15/12/2025
Құрметті әріптестер, оқытушылар және студенттер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — мемлекетіміздің еркіндігі мен егемендігін, халқымыздың бірлігі мен тұрақты даму жолындағы берік ұстанымын айқындайтын аса маңызды мереке. Тәуелсіздік күні — ел тарихындағы тағдырлы белес, халқымыздың бостандығы мен әлемдік қауымдастықтағы абырой-беделін айшықтайтын, отансүйгіштік рухты нығайтатын қасиетті күн.
Осы айтулы мереке әрқайсымызды ел дамуына үлес қосуға, бірлік пен ынтымақты сақтауға, ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге үндейді. Баршаңызға бейбітшілік пен береке, зор денсаулық, табысты еңбек және жарқын болашаққа деген нық сенім тілеймін.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!