31/03/2023
2023 жылы 14 наурызда Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және
инжиниринг университеті Туризм және тілдер факультеті, Халықаралық қатынастар және
туризм кафедрасының аға оқытушысы Исаева Ләззат Нығметқызы кафедраның,
университеттің оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сай «Шет тілдер» мамандығының 1
курс студенттеріне «Саясаттану» пәнінен «Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның
қалыптасуы» тақырыбында шеберлік сағатын (тәжірибе сабағы) өткізді.
Сабақ барысында топтық жұмыс ұйымдастырылып, оқу ағыны үш топқа бөлінді.
Сабақта ойын педагогикасы әдісі, яғни «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойының үшінші туры –
«Көкпар» элементі қолданылды. Топтарға әдістің мәні мен сабақты өту ережелері, бағалау
өлшемдері түсіндірілді. Сабақтың соңында ең көп ұпай жинаған топтың «көшбасшы топ»
ретінде анықталатындығы айтылды.
Топтарға берілген тапсырмалардың тақырыптары мемлекет туралы теориялар,
мемлекеттің сипаттамалары, мемлекеттің түрлері, мемлекет және қоғам туралы болды.
Топтар өздерінің таңдаған сұрақтары бойынша тапсырмаларды орындап, жауап берді.
Сұрақтар негізінен ашық сұрақтар түрінде болды. Оларға жауап беру арқылы топтар ұпай
жинады және тақырыпты талдады. Топтарға әр жауап берген сұрақтарының тұсында
көрсетілген ұпайлары бойынша ұпайлар қойылып, қорытындылар жасалды.
Тәжірибелік сабақ өз мақсатына жетті, студенттердің білімі сабақтың басында
анықталған критерийлер бойынша бағаланды.