Kazakh National Women's Teacher Training University

Kazakh National Women's Teacher Training University QyzPU
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ресми парақшасы

📣 Құрметті профессор-оқытушылар мен студенттер!📚 2026 жылғы 25–26 қыркүйекте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университ...
22/09/2026

📣 Құрметті профессор-оқытушылар мен студенттер!

📚 2026 жылғы 25–26 қыркүйекте Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде IV Орталық Азия неміс тілі мұғалімдері мен оқытушыларының форумы өтеді!

Жиынға Германия, Австрия, Орталық Азия елдерінің дипломаттары, DAAD, Гёте-Институт өкілдері және Еуропаның жетекші ғалымдары қатысады.

📎 Форумның негізгі бағыттары:
• «Орталық Азиялық Erasmus»: Академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары;
• Жасанды интеллект және цифрландыру: Генеративті ЖИ мен медиадидактиканы оқу үдерісіне енгізу бойынша шеберлік сабақтары;
• 2030 жылға дейінгі стратегия: Аймақтық Жол картасы мен «Deutsch für Kasachstan» жаңа оқулықтар желісін таныстыру.

📍 Өтетін орны: Гоголь көшесі, 114 Акт залы
⏰ Уақыты: 25 қыркүйек, сағат 09:30

——————————

📣 Уважаемые преподаватели и студенты!

📚 25–26 сентября 2026 года в Казахском национальном женском педагогическом университете состоится IV Центральноазиатский форум преподавателей немецкого языка!

В мероприятии примут участие дипломаты Германии, Австрии и стран Центральной Азии, представители DAAD и Гёте-Института, а также ведущие ученые Европы.

📎 Основные направления форума:
• «Центральноазиатский Erasmus»: Академическая мобильность, программы двойных дипломов;
• Искусственный интеллект и цифровизация: Мастер-классы по интеграции генеративного ИИ и медиадидактики в учебный процесс;
• Стратегия до 2030 года: Презентация региональной Дорожной карты и новой линейки учебников «Deutsch für Kasachstan».

📍 Место проведения: ул. Гоголя, 114, Актовый зал
⏰ Начало: 25 сентября в 09:30

🖌️ QyzPU оқытушылары Swift тілін меңгеріпApple сертификатын алды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға о...
22/09/2026

🖌️ QyzPU оқытушылары Swift тілін меңгеріп
Apple сертификатын алды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушылары – Жұлдыз Базаева мен Айнұр Базарбаева Apple компаниясының білім беру бағдарламасы аясында кәсіби сертификаттаудан сәтті өтіп, халықаралық деңгейдегі ресми сертификаттарға ие болды.
Оқытушылар iTeacher Academy – Apple Authorized Reseller компаниясының негізін қалаушы Юлия Андрееваның қолдауы мен ықпалымен арнайы оқу курсына қатысып, Swift программалау тілін және мобильді қосымшаларды әзірлеудің заманауи әдістерін меңгерді.
Сертификаттау барысында алған жаңа білімдері мен дағдыларын оқытушылар бүгінде оқу процесінде белсенді қолданып келеді. Сабақ барысында студенттерге код жазу процесін интерактивті түрде көрсетіп, нақты уақыт режимінде мобильді қосымшалардың прототиптерін әзірлеуге мүмкіндік беруде.
Swift – iOS, macOS және iPadOS платформаларына арналған қосымшалар әзірлеуде кеңінен қолданылатын заманауи программалау тілдерінің бірі. Оны меңгеру студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіріп, мобильді қосымшалар әзірлеу бағытындағы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Оқу бағдарламасының заманауи ерекшеліктерінің бірі – жасанды интеллект құралдарын пайдалану. Swift ортасындағы ЖИ ассистенті пайдаланушы сипаттаған идея негізінде бастапқы код пен қосымшаның құрылымын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл студенттердің программалау процесін тәжірибе арқылы меңгеруіне мүмкіндік береді.
Аға оқытушы Жұлдыз Базаева «Apple-дің халықаралық стандарттарына сай білім алып, сертификат иегері атану оқу процесін жаңа деңгейге көтеруге жол ашты. Қазірдің өзінде бұл заманауи тәсілдерді сабақ барысында студенттерге үйретіп, тәжірибеде қолданып жатырмыз. Swift программалау тілін меңгеру студенттеріміздің мобильді қосымшалар әзірлеу бағытындағы практикалық дағдыларын жетілдіріп, олардың IT саласындағы кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді», – деп, халықаралық сертификаттаудың маңызын атап өтті.
Оқытушылардың халықаралық сертификат алуы – университетте цифрлық педагогиканы дамыту, білім беру процесіне заманауи IT құралдарын енгізу және студенттердің практикалық құзыреттерін арттыру бағытындағы жұмыстардың табысты нәтижелерінің бірі.

————————-

🖌️ Преподаватели QyzPU освоили язык Swift и получили сертификаты Apple

Старшие преподаватели Казахского национального женского педагогического университета – Жулдыз Базаева и Айнур Базарбаева успешно прошли профессиональную сертификацию в рамках образовательной программы компании Apple и получили официальные сертификаты международного уровня.
Преподаватели при поддержке и содействии основателя компании iTeacher Academy – Apple Authorized Reseller Юлии Андреевой приняли участие в специальном учебном курсе, в рамках которого освоили язык программирования Swift и современные методы разработки мобильных приложений.
Полученные в ходе сертификации знания и навыки преподаватели уже активно применяют в образовательном процессе. На занятиях они в интерактивном формате демонстрируют студентам процесс написания кода и вместе с ними разрабатывают прототипы мобильных приложений в режиме реального времени.
Swift – один из современных языков программирования, широко используемых для разработки приложений для платформ iOS, macOS и iPadOS. Его освоение способствует совершенствованию практических навыков студентов и расширяет их профессиональные возможности в сфере разработки мобильных приложений.
Одной из современных особенностей среды Swift является использование инструментов искусственного интеллекта. ИИ-ассистент помогает на основе описанной пользователем идеи сформировать исходный код и структуру приложения. Это позволяет студентам осваивать процесс программирования на практике.
Старший преподаватель Жулдыз Базаева отметила важность международной сертификации:
«Обучение в соответствии с международными стандартами Apple и получение сертификата позволили вывести образовательный процесс на новый уровень. Уже сейчас мы обучаем студентов современным подходам и применяем их на практике во время занятий. Освоение языка программирования Swift способствует развитию практических навыков наших студентов в области разработки мобильных приложений и расширяет их профессиональные возможности в IT-сфере».
Получение международных сертификатов преподавателями является одним из результатов работы университета по развитию цифровой педагогики, внедрению современных IT-инструментов в образовательный процесс и повышению практических компетенций студентов.

22/09/2026
QyzPU оқытушылары Apple технологиялары бойынша біліктілігін арттырды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрл...
22/09/2026

QyzPU оқытушылары Apple технологиялары бойынша біліктілігін арттырды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі - Баспасөз орталығы

QyzPU оқытушылары Apple технологиялары бойынша біліктілігін арттырдыҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушылары, PhD доктор Жұлдыз Базаева мен А...

🖌️ QyzPU ректоры Science Summit 2026 шарасына қатысуда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төраға...
22/09/2026

🖌️ QyzPU ректоры Science Summit 2026 шарасына қатысуда

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өтіп жатқан Science Summit 2026 шарасына қатысуда.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ICESCO ұйымдастырған жоғары деңгейдегі халықаралық диалог барысында ғылым мен инновацияның жаһандық сын-қатерлерді шешудегі рөлі, инновация, технологияларға тең қолжетімділік, климаттың өзгеруі, ғылыми әлеуетті арттыру және халықаралық әріптестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ICESCO Бас директоры, доктор Салим Әл-Малик, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Қазақстанның ЮНЕСКО және ICESCO істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары Ержан Ашықбаев, БҰҰ-ның Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық жөніндегі кеңсесінің директоры Дима Әл-Хатиб, сондай-ақ жетекші халықаралық ғылыми ұйымдар мен университеттердің өкілдері қатысты.

Халықаралық сарапшылар бас қосқан алаңда ғылым дипломатиясы мен трансшекаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңызына ерекше назар аударылды. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі, жасанды интеллект, технологиялық даму және тұрақты даму сияқты мәселелер бүгінде халықаралық қоғамдастықтың ортақ күн тәртібіне айналып отыр.

Осындай халықаралық диалогтарға қатысу QyzPU-дың әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігімен байланысын нығайтып, халықаралық серіктестікті кеңейтуге, бірлескен зерттеулер мен академиялық ұтқырлықты дамытуға ықпал етеді.

————————

🖌️ Ректор QyzPU принимает участие в Science Summit 2026

Председатель Правления – Ректор Казахского национального женского педагогического университета Бейбиткуль Каримова принимает участие в мероприятии Science Summit 2026, проходящем в Нью Йорке в рамках 81-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН.

В ходе международного диалога высокого уровня, организованного Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан совместно с ICESCO, обсуждались роль науки и инноваций в решении глобальных вызовов, ответственное развитие инноваций, равный доступ к технологиям, изменение климата, укрепление научного потенциала и расширение международного сотрудничества.

В мероприятии приняли участие Генеральный директор ICESCO доктор Салим Аль-Малик, первый заместитель Министра иностранных дел Республики Казахстан, заместитель председателя Национальной комиссии Республики Казахстан по делам ЮНЕСКО и ICESCO Ержан Ашикбаев, директор Управления ООН по сотрудничеству Юг-Юг Дима Әл-Хатиб, а также представители ведущих международных научных организаций и университетов.

На площадке, объединившей международных экспертов, особое внимание было уделено значению научной дипломатии и трансграничного научного сотрудничества. Такие вопросы, как изменение климата, продовольственная безопасность, искусственный интеллект, технологическое развитие и устойчивое развитие, сегодня стали частью общей повестки международного сообщества.

Участие в международных диалогах такого уровня способствует укреплению связей QyzPU с мировым научно-образовательным пространством, расширению международного партнерства, развитию совместных исследований и академической мобильности.

📣 Құрметті докторанттар!🔹 Сіздерді 2026 жылғы 21 қыркүйек мен 6 қараша аралығында өтетін интенсивті ғылыми семинарлар се...
22/09/2026

📣 Құрметті докторанттар!

🔹 Сіздерді 2026 жылғы 21 қыркүйек мен 6 қараша аралығында өтетін интенсивті ғылыми семинарлар сериясына шақырамыз!

Семинардың басты бағыттары:
● Ғылыми зерттеу методологиясы: Академиялық жазылым, гипотеза құру және зерттеу дизайны.
● Халықаралық дерекқорлармен жұмыс: Scopus және Web of Science журналдарына мақала дайындау.
● Деректерді өңдеу мен талдау: Заманауи ғылыми-зерттеу бағдарламаларын меңгеру.

🖌️ Курс ғылыми-зерттеу жұмысын заманауи талаптарға сай жүргізуге және зерттеушілік әлеуетіңізді арттыруға мүмкіндік береді.

————————-

📣 Уважаемые докторанты!

🔹 Приглашаем вас принять участие в серии интенсивных научных семинаров, которые пройдут в период с 21 сентября по 6 ноября 2026 года.

Основные направления семинара:
● Методология научных исследований: академическое письмо, формулирование гипотезы и разработка дизайна исследования.
● Работа с международными базами данных: подготовка публикаций для журналов, индексируемых в Scopus и Web of Science.
● Обработка и анализ данных: освоение современных инструментов и программного обеспечения для научных исследований.

🖌️ Курс направлен на развитие исследовательских компетенций и проведение научного поиска в соответствии с современными международными стандартами.

🖌️ Кэвэн колледжімен ынтымақтастық Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Цзянсу педагогикалық университетіні...
21/09/2026

🖌️ Кэвэн колледжімен ынтымақтастық

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Цзянсу педагогикалық университетінің Кэвэнь колледжі (Jiangsu Normal University Kewen College) делегациясымен кездесу өтті.

Қытай делегациясын Қытай Коммунистік партиясы комитетінің хатшысы Лю Сяолянь бастап келді. Делегация құрамында Экономика мектебінің деканы Шэнь Шань, Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары мектебінің деканы Хоу Цзяйюй, Менеджмент мектебі деканының орынбасары Чжао Цзюньян және Халықаралық ынтымақтастық және алмасу департаментінің өкілі Ли Юэ болды.

QyzPU тарапынан кездесуге Басқарма мүшесі – Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Ернар Тоқтыбаев, Филология факультетінің деканы Айгүл Сәтбекова және Стратегиялық даму департаментінің директоры Нұрболат Құдайбергенов қатысты.

Кездесу барысында екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, студенттер мен оқытушылар алмасуын кеңейту, бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Кездесудің маңызды нәтижесі – QyzPU мен Jiangsu Normal University Kewen College арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға және Жобалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы.

Құжаттар аясында студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильдігін дамыту, семестрлік және қысқа мерзімді алмасу бағдарламаларын, тағылымдамалар мен жазғы мектептерді ұйымдастыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу көзделеді. Атап айтқанда, 2+2 және 3+1 форматындағы бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Ынтымақтастықтың басым бағыттары қатарында қытай тілі мен филологиясы, педагогика, экономика, менеджмент, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салалары белгіленді.

Сонымен қатар студенттердің Қытайда тілдік және кәсіби тағылымдамадан өтуі, қытай тілін практикалық ортада меңгеруі, бірлескен ғылыми жобалар мен жарияланымдар әзірлеу мәселелері талқыланды.

———————-

🖌️ Сотрудничество с Колледжем Кэвэнь

В Казахском национальном женском педагогическом университете состоялась встреча с делегацией Колледжа Кэвэнь Цзянсуского педагогического университета (Jiangsu Normal University Kewen College).

Китайскую делегацию возглавила секретарь Комитета Коммунистической партии Китая Лю Сяолянь. В состав делегации также вошли декан Школы экономики Шэнь Шань, декан Школы гуманитарных и естественных наук Хоу Цзяюй, заместитель декана Школы менеджмента Чжао Цзюньян и представитель Департамента международного сотрудничества и обмена Ли Юэ.

Со стороны QyzPU во встрече приняли участие член Правления – проректор по инфраструктурному развитию Ернар Токтыбаев, декан филологического факультета Айгуль Сатбекова и директор Департамента стратегического развития Нурболат Кудайбергенов.

В ходе встречи стороны обсудили развитие академического и научного сотрудничества, расширение обмена студентами и преподавателями, а также реализацию совместных образовательных и исследовательских проектов.

Важным результатом встречи стало подписание Меморандума о сотрудничестве и Соглашения о проектном сотрудничестве между QyzPU и Jiangsu Normal University Kewen College.
Документы предусматривают развитие академической мобильности студентов и преподавателей, организацию семестровых и краткосрочных обменных программ, стажировок и летних школ, а также разработку совместных образовательных программ. В частности, стороны обсудили возможность реализации программ в форматах 2+2 и 3+1.

Приоритетными направлениями сотрудничества определены китайский язык и филология, педагогика, экономика, менеджмент, социально-гуманитарные науки, информационные технологии и искусственный интеллект.

Кроме того, стороны обсудили возможности прохождения студентами языковых и профессиональных стажировок в Китае, совершенствования китайского языка в практической среде, а также подготовки совместных научных проектов и публикаций.

🖌️ Қазақ-қырғыз ғылыми ынтымақтастығы: Тіл біліміндегі жаңа бағыттар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғ...
21/09/2026

🖌️ Қазақ-қырғыз ғылыми ынтымақтастығы: Тіл біліміндегі жаңа бағыттар

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары Қырғызстандағы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде көрнекті ғалым, лексиколог, библиограф, филология ғылымдарының докторы, профессор Шералы Жапаровтың 90 жылдығына арналған «Профессор Ш. Жапаровтың қырғыз тіл біліміне қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Халықаралық ғылыми жиын Қырғыз Республикасы Президентінің «Ұлттық рух – әлемдік биіктік» тұжырымдамалық бағытын іске асыруға және қырғыз тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 37 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

QyzPU атынан филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Н. Ермекова және Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. С.А. Асанбаева арнайы шақыртумен қатысты.

Басқосуда қазіргі қазақ және қырғыз тіл біліміндегі жаңа бағыттағы зерттеулер, түркі тілдерінің өзара сабақтастығы, тілтану ғылымының өзекті мәселелері және білім берудегі заманауи бағыттар талқыланды.

Конференция аясындағы пікір алмасулар қазақ-қырғыз ғалымдарының кәсіби байланысын нығайтып, ортақ ғылыми бастамаларды дамытуға ықпал етті.

————————-

🖌️ Казахстанско-кыргызское научное сотрудничество: новые направления в языкознании

Учёные Казахского национального женского педагогического университета приняли участие в международной научно-практической конференции «Вклад профессора Ш. Жапарова в развитие кыргызского языкознания», посвящённой 90-летию выдающегося учёного, лексиколога, библиографа, доктора филологических наук, профессора Шералы Жапарова. Конференция состоялась в Кыргызском государственном университете имени И. Арабаева.

Научный форум был организован в рамках реализации концептуального направления Президента Кыргызской Республики «Национальный дух – мировая высота», а также к 37-летию со дня принятия кыргызского языка в качестве государственного.

QyzPU на конференции представили доктор филологических наук, профессор Т.Н. Ермекова и заведующая кафедрой теории и методики казахского языкознания, кандидат филологических наук, и.о. профессора С.А. Асанбаева. Они приняли участие в мероприятии по специальному приглашению.

В ходе конференции были рассмотрены новые направления исследований в современном казахском и кыргызском языкознании, вопросы взаимосвязи тюркских языков, актуальные проблемы языкознания, а также современные тенденции в сфере образования.

Обсуждения и обмен мнениями способствовали укреплению профессиональных связей между казахстанскими и кыргызскими учёными и развитию совместных научных инициатив.

19/09/2026

Бүгінгі алғашқы қадам – ертеңгі үлкен тарихтың бастауы.
QyzPU-ға қош келдіңіздер! 🤍

#ПарасатқаАпарарЖол

19/09/2026

Студенттік өмірдің ең әдемі сәттерінің бірі — «Парасатқа апарар жол» ✨

Address

Улица Гоголя, 114 к1
Almaty
050026

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77272370065

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Kazakh National Women's Teacher Training University posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to Kazakh National Women's Teacher Training University:

Shortcuts

Share