23/07/2026
Caspian University Вашингтонда өткен халықаралық форумда Қазақстанның академиялық тәжірибесін таныстырды
2026 жылғы 16–17 шілде күндері АҚШ-тың Вашингтон қаласында Америка Құрама Штаттарының 250 жылдығына арналған IRF Peace Builders Forum 2026 — America 250: Building on the Presence and the Promise of Religious Freedom халықаралық форумы өтті.
Іс-шара діни сенім бостандығы, конфессияаралық диалог және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау мақсатында мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, академиялық қауымдастықтың, бизнес өкілдерінің, қайырымдылық қорларының, азаматтық қоғам институттарының және діни бірлестіктердің өкілдерін бір алаңға жинады.
Форумның алғашқы күні Museum of the Bible музейінде, ал екінші күні АҚШ Сенатының кеңселері орналасқан Hart Senate Office Building ғимаратында (Капитолий төбесінде) өтті.
Халықаралық алаңда Caspian University атынан университеттің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы әрі Жария құқық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми үйлестірушісі Юлия Александровна Харькова сөз сөйледі. Eurasia Panel академиялық сессиясы аясында ол Caspian University-дің мәдениетаралық діни сауаттылықты дамыту, академиялық ынтымақтастықты кеңейту және халықаралық сарапшылық өзара іс-қимылды дамыту бағытындағы тәжірибесіне арналған баяндама жасады.
Форум жұмысына АҚШ сенаторлары, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі, діни сенім бостандығы жөніндегі арнайы өкілдер, Конгрестің бұрынғы мүшелері, дипломаттар, мемлекет басшыларының кеңесшілері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері және әлемдік деңгейдегі сарапшылар қатысты. Олардың қатарында сенаторлар Джеймс Лэнкфорд пен Джеймс Риш, АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Райли Барнс, сондай-ақ діни сенім бостандығы мен бейбітшілік құру саласындағы арнайы өкілдер мен халықаралық сарапшылар болды.
Caspian University-дің IRF Peace Builders Forum 2026 халықаралық форумына қатысуы Қазақстанның академиялық тәжірибесін халықаралық деңгейде танытуға, университеттің серіктестік байланыстарын кеңейтуге және білім беру, мәдениетаралық өзара іс-қимыл, діни сауаттылық пен тұрақты бейбітшілікті қалыптастыру мәселелері бойынша кәсіби диалогты дамытуға маңызды үлес қосты.
________
Caspian University представил казахстанский академический опыт на международном форуме в Вашингтоне
16–17 июля 2026 года в Вашингтоне (США) состоялся международный IRF Peace Builders Forum 2026 — America 250: Building on the Presence and the Promise of Religious Freedom, приуроченный к 250-летию Соединённых Штатов Америки.
Мероприятие объединило представителей органов государственной власти, международных организаций, дипломатического корпуса, академического сообщества, бизнеса, благотворительных фондов, гражданского общества и религиозных объединений для обсуждения вопросов свободы вероисповедания, межрелигиозного диалога и укрепления международного сотрудничества.
Первый день форума прошёл в Museum of the Bible, второй — в Hart Senate Office Building на Капитолийском холме, где располагаются офисы Сената США.
Caspian University на международной площадке представила Юлия Александровна Харькова, научный координатор Научно-исследовательского института публичного права и руководитель Управления международного сотрудничества университета. В рамках академической секции Eurasia Panel она выступила с докладом, посвящённым опыту Caspian University в развитии межкультурной религиозной грамотности, академического сотрудничества и международного экспертного взаимодействия.
В работе форума приняли участие представители высокого уровня, включая сенаторов США, помощника государственного секретаря США, специальных посланников по вопросам свободы религии, бывших членов Конгресса, дипломатов, советников руководителей государств, руководителей международных организаций и ведущих международных экспертов. Среди участников — сенаторы Джеймс Лэнкфорд и Джеймс Риш, помощник государственного секретаря США Райли Барнс, специальные посланники и эксперты в сфере свободы религии и миростроительства.
Участие Caspian University в IRF Peace Builders Forum 2026 стало значимым вкладом в продвижение казахстанского академического опыта на международной арене, расширение партнёрских связей университета и развитие профессионального диалога по вопросам образования, межкультурного взаимодействия, религиозной грамотности и построения устойчивого мира.