Satbayev University

Satbayev University Satbayev University

Официальная страница Satbayev University.

У нас вы найдете всю самую интересную и достоверную информация о Satbayev University.

Студенты, абитуриенты, родители и коллеги, узнавайте всё о Satbayev University из официальных источников:
http://kaznitu.kz - официальных сайт
http://mypolytech.kaznitu.kz - студенческий сайт
https://www.instagram.com/satbayev_university/ - мы в Инстаграме
https://vk.com/satbayevuniversity - мы вКонтакте
https://twitter.com/NITU_Satpaev - мы в Твиттере
https://www.youtube.com/user/TheKazntu/videos - канал в Ютубе

24/08/2026

Satbayev University продолжает расширять производство инновационных строительных материалов в регионах
Satbayev University продолжает работу по внедрению научных разработок в промышленность и развитию отечественных инновационных строительных материалов в регионах Казахстана. Сегодня университет, производственная компания «Diatomite» и инвестор проекта подписали меморандум о стратегическом сотрудничестве.
Стороны намерены вывести разработанные в Satbayev University научно-технологические решения на промышленный уровень и наладить их применение в регионах. В частности, планируется совместно проработать проект по запуску в Таразе Жамбылской области производства инновационных строительных материалов под брендом Diatomite, в том числе сухих строительных смесей.
На следующем этапе предстоит определить производственную площадку, оценить сырьевую базу и инженерную инфраструктуру, рассчитать производственные мощности, разработать бизнес-модель и дорожную карту, определить этапы запуска предприятия. Цель проекта – внедрение отечественных научных разработок в производство современных конкурентоспособных материалов для строительной отрасли.
Каждый участник проекта развивает свое направление: Satbayev University обеспечит научно-техническое сопровождение и предоставит технологии, разработанные учеными университета; компания «Diatomite» возьмет на себя производственные ноу-хау, технологические регламенты, обучение специалистов и технологическое сопровождение качества продукции; инвестор обеспечит инвестиционную, производственную и инфраструктурную составляющие проекта.
По словам ректора Satbayev University Мейрама Бегентаева, внедрение научных разработок в экономику – одна из ключевых задач современного университета.
«Для нас важно, чтобы результаты исследований находили практическое применение. Идея ученого должна трансформироваться в технологию, технология – выходить в производство, а результатом этой работы должен быть востребованный на рынке продукт. Поэтому мы уделяем большое внимание внедрению университетских разработок на предприятиях и их дальнейшему распространению в регионах. Такие проекты открывают новые возможности для студентов и молодых ученых – позволяют работать над реальными производственными задачами и видеть, как результаты их исследований находят применение в экономике страны», – отметил Мейрам Бегентаев.
В университете рассматривают проект как один из примеров практического внедрения научных разработок в производство. Ценность научной разработки во многом определяется возможностью ее практического применения. Выход университетской технологии на промышленный уровень показывает, как научная идея может превратиться в востребованный продукт.
Для студентов, магистрантов и молодых исследователей такие проекты также имеют практическое значение. Результаты исследований могут получить дальнейшее развитие в виде новой технологии, продукта или производственного проекта. Участие в подобных инициативах дает молодым ученым возможность работать с реальными задачами предприятий и понимать весь путь разработки – от научной идеи до внедрения.
Принцип «от науки к производству» – одно из ключевых направлений научно-технологического развития Satbayev University. Университет развивает коммерциализацию отечественных разработок, сотрудничество с промышленными предприятиями и внедрение результатов исследований в реальные отрасли экономики.
Проект нового производства инновационных строительных материалов в Таразе продолжает эту работу. Его реализация позволит создать в регионе новые производственные мощности, увеличить долю отечественных строительных материалов, вывести научно-технологические разработки на рынок и создать новые возможности для квалифицированных специалистов.
Для Satbayev University этот проект станет еще одним примером того, как научная идея проходит путь от лаборатории до промышленного производства. Университет развивает образование и научные исследования с учетом реальных потребностей предприятий и последовательно реализует проекты, направленные на технологическое развитие Казахстана. Подписанный меморандум определяет следующий этап этой работы. Объединение научных разработок, производственного опыта и инвестиционных возможностей создает основу для развития отечественных технологий и запуска новых производств. Проект призван сделать еще один шаг к тому, чтобы разработки казахстанских ученых превращались в продукцию, произведенную в Казахстане и востребованную отечественной экономикой.

Сәтбаев университеті инновациялық құрылыс материалдарын өндіру жобасын өңірлерде жалғастырады
24/08/2026

Сәтбаев университеті инновациялық құрылыс материалдарын өндіру жобасын өңірлерде жалғастырады

Бұл бастама білім алушылар мен жас зерттеушілер үшін де маңызды мотивациялық мәнге ие

Сәтбаев университеті инновациялық құрылыс материалдарын өндіру жобасын өңірлерде масштабтауды жалғастырадыСәтбаев универ...
24/08/2026

Сәтбаев университеті инновациялық құрылыс материалдарын өндіру жобасын өңірлерде масштабтауды жалғастырады
Сәтбаев университеті ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізу және отандық инновациялық құрылыс материалдарының өндірісін өңірлерде дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін университетте Сәтбаев университеті, «Diatomite» өндірістік компаниясы және жоба инвесторы арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат аясында тараптар Сәтбаев университетінде әзірленген ғылыми-технологиялық шешімдерді өнеркәсіптік деңгейге шығарып, оларды өңірлік өндірісте қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Атап айтқанда, Жамбыл облысында, Тараз қаласында Diatomite брендімен инновациялық құрылыс материалдарын, оның ішінде құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін өндірісті іске қосу жобасын бірлесіп пысықтау жоспарланып отыр.
Алдағы кезеңде тараптар өндірістік алаңды анықтау, шикізат базасы мен инженерлік инфрақұрылымның мүмкіндіктерін бағалау, өндірістік қуатты белгілеу, бизнес-модель мен жол картасын әзірлеу, сондай-ақ өндірісті іске қосу кезеңдерін айқындау бағытында жұмыс жүргізеді. Жобаның негізгі мақсаты – отандық ғылыми әзірлемелерді нақты өндірістік үдерістерге енгізу арқылы құрылыс индустриясы үшін заманауи әрі бәсекеге қабілетті материалдар өндірісін дамыту.
Серіктестіктің әр қатысушысы жобаға өз құзыреті мен тәжірибесіне сәйкес үлес қоспақ. Сәтбаев университеті ғылыми-техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етіп, университет ғалымдары әзірлеген технологиялық шешімдерді ұсынады. «Diatomite» өндірістік компаниясы өндірістік ноу-хау, технологиялық регламенттер, мамандарды оқыту және өнім сапасын технологиялық сүйемелдеу бағыттарына жауап береді. Ал жоба инвесторы жобаның инвестициялық, өндірістік және инфрақұрылымдық бөлігін қамтамасыз етуге атсалысады.
Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаевтың айтуынша, ғылыми әзірлемелердің нақты экономикаға енгізілуі заманауи университеттің маңызды міндеттерінің бірі.
«Біз үшін ғылымның нәтижесі зертхананың ішінде немесе ғылыми жарияланым бетінде ғана қалмауы маңызды. Ғалымның идеясы нақты технологияға, технология – өндіріске, ал өндіріс – қоғамға қажетті өнімге айналған кезде ғана ғылымның әлеуеті толық ашылады. Сондықтан біз университетте жасалған ғылыми әзірлемелерді нақты өндіріске енгізуге және оларды өңірлерде масштабтауға ерекше мән береміз. Бұл ретте студенттер мен жас ғалымдар үшін де үлкен мүмкіндік қалыптасады: олардың ғылыми ізденістері нақты өндірістік міндеттерді шешуге бағытталып, ел экономикасына үлес қоса алады», – деді Мейрам Бегентаев.
Университет басшылығы бұл жобаны ғылым мен өндірістің байланысын нығайтатын маңызды бастамалардың бірі ретінде қарастырады. Өйткені ғылыми жұмыстың құндылығы оның теориялық нәтижесімен ғана емес, нақты өмірде қолданылуымен де өлшенеді. Университет қабырғасында әзірленген технологияның өндірістік деңгейге шығуы – ғылыми идеяның қоғам игілігіне қызмет ете алатынын көрсететін нақты мысал.
Бұл бастама білім алушылар мен жас зерттеушілер үшін де маңызды мотивациялық мәнге ие. Студенттің, магистранттың немесе жас ғалымның зерттеуі ғылыми мақала немесе диссертация аясында қалып қоймай, болашақта жаңа технологияға, өнімге немесе өндірістік жобаға айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі серіктестік жас буынға ғылыммен айналысудың практикалық маңызын көрсетіп, өз зерттеулерін нақты өндірістік мәселелермен байланыстыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
«Ғылымнан өндіріске» қағидаты Сәтбаев университетінің ғылыми-технологиялық даму бағыттарының бірі болып отыр. Университет отандық ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға, өндіріс орындарымен серіктестікті күшейтуге және ғылыми нәтижелерді ел экономикасының нақты секторларына енгізуге басымдық береді.
Таразда инновациялық құрылыс материалдарын өндіретін жаңа өндіріс ашу жөніндегі жоба да осы мақсатқа бағытталған. Оның жүзеге асуы өңірде жаңа өндірістік мүмкіндіктер қалыптастыруға, отандық құрылыс материалдарының үлесін арттыруға, ғылыми-технологиялық әзірлемелерді коммерцияландыруға және білікті мамандар үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктер жасауға ықпал етуі мүмкін.
Сәтбаев университеті үшін бұл бастама ғылыми идеяның зертханадан өндірістік алаңға дейінгі жолын көрсететін маңызды тәжірибе. Университеттің басты мақсаты білім мен ғылымды өндірістің нақты қажеттіліктерімен ұштастырып, Қазақстанның технологиялық дамуына үлес қосатын жобаларды көбейту.
Бүгінгі меморандум осы бағыттағы жұмыстардың кезекті қадамы. Ғылыми ізденіс пен өндірістік тәжірибе, университеттік білім мен бизнес мүмкіндігі бір арнаға тоғысқан жағдайда отандық технологиялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаңа өндірістерді қалыптастыруға мүмкіндік мол. Ең бастысы, бұл Қазақстанда жасалған ғылыми идеялардың Қазақстан экономикасында нақты өнімге айналуы үшін жасалған тағы бір маңызды қадам.

Құрметті достар! Болашақ магистранттар үшін маңызды жаңалықпен бөліскім келеді.2026–2027 оқу жылына арналған магистратур...
22/08/2026

Құрметті достар! Болашақ магистранттар үшін маңызды жаңалықпен бөліскім келеді.

2026–2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті.

⏩ Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, білім саласы кәсіподақтарының, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері жұмыс істеді. Отырыс барысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау қолданыстағы қағидаларға сәйкес конкурстық негізде жүргізілді. Комиссия мүшелеріне жауапты әрі мұқият жұмысы үшін алғысымды білдіремін.

⏩ Биыл магистратура гранттарының конкурсына қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Үміткерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағыттарына сұраныс жоғары болды.

▪️ Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамыз күні сағат 15:00-де келесі ресми ақпараттық ресурстарда жарияланады:

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
• Telegram: https://t.me/SayasatNurbekOfficial
• Facebook: https://www.facebook.com/sayasat
• Instagram: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстары:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
• Telegram: https://t.me/gylym_jogary_bilim
• Facebook: https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
• Instagram: https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

Еске сала кетейін, болашақ магистранттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін қоса алғанда жүргізіледі.

🎓 Құрметті болашақ магистранттар! Баршаңызға сәттілік тілеймін! Білім жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, алдағы оқу жылы жаңа академиялық және кәсіби мүмкіндіктерге бастасын.

Жаңа оқу жылында университет қабырғасында кездескенше!

〰️〰️〰️〰️〰️〰️

Дорогие друзья! Хочу поделиться важной новостью для будущих магистрантов.

Состоялось заседание Республиканской комиссии по присуждению государственных образовательных грантов в магистратуру на 2026–2027 учебный год.

⏩ В состав комиссии вошли представители министерства, заинтересованных государственных органов, профсоюзов сферы образования, Национальной палаты предпринимателей РК и общественных организаций. В ходе заседания были рассмотрены заявления претендентов, а присуждение государственных образовательных грантов проводилось на конкурсной основе в соответствии с действующими правилами. Благодарю всех членов комиссии за ответственную и тщательную работу.

⏩ В этом году для участия в конкурсе на гранты в магистратуру было принято около 23 тысяч заявлений - на 3 тысячи больше, чем в прошлом году. Наибольшим спросом среди претендентов пользуются направления «Педагогические науки», «Информационно-коммуникационные технологии», а также «Инженерные, обрабатывающие и строительные отрасли».

⏩ Итоги конкурсного отбора будут опубликованы 24 августа в 15:00 в следующих официальных источниках информации:

Официальные страницы министра науки и высшего образования РК:
• Telegram: https://t.me/SayasatNurbekOfficial
• Facebook: https://www.facebook.com/sayasat
• Instagram: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/

Официальные информационные ресурсы Министерства науки и высшего образования РК:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=ru
• Telegram: https://t.me/gylym_jogary_bilim
• Facebook: https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
• Instagram: https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

Напомню, что прием будущих магистрантов в организации высшего и послевузовского образования продлится до 28 августа 2026 года включительно.

🎓 Дорогие будущие магистранты! Желаю каждому из вас успехов! Пусть ваши усилия будут вознаграждены, а новый учебный год откроет новые возможности для образования, исследований и профессионального развития.

До встречи в новом учебном году в стенах университетов!

https://www.facebook.com/sayasat https://www.instagram.com/sayasatnurbek/ https://sayasatnurbek.com/

Қазақстан білім экономикасы үшін адами капиталдың жаңа моделін қалыптастырып жатырҚазақстан білім сапасына, технологиялы...
21/08/2026

Қазақстан білім экономикасы үшін адами капиталдың жаңа моделін қалыптастырып жатыр

Қазақстан білім сапасына, технологиялық құзыреттерді дамытуға және білім экономикасы үшін кадрлар даярлауға бағдарланған адами капиталдың жаңа моделін қалыптастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum алаңында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

🔗GOV.KZ

Қазақстан білім экономикасы үшін адами капиталдың жаңа моделін қалыптастырып жатырҚазақстан білім сапасына, технологиялы...
21/08/2026

Қазақстан білім экономикасы үшін адами капиталдың жаңа моделін қалыптастырып жатыр
Қазақстан білім сапасына, технологиялық құзыреттерді дамытуға және білім экономикасы үшін кадрлар даярлауға бағдарланған адами капиталдың жаңа моделін қалыптастырып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ бейнесі: нәтижеден – жаңа стратегияға» атты National Think Tank Forum алаңында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

«Қазақстанның адами капиталы: мүмкіндіктерді кеңейтуден білім экономикасына дейінгі жол» тақырыбындағы баяндамасында министр жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын таныстырды. Олардың қатарында кадрлық әлеуетті дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен өзара іс-қимылын күшейту және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бар.

Қазақстан білімге қолжетімділікті кеңейтуден мамандар даярлау сапасына, технологиялық құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ білім мен ғылымды экономиканың нақты секторымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған жүйені қалыптастыруға кезең-кезеңімен көшіп келеді.

Соңғы бес жылда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылар саны 16%-ға артып, 724,1 мың адамға жетті.

Сонымен қатар мамандар даярлау мен экономика қажеттіліктері арасындағы байланыс күшейтіліп келеді. Ірі өнеркәсіптік компаниялармен бірлесіп, 10 жоғары оқу орнында пилоттық режимде «индустриялық PhD» бағыты бойынша кадрлар даярлау жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде аталған бағытқа 210 грант бөлінді.

Жыл сайын 10 мыңға жуық студент «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компанияларында дуальды оқудан және өндірістік практикадан өтеді.

Жасанды интеллект саласындағы кадрларды даярлау мен цифрлық құзыреттерді дамытуға ерекше назар аударылып келеді.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақ жасанды интеллект зерттеу университеті (QAIRU) өз жұмысын бастайды. Университетке 600-ге жуық білім алушыны қабылдау жоспарланып отыр.

Жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау аясында AI-Sana бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде 706 023 студент жасанды интеллект саласындағы базалық білімді меңгеруге бағытталған оқытудан өтті.

Қазақстандық жоғары оқу орындары да жасанды интеллект негізіндегі өз шешімдерін әзірлеп, енгізуде. Қазіргі таңда 442 AI-агент әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Бұл жұмысқа 80 жоғары оқу орны мен командалардың 980 қатысушысы тартылған.

Жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау аясында OpenAI, Freedom Holding Corp. және «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, жоғары оқу орындарында жасанды интеллект құралдарына тегін әрі қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ChatGPT Edu енгізу жобасы жүзеге асырылуда.

«Жасанды интеллект енді жеке даярлау бағыты ғана емес, заманауи жоғары білім беру жүйесінің базалық құзыреттерінің біріне айналып келеді. Оны білім беру бағдарламаларына интеграциялау студенттердің таңдаған кәсіби саласына қарамастан, жаңа технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған», – деді Саясат Нұрбек.

Ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысын күшейтуге және ғылыми зерттеулерден технологиялар мен бәсекеге қабілетті өнімдерге көшуге жеке басымдық берілуде.

«Ғылым тұйық академиялық сала болудан қалып, нақты экономикамен барған сайын тығыз байланысып келеді. Білім экономикасы білім жүйелі түрде технологияға, өнімге және еңбек өнімділігінің өсуіне айналған жерде басталады», – деп атап өтті министр.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған ішкі шығындар 121 млрд теңгеден 173 млрд теңгеге дейін өсті.

Бүгінде жобалардың 31%-ы коммерцияландырылды. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының елдің ғылыми-технологиялық дамуына қосқан жалпы үлесі 142 млрд теңгені құрады. Ғылыми жобаларға тартылған жеке инвестициялар көлемі 28,2 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінің халықаралық интеграциясы күшейтілуде. Қазақстанда 12 елдің жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы жұмысын бастады.

Бүгінде елімізде 37 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. Бұл Қазақстанның Орталық Азиядағы білім беру және зерттеу хабы ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері халықаралық көрсеткіштерден де көрініс табуда. Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, 2026 жылы адами капиталды бағалау тәсілі жаңартылды. HCI+ индексі енді білім беру мен денсаулық сақтау көрсеткіштерімен қатар жоғары білімді, жастардың еңбек нарығына өтуін және еңбек қызметі барысында білім алуын да ескереді.

Осылайша, қалыптасып жатқан адами капиталды дамыту моделі білім сапасын, жаңа технологиялық экономика үшін кадрлар даярлауды, жасанды интеллектіні енгізуді, халықаралық ашықтықты және ғылымның практикалық қайтарымын арттыруды бір арнаға тоғыстырады.

Дәл осы бағыттар Қазақстанның білім экономикасына көшуінің негізін қалыптастырады. Бұл модельде адами капитал, ғылыми әзірлемелер мен технологиялық құзыреттер елдің одан әрі дамуының негізгі факторларына айналады.

Қазақстан білім экономикасы үшін адами капиталдың жаңа моделін қалыптастырып жатырҚазақстан білім сапасына, технологиялық құзыреттерді дамытуға және білім экон...

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыс сапарыХалықаралық ғылыми және академи...
21/08/2026

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыс сапары
Халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Өзбекстан Республикасының өкілдері Сәтбаев университетіне (ҚазҰТЗУ) жұмыс сапарымен келді.
Сапардың негізгі мақсаты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды нығайту, мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасу және ҚазҰТЗУ-дың жетекші ғалымдары мен мамандарымен бірлескен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылау.
Жұмыс кездесулері барысында мұнай-газ саласының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, ғылыми-зерттеу жұмыстарының басым бағыттары, сондай-ақ екі елдің бейінді мамандары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Кездесудің маңызды бөлігі «ӨзЛИТИнефтгаз» АҚ өкілі, ізденуші М. Х. Искандаровтың диссертациялық зерттеуінің негізгі нәтижелерін талқылауға арналды. Қатысушылар жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша пікір алмасып, алынған ғылыми нәтижелердің маңыздылығына және зерттеуді одан әрі дамыту перспективаларына назар аударды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Сәтбаев университеті (ҚазҰТЗУ) мен Өзбекстан Республикасының Стандарттар институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөнінде алдын ала ауызша келісімге қол жеткізілді.
Жоспарланып отырған меморандум ұзақ мерзімді ғылыми және білім беру ынтымақтастығын дамытуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе мен білім алмасуға, сондай-ақ тараптардың өзара қызығушылығын тудыратын бағыттарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жол ашады.
Қазіргі уақытта меморандум мәтінін әзірлеу және келісу жұмыстары жүргізілуде. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан ұйымдары арасындағы ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтып, өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екендерін білдірді.
Меморандумға қол қою екі елдің ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің берік негізін қалыптастырып, бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру бастамаларын жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді деп күтілуде.
Халықаралық ғылыми байланыстар білім алушылар мен жас зерттеушілер үшін де үлкен мүмкіндік. Мұндай ынтымақтастық жаңа идеялардың қалыптасуына, озық тәжірибемен танысуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және бірлескен ғылыми жобаларға қатысуға жол ашады. Қазақстан мен Өзбекстан ғалымдарының өзара ықпалдастығы жас мамандардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың халықаралық ғылыми ортаға қадам басуына мүмкіндік береді.
Ғылым – шекараға бағынбайтын ортақ құндылық. Ал бүгінгі білім алушы – ертеңгі ғылым мен инновацияның қозғаушы күші. Сондықтан мұндай халықаралық серіктестіктер жас буынға білімін тәжірибемен ұштастырып, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, өз ғылыми ізденістерін халықаралық деңгейде дамытуға маңызды серпін береді.

Жас ғалымдарға пәтер бөлу жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өттіМемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясынд...
20/08/2026

Жас ғалымдарға пәтер бөлу жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жас ғалымдарды қолдау, олардың кәсіби және әлеуметтік дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

🔑Жас ғалымдарға пәтер бөлу жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жас ғалымдарды қолдау, олардың кәсіби және әлеуметтік дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына пәтер бөлу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Астана және Алматы қалаларында жас ғалымдарға тұрғын үй беру мақұлданды.

Жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл шара олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасауға және жас кадрларды ғылым саласында тұрақтандыруға бағытталған.

🔗ТОЛЫҒЫРАҚ: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1277172?lang=kk

Алматы, 20 августа 2026 года. В Satbayev University обсудили книгу «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» («Справедливому общес...
20/08/2026

Алматы, 20 августа 2026 года. В Satbayev University обсудили книгу «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» («Справедливому обществу – честное слово»), в которой собраны ключевые идеи, взгляды Главы государства по вопросам развития Казахстана, построения справедливого общества, укрепления образования и науки, формирования будущего молодежи и принципах гражданской ответственности.
В сборнике систематизированы высказывания Президента Касым-Жомарта Токаева о будущем страны и главных факторах построения, объединенные в 21 тематический раздел, среди которых – справедливое общество, образование и наука, будущее молодежи, единство страны, ответственность, национальные ценности и государственность.
Участники встречи также говорили о роли науки и технологий в повышении конкурентоспособности страны. Сегодня научные исследования и новые технологии напрямую влияют на развитие экономики, производства и общества. Поэтому особенно важно стремление молодых людей заниматься исследованиями, искать новые решения и воплощать свои идеи.
«Нам нужны образованные, думающие, любознательные молодые люди, готовые применять свои знания на благо страны», – сказал ректор Satbayev University Мейрам Бегентаев.
В качестве примера для студентов ректор привел жизненный и научный путь Каныша Сатпаева. Его стремление к знаниям, преданность науке и служение стране сохраняют свое значение для новых поколений.
«Наследие Каныша Сатпаева, его преданность науке, стремление к знаниям и желание своим трудом приносить пользу стране служат примером для студентов и молодых ученых. Главная цель науки – приносить пользу обществу», – отметил ректор.
В завершение встречи студенты задали вопросы о содержании книги и поделились своими мнениями. Ректор подарил экземпляр издания студенту третьего курса образовательной программы «Информационные системы» Satbayev University Бекболату Бахтиярулы, который отличился глубокими знаниями и содержательными ответами во время обсуждения.
Мейрам Бегентаев призвал студентов внимательно прочитать книгу, осмыслить изложенные в ней идеи и направлять свои знания и профессиональные навыки на развитие Казахстана.
«Справедливое общество начинается с личной ответственности каждого человека. Добросовестно учиться и трудиться, хорошо знать свое дело, применять полученные знания на благо страны – конкретные способы служить обществу. Знания и стремление сегодняшних студентов к развитию – это вклад в завтрашний Казахстан», – сказал ректор Satbayev University.
Будущее страны формируется уже сегодня – знаниями студентов, поиском молодых ученых и добросовестным трудом каждого человека, поэтому развитие образования и науки, раскрытие потенциала молодежи и воспитание у студентов ответственности за будущее страны входят в число ключевых приоритетов Satbayev University.

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: ректор студенттермен кітаптың маңызы туралы пікір алмасты Сәтбаев университетінде Мемле...
20/08/2026

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: ректор студенттермен кітаптың маңызы туралы пікір алмасты

Сәтбаев университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуы, білім мен ғылым, жастардың болашағы, әділетті қоғам және азаматтық жауапкершілік туралы ойлары жинақталған «Қасым-Жомарт Тоқаев. Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабының маңызы талқыланды.
Кездесуде университет ректоры Мейрам Бегентаев студенттерге Арман Қырықбаевтың жетекшілігімен құрастырылған жинақтың мазмұны мен жастар үшін тағылымдық мәні туралы айтып, кітапты оқудың маңыздылығына тоқталды.
Жинақта Мемлекет басшысының әр жылдары ел дамуына қатысты айтқан ойлары мен ұстанымдары жүйеленіп, 21 тақырыпқа топтастырылған. Олардың қатарында әділетті қоғам, білім мен ғылым, жастардың болашағы, ел бірлігі, жауапкершілік, ұлттық құндылықтар және мемлекетшілдік мәселелері қамтылған.
Ректордың айтуынша, кітаптың студенттер үшін басты құндылығы оның жастарды білім алуға ғана емес, алған білімін ел игілігіне жұмсауға үндейтінінде.
«Бізге білімді ғана емес, ойлайтын, ізденетін және алған білімін ел игілігіне жұмсауға дайын жастар қажет», – деді Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.
Кездесу барысында ғылым мен технологияның елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөліне де ерекше назар аударылды. Қазіргі кезеңде ғылыми зерттеулер мен жаңа технологиялар экономиканың, өндірістің және қоғамның дамуына тікелей ықпал етеді. Осыған байланысты жастардың зерттеуге, ізденуге және жаңа идеяларды жүзеге асыруға ұмтылысы маңызды.
Бұл ретте Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми жолы студенттерге өнеге ретінде атап өтілді. Ұлы ғалымның білімге деген құштарлығы, ғылымға адалдығы және ел игілігіне қызмет етуі бүгінгі ұрпақ үшін де маңызды бағдар болып қала береді.
«Қаныш Сәтбаевтың мұрасы – өткеннің ғана еншісі емес. Оның ғылымға адалдығы, білімге ұмтылысы және өз еңбегімен елге қызмет етуі – бүгінгі студенттер мен жас ғалымдар үшін де үлкен өнеге. Ғылымның басты мақсаты – қоғамға пайда әкелу», – деді ректор.
Кездесу соңында студенттер кітаптың мазмұнына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сұрақ-жауап барысында өзінің білімділігі мен алғырлығын танытып, мазмұнды әрі тұщымды жауаптарымен ерекшеленген Сәтбаев университеті Ақпараттық жүйелер мамандығының 3-курс студенті Бекболат Бақтиярұлына ректор аталған кітапты өз қолымен сыйға тартты.
Кітапты сыйға тарту – студенттердің білімге, ізденіске және өздігінен дамуға деген қызығушылығын қолдаудың символдық көрінісі болды.
Кездесу барысында ректор студенттерді кітапты оқып қана қоймай, ондағы ойларға сыни тұрғыдан пайым жасап, өз білімдері мен кәсіби дағдыларын Қазақстанның дамуына бағыттауға шақырды.
«Әділетті қоғам әр адамның күнделікті жауапкершілігінен басталады. Адал оқу, адал еңбек, өз кәсібіңді жақсы меңгеру және алған біліміңді ел игілігіне пайдалану – қоғамға қызмет етудің нақты жолдары. Бүгінгі студенттің білімі мен ізденісі – ертеңгі Қазақстанның дамуына қосылған үлес», – деді Сәтбаев университетінің ректоры.
Сәтбаев университеті үшін білім мен ғылымды дамыту, жас ұрпақтың әлеуетін арттыру және студенттердің ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат болып қалыптасуына жағдай жасау негізгі басымдықтардың бірі.
Өйткені елдің болашағы алыста емес. Ол бүгінгі студенттің білімінен, жас ғалымның ізденісінен және әр азаматтың адал еңбегінен басталады.

Address

Сатпаева 22
Almaty
050000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Satbayev University posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to Satbayev University:

Shortcuts

Share