Zhubanov University

Zhubanov University 🏛️ БАТЫС ӨҢІРІНДЕГІ №1 УНИВЕРСИТЕТ

🏛️ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және «Заман біздікі» ИЭО еліміздің барлық өңірінен пікірсайысшыларды т...
21/09/2026

🏛️ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және «Заман біздікі» ИЭО еліміздің барлық өңірінен пікірсайысшыларды турнирге шақырады.

Турнир «Альфа» және «Бета» лигалары бойынша АПФ және ЛД форматтында өтеді. Әр фракция құрамында кемінде бір бакалавриат студенті болуы міндетті. Турнир қарарлары басталуына бір апта қалғанда жарияланады.

Жүлде қоры – 1 500 000 теңге. Сонымен қатар «Үздік спикер», «Үздік төреші», «Үздік контент», «Үздік гид» және «Жастар финалының жеңімпазы» арнайы номинациялары бойынша ақшалай сыйлықтар қарастырылған.

Турнирдің тіркелуі, қарарлары, жаңалықтары мен нәтижелері туралы ақпаратты Instagram: .ieo және Telegram: парақшаларынан біле аласыздар.

18/09/2026

ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ДӘРІС ОҚУДА

Жұбанов университетіне шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында Сербиядан Марко Петрович пен Түркиядан профессор Семра Гюнай келіп, тарих және география факультетінің «География және туризм» кафедрасындағы білім беру үдерісіне қатысуда.

Шетелдік ғалымдар 2026 жылғы 14–27 қыркүйек аралығында «Туризм» білім беру бағдарламасы студенттеріне дәріс оқып, ғылыми-зерттеу және кәсіби тәжірибелерімен бөліседі.

Марко Петрович - Сербия Ғылым және өнер академиясының «Йован Цвийич» география институтының Әлеуметтік география бөлімінің бас ғылыми қызметкері, сондай-ақ АҚШ-тағы Висконсин университетінің құрметті ғылыми қызметкері. Ғалым адам географиясы, ауылдық аумақтарды дамыту және туризм салаларын зерттейді. Оның ғылыми-зерттеу бағыттарына туризмнің географиялық аспектілері, ауылдық аумақтарды дамыту, агротуризм, туризмнің аумақтарға әсерін бағалау, жергілікті қауымдастықтарға негізделген экономикалық жоспарлау, туризмнің кеңістіктік аспектілері, геомұра және туризм, сондай-ақ ғылыми зерттеу әдіснамасы жатады. Ғалымның Хирш индексі Web of Science базасында – 21, ал Scopus базасында – 22.

Семра Гюнай – Түркиядағы Anadolu University университетінің Туризм факультетінің профессоры. Оның ғылыми қызығушылықтары әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, география, адам географиясы, туризм және қонақ үй менеджменті, демография, ауыл шаруашылығы және географиялық ақпараттық жүйелер бағыттарын қамтиды. Ғалымның 208 ғылыми жарияланымы бар. Оның ішінде Web of Science базасында – 33, Scopus базасында – 31 жарияланым индекстелген. Хирш индексі Web of Science және Scopus базаларында – 8.

CHATGPT EDU ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫЖұбанов университетінде жоғары білім беру жүйес...
18/09/2026

CHATGPT EDU ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жұбанов университетінде жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті. Іс-шара барысында ChatGPT компаниясының өкілі Нұржан Әбдіразақов университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне ChatGPT Edu платформасының жоғары білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, заманауи жасанды интеллект құралдарын білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне кіріктірудің перспективаларын таныстырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жасанды интеллектіні оқу үдерісіне тиімді әрі жауапты енгізу, оқытушылар мен зерттеушілердің күнделікті жұмысын жеңілдететін цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін көрсету және академиялық ортада AI технологияларын қолданудың жаңа бағыттарын талқылау.

Айта кетейік, Жұбанов университетіне ChatGPT Edu платформасын пайдалану үшін 700 лицензия берілді. Қазіргі таңда университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби қызметінде қолдану бағыттарын меңгеріп, платформаның функционалдық мүмкіндіктерін тәжірибеде пайдалана бастады.

Кездесу барысында ChatGPT Edu платформасының оқу үдерісіндегі практикалық мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылып, жасанды интеллектті тиімді пайдалану жолдары көрсетілді. Сонымен қатар платформа ғылыми-зерттеу қызметінде де жаңа мүмкіндіктер ұсынатыны атап өтілді.

ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ15 қыркүйек – Отбасы күніне орай білім алушылардың әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарын қалыптасты...
14/09/2026

ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ

15 қыркүйек – Отбасы күніне орай білім алушылардың әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, отбасылық тәрбие институтының маңызын насихаттау және қоғамдағы өзара жауапкершілік қағидаттарын нығайту мақсатында тағылымдық кездесу ұйымдастырылды.

Білім алушылар бір шаңырақ астына әртүрлі өмірлік жағдайлар мен тағдыр жолдарымен келген балаларды тәрбиелеп отырған Жетесовтер отбасымен жүздесті. Бұл отбасыда қазіргі таңда 28 бала ата-ана мейірімі мен қамқорлығына бөленіп, біртұтас отбасының мүшесіне айналған.

Кездесу барысында отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, әлеуметтік-педагогикалық қолдау мәселелері талқыланды.

Аталған кездесу жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, гуманистік құндылықтарды орнықтыруға және отбасы институтының қоғамдағы мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ “БОЛАШАҚҚА” ЖОЛДАМА АЛДЫ«Қаржы» білім беру бағдарламасының 2026 жылғы түлегі  Батыржан  Сапарғали хал...
27/08/2026

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІ “БОЛАШАҚҚА” ЖОЛДАМА АЛДЫ

«Қаржы» білім беру бағдарламасының 2026 жылғы түлегі Батыржан Сапарғали халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Ол The University of Edinburgh университетінің MSc Finance and Investment магистратура бағдарламасында білімін жалғастырады.

Батыржанның білім жолында сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІ – ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТАҢДАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОО ҚАТАРЫНДАЖұбанов университеті мемлекеттік білім беру гр...
26/08/2026

ЖҰБАНОВ УНИВЕРСИТЕТІ – ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТАҢДАУЫНДАҒЫ ҮЗДІК ЖОО ҚАТАРЫНДА

Жұбанов университеті мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің таңдауы бойынша гранттар ең көп бөлінген еліміздегі ТОП-20 жоғары оқу орнының қатарына енді. Бұл көрсеткіш талапкерлер тарапынан университеттің білім беру бағдарламаларына сұраныстың жоғары екенін және маман даярлау бағыттарының өзектілігін көрсетеді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде де университеттің көрсеткіші жоғары: магистратура бойынша мемлекеттік гранттар бөлінген ТОП-15 жоғары оқу орнының қатарынан орын алды. Бұл нәтиже білім беру бағдарламаларын жетілдіру, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау және білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Ғылымдағы серіктестік - жаңа мүмкіндіктер кезең.
24/08/2026

Ғылымдағы серіктестік - жаңа мүмкіндіктер кезең.

Спикер - Саясат Нұрбек, ҚР ғылым және жоғары білім министрі.------...

ҒАЛЫМ АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫНЫҢ БҰРЫН ЖАРИЯЛАНБАҒАН ЕҢБЕКТЕРІ ЖАРЫҚ КӨРДІАмангелді Айталы – Жұбанов университетінің ғылымында ...
24/08/2026

ҒАЛЫМ АМАНГЕЛДІ АЙТАЛЫНЫҢ БҰРЫН ЖАРИЯЛАНБАҒАН ЕҢБЕКТЕРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Амангелді Айталы – Жұбанов университетінің ғылымында өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері. Оның ұлттық діл, қоғамдық сана мен қазақ қоғамының болмысына қатысты бұрын жарық көрмеген еңбектері «Ділтану» жинағы болып оқырманға жол тартты. Кітаптың алғашқы данасын Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ғалымның жұбайы Гүлжан Сүйінбайқызына табыстады. Ғалымның ғылыми мұрасын жинақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге қолдау білдірген өңір басшысына және осы іске атсалысқан азаматтарға алғысымды білдіремін.

Амангелді Әбдірахманұлының Жұбанов университетімен байланысы біз үшін айрықша. Университет кітапханасында ғалымға арналған арнайы бұрыш жасақталып, өзі пайдаланған жұмыс үстелі, кітаптары мен жеке заттары сол қалпында сақталып тұр. Бұл – университетіміздің ғылыми тарихының бір бөлігі және кейінгі буынға қалған тағылым.

«Ділтанудың» жарық көруі – ғалым еңбектерін жинақтау ғана емес, оның ғылыми ойларын қайта оқып, зерттеуге мүмкіндік беретін маңызды қадам. Амангелді Айталының мұрасы оқылып, зерттелген сайын оның ғылымға қалдырған ой мектебі де жалғаса береді.

Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөні...
10/08/2026

Отандық өндірісті дамыту және импортты алмастыру: Президенттің отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейту жөніндегі тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

Отандық тауар өндірушілерді қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкімет ішкі ө....

Address

проспект Алии Молдагуловой, 34
Aktobe
030000

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 08:30 - 18:00
Wednesday 08:30 - 18:00
Thursday 08:30 - 18:00
Friday 08:30 - 18:00

Telephone

+77132543974

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Zhubanov University posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share