29/07/2026
📣28 шілде күні Yessenov University базасында Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын ілгерілетуге арналған республикалық ғылыми-сараптамалық іс-шара өтті🇰🇿
Кездесу барысында Конституция қағидаттарын насихаттау, құқықтық мәдениетті дамыту, заң үстемдігін нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара аясында Маңғыстау облысы ПД Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция подполковнигі Сейітхасан Ақәділ Азызбекұлы «Миранда ережесі» тақырыбында баяндама жасап, азаматтардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетіктеріне тоқталды. Сондай-ақ Yessenov University-дің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Ренат Нұрлыбекұлы Шайхаденов «Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің бастауы» тақырыбында баяндама ұсынып, Ата Заңның қоғам дамуы мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөліне назар аударды.
Шараға профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар мен сарапшылар қатысып, Конституция құндылықтарын қоғамда кеңінен дәріптеу және осы бағыттағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
_____________________________
📣28 июля на базе Yessenov University состоялось республиканское научно-экспертное мероприятие, посвященное продвижению ценностей Конституции Республики Казахстан🇰🇿
В ходе встречи участники обсудили вопросы популяризации конституционных принципов, развития правовой культуры, укрепления верховенства закона и повышения гражданской ответственности.
С докладом на тему «Правило Миранды» выступил старший следователь по особо важным делам Следственного управления ДП Мангистауской области, подполковник полиции Сейтхасан Акадил Азызбекулы. О роли Конституции в развитии общества и укреплении правового государства рассказал руководитель антикоррупционной комплаенс-службы Yessenov University Ренат Нурлыбекович Шайхаденов, представив доклад на тему «Новая Конституция — начало нового этапа».
В мероприятии приняли участие профессорско-преподавательский состав, молодые ученые и эксперты, выразив готовность к дальнейшему сотрудничеству в деле популяризации конституционных ценностей и укрепления правовой культуры в обществе.