04/01/2025
Баешова А.К., әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университеті, жалпы
және бейорганикалық химия
кафедрасының профессоры, техника
ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты
ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА БАСТАМАЛАР
Қазақстан Республикасы Президентінің 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында халықтың игілігіне бағытталған көптеген тақырыптар қозғалып отыр. Атап айтатын болсақ, Президенттің басшылығымен және қадағалауымен «күрделі болса да, жүйелі экономикалық реформалар» қолға алынғаны, алдағы бес жылдық дамуымызға берік негізідердің қаланғаны туралы айтылып отыр. Осы бағытта көптеген маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылған. Келешекке құрылған жоспарлар да аса ауқымды, көрнекті.
Біз, ғылым мен білім саласындағы қызметкелер, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары Президенттің, ел үкіметінің қамқорлығын сезіп те, біліп те жүрміз. Соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі арта түсті, осының нәтижесінде бірқатар ғылыми идеялар іске асырылып, коммерцияландыру деңгейіне жеткізілді. Жас мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында да жасалған маңызды істер аз емес. Жыл сайын оларға шет елдерде, атақты, абыройы жоғары университеттерде тағылымдалардан өтуге мүмкіндіктер берілуде, демек, білімді, болашаққа сенімді көзбен қарайтын жас мамандар саны көбеюде. Ал олар, өз кезегінде, кейінгі жастарға, жасөспірімдерге берері мол болады. Сонымен ұрпақтар сабақтастығы жалғасуда деп айта аламыз.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына сөздеріне назар аударсақ: «Қазір әлемде бұрын-соңды болмаған аса күрделі геосаяси ахуал қалыптасып отыр. Соған қарамастан, Қазақстан бейбітшілік үшін диалог орнату жолында тиімді рөл атқаратын мемлекет ретінде халықаралық аренадағы позициясын күшейтті. Бұл жағдай еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экономикамызды орнықты дамытуға септігін тигізеді». Бұл сөздер, бір қарағанда, тек саяси мәселелерді қозғап отырғандай болып көрінеді. Десе де, қандай да болмасын саяси мәслелерді шешетін халық, мамандар болып табылады. Сондықтан, ең алдымен, еліміздегі барлық бастамалар, реформалар, халық игілігіне бағытталса, жастарға білім алуға, жеке тұлға ретінде дамуға жол ашылса, жағдайлар жасалса, олар да, өз кезегінде, патриоттық сезімгн бөленіп, елі үшін, жері үшін қызмет жасайтыны анық. Осы көзқарастарды біріктіріп тұжырымдасақ, Ел Президентінің халыққа деген қамқоры, халық игілігіне бағытталған жаңа бастамаларының барлығы еліміздің нығая түсуіне, жарқын болашаққа сеніммен, нық басып жүруіне септігін тигізетіні де айқын көрінеді.
Еш болмаса, осы өткен, 2024 жылда болған оқиғаларды қысқаша шолып өтсек, көптеген игі істерді байқауға болады. Мысалы, су тасқыны болып, қанша адамдар үйсіз, панасыз қалғанда, билік қарап қалмады. Тез арада жаңадан үйлер салынды, қанша жанұялар баспанаға ие болып, қуанышқа бөленді.
Игі істерді тізіп қарасақ, аз емес. Қоршаған ортаның ақуалына, тазалығына бейқам қарамайтын адамдар үшін "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы да өте маңызды іс-шара болып табылады. Игі бастама барлық өңірді қамтыды. Осы акция жөніндегі Президентіміздің пікірін тыңдасақ:
"Таза Қазақстан" акциясы қоғамға экологиялық мәдениеттің жаңа талаптарын енгізу идеясынан бастау алады. Халықтың бұл бастамаға барынша қолдау білдіргеніне тәнтімін. Әсіресе, жастарға ризашылығымды білдіргім келеді. Қазақстан азаматтары мұның кезекті бір науқан емес, озық ойлы қоғам қалыптастыру жолындағы идеологиялық платформа екенін түсінді.
Біз, түптің түбінде, табиғаттың байлығына және күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге немқұрайлы қарайтын жағымсыз әдеттен біржола арылуымыз қажет. Тазалықты сақтау және табиғатты аялау - ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Өркениетті елдердің бәрі осыны ұстанады». "Таза Қазақстан" идеясы ұлттық идеологиямыздың аса маңызды бөлігіне айналуға тиіс екенін тағы да қайталап айтамын». Шындығына келгенде, бұл акцияның маңызы зор, бұл акцияға шын пейілмен қатысқан 3,8 миллион адамның жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімнің лаулап тұрғанын байқауға болады.
Біздің заманымызда қазақ тілі мәселесі әлі де толық шешілмей тұрғаны белгілі. Осыған байланысты берілген мынадай сұраққа «Тағы бір өзекті мәселе бар. Соңғы кезде қазақ тілінің қолданылу аясы едәуір кеңейді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін азаматтардың саны көбейді. Бұл қазақ тіліне деген сұраныстың арта түскенін білдіреді. Бұдан бөлек, шетелдіктердің де тілімізді үйренуге деген қызығушылығы күшейді. Қоғамда қазақ тілінің рөлі одан әрі арта түсуі үшін не істеу керек деп ойлайсыз?» Президент жауабы көңіл толтырарлық екенін атап өткім келеді.
«– Иә, дұрыс айтасыз. Қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келеді. Ең бастысы, қазақ тілін білу сәнге айналды, жастарымыз оны меңгеруге ұмтылатын болды. Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор болып саналады. Еліміздің бизнес өкілдері маркетинг саласындағы науқандарын қазақ тілінде сөйлейтін тұтынушылардың сұранысына қарай өткізетін болды. Мұның бәрі мемлекеттің өте абай болуды қажет ететін, әрі саяси тұрғыдан маңызды саналатын осы саладағы саясаты тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Сөз арасында айта кетейін, дүние жүзінде 7 мыңнан астам тіл бар. Соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазақ тілі бұл топқа кірмейді. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтады. Осы ретте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз керек».
Осылай, өткен жылға берген Есебі болып табылатын, Президенттің сұхбатына зер салсақ, Халық игілігі үшін жасалған шаруалар аз емес екенін байқауға болады. Еліміздің абыройы арта берсін!