19/03/2026
🔹️ЖАС МАМАНДАР АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ🔹️
🔹️Әдістемелік бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес жас мамандар апталығының іс-шаралар аясында «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2026» анықтап, 8-НАУРЫЗ Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыстық білім басқармасы басшысы атынан алғыс және құрмет грамотасын алған әкімшілік құрам қызметкерлерді, оқытушыларды және кіші қызметкерлерді марапаттау сәті болып өтті
🔹️Апта бойы жас мамандар кәсіби шеберліктерін шыңдап, ашық сабақтар, танымдық шаралар, интеллектуалдық ойындар мен шығармашылық кездесулер арқылы өздерінің жаңашыл идеялары мен белсенділіктерін көрсете білді.
🔹️Әр күн жаңа тәжірибе, тың бастама және шығармашылық ізденіске толы болды. Жас педагогтердің білім беру саласына деген құлшынысы мен жауапкершілігі айқын көрінді.
🔹️Апталық аясында «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2026» анықталып, белсенділік танытып, ерекше көзге түскен жас мамандар әр түрлі номинациялармен марапатталып, еңбектері бағаланды.
🔹️Атап өтер болсақ, Мырзаева Айымгул Абайқызы - «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2026» атанды;
ШЫҒАРМАШЫЛ ПЕДАГОГ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ САБАҚ ШЕБЕРІ, ҮЗДІК ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМ және т.б. номинацияларды жас мамандар иеленді.
🔹️Жас мамандарға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!
#ЖасМамандарАпталығы
#Наурыз2026
#КолледжӨмірі
#Педагогтар
#БілімБерудегіЖаңалық
АқтауКолледжі
ҰлттықҚұндылықтар
Маңғыстау облысының білім басқармасы
Маңғыстау Тжкб Дамыту Орталығы
Амантаи Кумбаев
Талгат Утебаев
Мирсат Измухамедов
Білім Департаменті