. Қазіргі уақытта түркиялық әріптестермен бірлесіп түркі әлемінің мәдени-рухани мұрасын зерттеуге бағытталған халықаралық ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында бірлескен зерттеулер жүргізу, академиялық тәжірибе алмасу және ғылыми жарияланымдар дайындау көзделген.

Бүгінде Мира Мұратқызының ғылыми қоржынында 60-тан астам ғылыми жарияланым, 3 оқу құралы, 2 электрондық оқулық және ғылыми әзірлемелерге арналған 2 патент бар. Оның 15-тен астам мақаласы Scopus деректер базасында индекстелетін халықаралық журналдарда, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрген.

Тағылымдама барысында жинақталған білім мен тәжірибе университеттің білім беру үдерісіне енгізілді. Тағылымдама кезінде басталған халықаралық ынтымақтастық бүгінгі күні де жалғасуда: түркиялық ғалымдар ҚӨУ оқытушылары мен білім алушыларына дәрістер оқып, біліктілікті арттыру курстарын өткізуде, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға шетелдік кеңесші ретінде қолдау көрсетуде.

---

Мира Мұратқызы – выпускница программы «Научные стажировки», доктор философии (PhD), старший преподаватель кафедры филологии и практической лингвистики Костанайского регионального университета имени Ахмет Байтұрсынұлы.

В 2024 году ученый прошла научную стажировку в Институте исследований тюркского мира Эгейского университета (г. Измир, Турция). Стажировка стала важным этапом в ее научной деятельности, позволив углубить исследовательскую работу, изучить зарубежный опыт и установить профессиональные связи с ведущими зарубежными специалистами.

Научные интересы Миры Мұратқызы сосредоточены на исследовании нематериального культурного наследия тюркских народов, национальной идентичности, исторической памяти и процессов трансформации фольклора в современном обществе.

В рамках стажировки между Костанайским региональным университетом имени Ахмет Байтұрсынұлы и Эгейским университетом был подписан меморандум о сотрудничестве, заложивший основу для дальнейшего академического партнерства. Результатом совместной работы стали публикации в международных научных изданиях и развитие исследовательских инициатив. В настоящее время совместно с турецкими коллегами реализуется международный проект по изучению культурно-духовного наследия тюркского мира, предусматривающий проведение совместных исследований, академический обмен опытом и подготовку научных публикаций.

Сегодня в научном активе Миры Мұратқызы более 60 научных публикаций, 3 учебных пособия, 2 электронных учебника и 2 патента на научные разработки. Более 15 научных статей опубликованы в международных журналах, индексируемых в базе Scopus, а также в изданиях, рекомендованных Комитетом по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования МНВО РК.

Полученные во время стажировки знания и опыт были внедрены в образовательный процесс университета. Международное сотрудничество, начатое в период стажировки, продолжается и сегодня: турецкие ученые проводят лекции и курсы повышения квалификации для преподавателей и обучающихся КРУ, а также участвуют в подготовке магистрантов и докторантов в качестве зарубежных консультантов.

09/06/2026

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Ұлттық арнасының «Жауапты мемлекет» жобасында «Болашақ» бағдарламасы және жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер туралы арнайы сюжет жарияланды.

Бағдарламадағы жаңашылдықтар, халықаралық білім алу және кәсіби тағылымдамалар мүмкіндіктері туралы толығырақ бейнематериалда.

Сюжетті мына сілтеме арқылы көре аласыздар:
https://qazaqstan.tv/videos/220280

08/06/2026

ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ еліміздің оңтүстік өңірлерінде – Шымкент қаласы мен Түркістан облысында «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша ақпараттық брифингтер өткізді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – отандық ғалымдар мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдеріне халықаралық бағдарламалар аясында ұсынылатын мүмкіндіктер мен қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ шетелдік жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарында тәжірибе жинақтауға бағытталған бағдарламалардың тетіктерін түсіндіру.

Ақпараттық-түсіндіру кездесулері Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ұйымдастырылды. Брифингтерге профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға бағдарламаларға қатысу талаптары, құжаттарды рәсімдеу тәртібі, конкурстық іріктеу кезеңдері, шетелде оқу және ғылыми тағылымдамадан өту ерекшеліктері, сондай-ақ гранттық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.

Бүгінде аталған бағдарламалардың өңірлік деңгейдегі тиімділігі де айқын көрініс табуда. Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының мониторингтегі түлектерінің 47-сі Шымкент қаласында, 35-і Түркістан облысында еңбек етуде. Ал «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша мониторингтегі мамандардың 54-і Шымкент қаласында, 18-і Түркістан облысында өз кәсіби қызметін жалғастырып келеді.

Өңірлерде өткізілген мұндай кездесулер ғылыми әлеуетті дамытуға, халықаралық тәжірибені ел игілігіне бағыттауға және қазақстандық мамандардың жаһандық білім мен ғылым кеңістігіне кірігуіне ықпал етеді.

---

В ВУЗАХ ШЫМКЕНТА И ТУРКЕСТАНА ПРЕЗЕНТОВАЛИ МЕЖДУНАРОДНЫЕ ПРОГРАММЫ

АО «Центр международных программ» провел серию информационных брифингов в городе Шымкенте и Туркестанской области, посвященных международной стипендии «Болашак» и программе «Научные стажировки».

Основной целью мероприятий стало разъяснение возможностей, предоставляемых в рамках международных программ, а также мер государственной поддержки для отечественных ученых и представителей научно-педагогического сообщества. Особое внимание было уделено механизмам участия в программах, направленных на прохождение обучения и стажировок в ведущих зарубежных научных и образовательных организациях.

Информационно-разъяснительные встречи прошли на базах Южно-Казахстанского педагогического университета имени Ө. Жанибекова, Южно-Казахстанского университета имени М. Ауэзова и Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави. Участниками брифингов стали представители профессорско-преподавательского состава, молодые ученые, магистранты и докторанты.

В ходе встреч участникам подробно разъяснили условия участия в программах, перечень необходимых документов, этапы конкурсного отбора, особенности прохождения обучения и научных стажировок за рубежом, а также обязательства по отработке гранта. Участники также получили ответы на интересующие их вопросы.

Отдельно отмечается, что в настоящее время выпускники программы «Болашак», находящиеся на мониторинге, продолжают трудовую деятельность в регионе: в городе Шымкенте – 47 человек, в Туркестанской области – 35 человек. По программе «Научные стажировки» специалисты, состоящие на мониторинге, также осуществляют профессиональную деятельность: в Шымкенте – 54 человека, в Туркестанской области – 18 человек.

Проведение подобных мероприятий способствует повышению информированности научного сообщества, развитию кадрового потенциала регионов, а также расширению участия отечественных специалистов в международных образовательных и научных программах.

05/06/2026

Нұрмұханов Жансұлтан Қайыржанұлы – «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі.

Ол «Болашақ» халықаралық бағдарламасының грантын екі мәрте жеңіп алып, магистратура және докторантурада білім алған.

Нақтырақ айтқанда, Ұлыбританиядағы University of Warwick (Уорик университеті) оқу орнында «Educational Leadership and Management» («Білім беру жүйесіндегі көшбасшылық және менеджмент») мамандығы бойынша магистр дәрежесін сәтті аяқтаған. Одан кейін академиялық білімін жалғастырып, University of Aberdeen (Абердин университеті) докторантурасында «Political Science and International Relations» («Саясаттану және халықаралық қатынастар») бағыты бойынша PhD дәрежесін меңгерген.

Қазіргі уақытта ол Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде оқытушылық қызмет атқарып, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және жоғары білім беру сапасын арттыруға үлес қосуда. Оның ғылыми-зерттеу бағыттары білім беру жүйесін модернизациялау, халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері және заманауи басқару модельдерін жетілдірумен байланысты.

Еңбек жолында Жансұлтан Нұрмұханов орта білім беру ұйымдарын басқару саласында да тәжірибе жинақтап, білім беру менеджментінің тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған практикалық қызметпен айналысқан. Сонымен қатар ол халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға тұрақты қатысып, білім беру және саясаттану салаларында бірнеше ғылыми мақалалардың авторы болып табылады.

Жансұлтан Қайыржанұлының ғылыми әлеуеті туралы толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.

---

Нурмуханов Жансултан Каиржанович – выпускник международной стипендиальной программы «Болашак».

Он дважды становился обладателем гранта международной программы «Болашак» и проходил обучение по программам магистратуры и докторантуры.

В частности, он успешно завершил обучение в University of Warwick (Уорикский университет, Великобритания), получив степень магистра по специальности «Educational Leadership and Management» («Лидерство и управление в системе образования»). В дальнейшем он продолжил академическую подготовку в University of Aberdeen (Абердинский университет), где в докторантуре по направлению «Political Science and International Relations» («Политология и международные отношения») получил степень PhD.

В настоящее время он осуществляет преподавательскую деятельность в Западно-Казахстанском университете имени Махамбета Утемисова, внося вклад в развитие профессиональных компетенций студентов и повышение качества высшего образования. Его научные интересы охватывают вопросы модернизации системы образования, актуальные проблемы международных отношений, а также совершенствование современных моделей управления.

В ходе своей профессиональной деятельности Жансултан Нурмуханов также приобрел опыт работы в сфере управления организациями среднего образования, занимаясь практической деятельностью, направленной на формирование эффективных механизмов образовательного менеджмента. Кроме того, он является постоянным участником международных и республиканских научных конференций и автором ряда научных публикаций в области образования и политологии.

Более подробно о научном потенциале Жансултана Каиржановича можно узнать из видеоролика.

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын, ...
04/06/2026

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен абыройын, халқымыздың бірлігі мен рухани тұтастығын айшықтайтын қастерлі құндылықтар. Олар – азаттықтың асқақ рухын, елдік мұрат пен ұрпақ сабақтастығын ұлықтайтын ұлттық болмысымыздың ажырамас белгілері.

Көк байрағымыздың биікте желбіреуі – мемлекетіміздің мерейі мен мәртебесінің көрінісі. Елтаңбамыз – тарих пен тағылымның, береке мен бірліктің нышаны. Ал Әнұранымыз әрбір азаматтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін оятады.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет – елге деген құрмет. Сондықтан ұлттық нышандарымызды ардақтау, олардың мәні мен маңызын жас ұрпақтың санасына сіңіру – баршамызға ортақ міндет.

***

С Днем государственных символов Республики Казахстан!

Государственный Флаг, Герб и Гимн – это важнейшие символы Независимого Казахстана. Они отражают суверенитет государства, единство народа и преемственность поколений, а также выражают национальную идентичность, историческую память и стремление к развитию и созидательному будущему.

Флаг символизирует мир, согласие и авторитет страны на международной арене. Герб отражает единство народа, общность судьбы и благополучие. Государственный Гимн вдохновляет граждан, укрепляя чувство патриотизма, гордости за Родину и ответственности за ее будущее.

Уважение к государственным символам – это уважение к своей стране, ее истории и ценностям. Сохранение и бережное отношение к ним – общий долг каждого гражданина и залог преемственности для будущих поколений.

Address

Akmola

Opening Hours

Monday 08:00 - 17:30
Tuesday 08:00 - 17:30
Wednesday 08:00 - 17:30
Thursday 08:00 - 17:30
Friday 08:00 - 17:30

Telephone

+77172769076

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Centre for International Programmes - Bolashaq posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to Centre for International Programmes - Bolashaq:

Share