19/07/2019
Төртінші индустриялық революция – ауқымы, қарымы мен күрделілігі жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз.
Осы еңбектің авторы Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын осы еңбегін ұсынды.
Бұл видеокурстың лекторы Саясат Нұрбек мырза, саясаттанушы, геополитика ғылымдарының магистрі, білім беру саласы бойынша сарапшы маман.
Курста төртінші индустриалық революциясының негізгі ұғымдары қандай, теориялық негізі мен зерттеу әдістері қандай, индустриалық революцияның қозғаушы күштері, ықпалы, олар қандай салаларда жұмыс істейді деген сияқты сұрақтарға жауап берілген.
Төртінші индустриялық революцияның дамуына, ықпалына және болашағына қатыста ойларыңызбен бөлісуге шақырамыз!
Клаус Швабтың бұл еңбегі қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндайды.