AblaiKhan University

AblaiKhan University Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from AblaiKhan University, College & University, Муратбаева 200, Almaty.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (ҚазХҚжәнеӘТУ)

Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана (КазУМОиМЯ)

06/08/2026

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты таңдаулы ой-пікірлер жинағы жарық көрді.
Басылымға Мемлекет басшысының 1990-жылдардан бергі сөйлеген сөздері мен жарияланымдарынан алынған маңызды ойлары мен дәйексөздері топтастырылған. Жинақ 21 тақырыптық бөлімнен тұрады және Президенттің төрт онжылдыққа жуық уақыт бойы ұстанып келе жатқан қағидаттары мен көзқарастарының сабақтастығын айқын көрсетеді.
Кітапта Әділетті, Прогрессивті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі идеялары көрініс тауып, елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың мәні мен логикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Бұл басылым мемлекеттік қызметшілерге, оқытушыларға, студенттер мен жастарға, сондай-ақ Қазақстанның дамуы мен мемлекеттік басқару мәселелеріне қызығушылық танытатын барша оқырманға пайдалы болмақ.

Ablai Khan University түлектеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы салтанатты түрде табысталды 2026 жылғы 1 шілде...
03/07/2026

Ablai Khan University түлектеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы салтанатты түрде табысталды

2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енген күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде түлектерге еліміздің Ата Заңын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Жаңа Конституция 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданып, мемлекеттің одан әрі даму бағыттарын айқындайды. Құжатта мемлекеттік құрылыстың жаңартылған қағидаттары, мемлекеттік билік органдарының жүйесі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері бекітілген. 1 шілдеден бастап Ата Заң ресми түрде күшіне еніп, Қазақстан Республикасының дамуындағы жаңа кезеңнің бастауына айналды. Қазақстан Республикасының Конституциясын түлектерге оқу жұмысы жөніндегі проректор Байсултанова Кулипа Чарипкановна табыстады. Ол жас мамандарды университетті табысты аяқтауларымен құттықтап, кәсіби жетістіктер, жауапкершілік, үздіксіз даму және құқықтық мемлекет құндылықтарын әрдайым құрметтеуді тіледі. Салтанатты рәсім диплом табыстау мерекесінің аясында өтіп, ерекше мәнге ие болды. Дипломмен бірге түлектер еліміздің Ата Заңын қабылдап, азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі саналатын, мемлекет пен қоғам дамуының негізгі қағидаттарын айқындайтын маңызды құжатқа ие болды. Конституцияны табыстау жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың, заңға құрмет пен белсенді азаматтық ұстанымды нығайтудың маңыздылығын көрсетті. Ablai Khan University түлектері үшін бұл күн кәсіби қызметке қадам басып, елдің дамуына өз үлесін қосатын жаңа өмір кезеңінің бастауы болды.

1 июля 2026 года, в день официального вступления в силу новой Конституции Республики Казахстан, в Казахском университете международных отношений и мировых языков имени Абылай хана состоялась торжественная церемония вручения Основного закона страны выпускникам университета. Новая Конституция была принята по итогам республиканского референдума, состоявшегося 15 марта 2026 года, и определяет дальнейшие направления развития государства, закрепляя обновленные принципы государственного устройства, систему органов власти, а также права, свободы и обязанности граждан. С 1 июля Основной закон официально вступил в силу, открыв новый этап в развитии Республики Казахстан. Конституцию Республики Казахстан выпускникам вручила проректор по учебной работе Байсултанова Кулипа Чарипкановна. Поздравляя молодых специалистов с окончанием университета, она пожелала им профессиональных успехов, ответственности, стремления к постоянному развитию и уважения к ценностям правового государства. Церемония прошла в рамках вручения дипломов выпускникам университета и стала символичным событием. Вместе с дипломом молодые специалисты получили Основной закон страны, который определяет фундаментальные принципы жизни государства и общества, гарантирует права и свободы человека и гражданина, а также устанавливает обязанности каждого гражданина перед своей страной.
Вручение Конституции подчеркнуло важность формирования у молодежи высокой правовой культуры, уважения к закону и активной гражданской позиции. Для выпускников Ablai Khan University этот день стал началом нового жизненного этапа, связанного с профессиональной деятельностью, личной ответственностью и участием в развитии Республики Казахстан.

Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессия2026 жылғы 26 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар ж...
29/06/2026

Erasmus+ бағдарламасы бойынша ақпараттық сессия

2026 жылғы 26 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуанованың қатысуымен ақпараттық кездесу өтті.
Іс-шара халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Еуропалық Одақтың жобаларына қатысуға қызығушылық танытқан университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін біріктірді. Университет көптеген жылдар бойы Erasmus+ бағдарламасының белсенді қатысушысы болып келеді және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық жобаларын табысты жүзеге асырып келеді. Кездесу барысында Лаура Қалабайқызы Erasmus+ бағдарламасының жаңа конкурстары туралы өзекті ақпарат ұсынып, қазақстандық жоғары оқу орындарының Capacity Building in Higher Education (CBHE), Jean Monnet, Erasmus Mundus, International Credit Mobility (KA171) және бағдарламаның басқа да бағыттары бойынша қатысу мүмкіндіктеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, кездесу барысында бәсекеге қабілетті жобалық өтінімдерді әзірлеудің практикалық мәселелері, халықаралық консорциумдарды қалыптастыру, шетелдік серіктестерді іздеу және конкурстық іріктеудің негізгі талаптары жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар жобаларды дайындауға қатысты тәжірибелік ұсынымдар алып, университетте Erasmus+ бастамаларын іске асыруға байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тәжірибе алмасуға, болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға және университеттің халықаралық жобаларды әзірлеу әлеуетін нығайтуға ықпал ететін тиімді алаңға айналды.
Абылай хан университеті Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасы Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуановаға мазмұнды кездесуі, кәсіби кеңестері және жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді.

26 июня 2026 года в Казахском университете международных отношений и мировых языков имени Абылай хана состоялась информационная встреча с координатором Национального офиса программы Erasmus+ в Казахстане Лаурой Калабаевной Палуановой.
Мероприятие объединило сотрудников университета и профессорско-преподавательский состав, заинтересованных в развитии международного сотрудничества и участии в проектах Европейского Союза. Университет на протяжении многих лет активно участвует в программе Erasmus+, успешно реализуя проекты академической мобильности с ведущими университетами европейских стран. В ходе встречи Лаура Палуанова представила актуальную информацию о конкурсах программы Erasmus+, уделив особое внимание возможностям участия казахстанских университетов по направлениям Capacity Building in Higher Education (CBHE), Jean Monnet, Erasmus Mundus, International Credit Mobility (KA171) и другим инициативам программы. Особое внимание было уделено практическим аспектам подготовки конкурентоспособных проектных заявок, формированию международных консорциумов, поиску зарубежных партнеров и ключевым требованиям конкурсных процедур. Участники получили рекомендации по подготовке проектов, а также смогли задать вопросы, касающиеся реализации инициатив Erasmus+ в университете.
Встреча прошла в формате открытого диалога и стала эффективной площадкой для обмена опытом, обсуждения перспектив и укрепления проектного потенциала университета.
КазУМОиМЯ имени Абылай хана выражает искреннюю благодарность координатору Национального офиса Erasmus+ в Казахстане Лауре Калабаевне Палуановой за содержательную встречу, профессиональные рекомендации и вклад в развитие международного сотрудничества в сфере высшего образования.

6В02201-«Шығыстану» БББ студентінің ҚР СІМ-дегі дипломалды тәжірибесі6В02201 - «Шығыстану» білім беру бағдарламасының ст...
25/06/2026

6В02201-«Шығыстану» БББ студентінің ҚР СІМ-дегі дипломалды тәжірибесі

6В02201 - «Шығыстану» білім беру бағдарламасының студенті Арғынқызы Арша дипломалды өндірістік практикасын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде сәтті өтті. Практика студентке теориялық білімін іс жүзінде қолдануға, дипломатиялық қызметтің ерекшеліктерімен танысуға және кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Мұндай тәжірибе болашақ маманның кәсіби құзыреттерін нығайтып, халықаралық қатынастар саласындағы білікті маман болып қалыптасуына маңызды үлес қосады. 20 маусым күні Арғынқызы Арша өндірістік практикасын сәтті аяқтап, оның өткенін растайтын барлық қажетті құжаттарды, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен, кәсіби деңгейде және адал атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсыныс хатын алды. Бұл жетістік студенттің болашақ маман ретінде кәсіби құзыреттерін нығайтып, халықаралық қатынастар саласындағы білікті маман болып қалыптасуына маңызды үлес қосады. Арғынқызы Аршаны осы маңызды жетістігімен құттықтап, кәсіби жолында толағай табыстар тілейміз!
Шығыстану кафедрасы Арғынқызы Аршаның ҚР Сыртқы істер министрлігінде өтуіне мүмкіндік жасаған университетіміздің Практика және жұмысқа орналастыру орталығына алғыс білдіреді!

Преддипломная практика студентки ОП 6В02201 -«Востоковедение» в Министерстве иностранных дел Республики Казахстан

Студентка образовательной программы 6В02201 «Востоковедение» Арғынқызы Арша успешно прошла преддипломную производственную практику в Министерстве иностранных дел Республики Казахстан. Практика позволила студентке применить полученные теоретические знания на практике, ознакомиться со спецификой дипломатической службы и приобрести ценный профессиональный опыт. Такой опыт способствует укреплению профессиональных компетенций будущего специалиста и играет важную роль в его становлении как квалифицированного эксперта в сфере международных отношений. 20 июня Арғынқызы Арша успешно завершила практику и получила полный пакет документов, подтверждающих ее прохождение, а также Благодарственное письмо от Министерства иностранных дел Республики Казахстан в знак признания ее ответственности, профессионализма и добросовестного выполнения поставленных задач.
Это достижение является важным этапом в профессиональном становлении студентки, способствует дальнейшему развитию ее компетенций и подготовке высококвалифицированного специалиста в области международных отношений. Поздравляем Арғынқызы Аршу с этим значимым достижением и желаем ей дальнейших успехов, профессионального роста и новых достижений!

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ QS World University Rankings халықаралық рейтингінде Лондон, 18 маусым: Абылай хан атындағ...
19/06/2026

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ QS World University Rankings халықаралық рейтингінде

Лондон, 18 маусым: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті QS World University Rankings рейтингінің жиырма үшінші басылымына сәйкес әлемнің үздік университеттерінің бірі ретінде танылды. Жоғары білім саласындағы жаһандық талдау агенттігі QS Quacquarelli Symonds бүгін жариялаған 2027 жылғы рейтингте Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті әлем бойынша #1401+ орынды, ал Қазақстан университеттері арасында #16 орынды иеленді. QS аға вице-президенті Бен Соутер атап өткендей: «QS World University Rankings академиялық жетістіктерді салыстырмалы түрде бағалаудың маңызды құралы болып қала береді және студенттерге, ғалымдарға, сондай-ақ білім беру ұйымдарына негізделген шешімдер қабылдауға бағыт-бағдар береді. Біз рейтингке енген барлық университеттерді жаһандық инновацияларды, ынтымақтастықты және қоғамдық трансформацияны дамытуға қосқан үлесімен құттықтаймыз».
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ QS World University Rankings рейтингінде:
QS World University Rankings 2027 – «1401+»
QS World University Rankings: Asia 2026 – «326»
QS World University Rankings, Asia 2026: Central Asia – «23»
QS World University Rankings by Subject | 2026: Linguistics – «201-250»
QS World University Rankings by Subject | 2026: Modern Languages – «251-300»

Лондон, 18 июня: Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана был признан одним из ведущих университетов мира согласно двадцать третьему изданию рейтинга QS World University Rankings. В рейтинге 2027 года, опубликованном сегодня международным аналитическим агентством в сфере высшего образования QS Quacquarelli Symonds, Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана занял позицию #1401+ в мире и #16 среди университетов Казахстана. Старший вице-президент QS Бен Соутер отметил: «Рейтинг QS World University Rankings остается важным инструментом для сравнительной оценки академического превосходства, способствуя принятию обоснованных решений студентами, учеными и образовательными организациями. Мы поздравляем все вошедшие в рейтинг университеты с их вкладом в развитие глобальных инноваций, сотрудничества и общественной трансформации».
АО «Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана» в рейтинге QS World University Rankings:
QS World University Rankings 2027 – «1401+»
QS World University Rankings: Asia 2026 – «326»
QS World University Rankings, Asia 2026: Central Asia – «23»
QS World University Rankings by Subject | 2026: Linguistics – «201-250»
QS World University Rankings by Subject | 2026: Modern Languages – «251-300»

Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық дипломатиясы мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел2026 жылғы 12 маусымда ...
15/06/2026

Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық дипломатиясы мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстел

2026 жылғы 12 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде BRI-2026 халықаралық форумы: «Қытай – Орталық Азия: Цифрлық Жібек жолы, білім беру және инновациялар» аясында «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және Қытайдың Орталық Азиядағы экономикалық дипломатиясы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан AP23490344 «Халықаралық қатынастардың экономикалануының үрдістері және Жаңа Қазақстанның экономикалық дипломатиясы» атты гранттық жоба аясында ұйымдастырылды.
Халықаралық дөңгелек үстелді ғылыми жобаның жетекшісі, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Ч. Байсұлтанова ашып, қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, ғылыми пікірталастың негізгі бағыттарын айқындады. Іс-шараға шетелдік академиялық қауымдастық өкілдері де құттықтау сөздерін арнады. Құрметті қонақтар қатарында Италия Республикасындағы Тренто университетінің экономика және менеджмент факультетінің профессоры Бруно Даллаго, сондай-ақ Қырғыз Республикасындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің аймақтық мәселелер жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Кундузгүл Жаманчаевна Базакаева болды. Өз баяндамаларында ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және шетелдік сарапшылар «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру жағдайындағы экономикалық дипломатияның даму үрдістерін, Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ цифрлық трансформация, жасанды интеллект, көлік байланыстылығы және өңірдегі мәдени өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Қатысушылар халықаралық ғылыми диалогтың маңыздылығын, академиялық ынтымақтастықты дамытудың және әртүрлі елдердің университеттері арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтудың өзектілігін атап өтті. Өңірлік даму, экономикалық дипломатия және қазіргі жағдайдағы халықаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел ғылыми идеялармен алмасудың, академиялық диалогты нығайтудың және экономикалық дипломатия саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытудың маңызды алаңына айналды.

12 июня 2026 года в Казахском университете международных отношений и мировых языков имени Абылай хана в рамках Международного форума BRI-2026: «Китай – Центральная Азия: Цифровой Шёлковый путь, образование и инновации» в университете состоялся международный круглый стол на тему «Один пояс, один путь» и экономическая дипломатия Китая в Центральной Азии». Мероприятие было организовано при поддержке Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в рамках грантового проекта AP23490344 «Тенденции экономизации международных отношений и экономическая дипломатия Нового Казахстана».
Международный круглый стол открыла руководитель научного проекта, кандидат политических наук, профессор Байсултанова К.Ч., выступив с приветственным словом и обозначив основные направления научной дискуссии.
С приветственными обращениями к участникам выступили представители академического сообщества зарубежных стран. Среди почетных гостей мероприятия были Бруно Даллаго — профессор факультета экономики и менеджмента Трентского университета (Итальянская Республика), а также Кундузгуль Жаманчаевна Базакаева — кандидат политических наук, доцент, проректор по региональным вопросам Кыргызского национального университета имени Жусупа Баласагына (Кыргызская Республика) В своих выступлениях спикеры- ученые, преподаватели, докторанты, магистранты и зарубежные эксперты рассматривали современные тенденции развития экономической дипломатии в условиях реализации инициативы «Один пояс, один путь», перспективы торгово-экономического сотрудничества Казахстана, Китая и стран Центральной Азии, а также вопросы цифровой трансформации, искусственного интеллекта, транспортной взаимосвязанности и культурного взаимодействия в регионе.
Также участники подчеркнули значимость международного научного диалога, развития академического сотрудничества и укрепления партнерских связей между университетами разных стран. Особое внимание было уделено необходимости совместных исследований актуальных вопросов регионального развития, экономической дипломатии и международного взаимодействия в современных условиях.
Проведение круглого стола стало важной площадкой для обмена научными идеями, укрепления академического диалога и развития международного сотрудничества в сфере исследований экономической дипломатии.

BRI-2026 халықаралық форумы «Қытай – Орталық Азия: Цифрлық Жібек жолы, білім беру және жасанды интеллект»2026 жылғы 11 м...
15/06/2026

BRI-2026 халықаралық форумы «Қытай – Орталық Азия: Цифрлық Жібек жолы, білім беру және жасанды интеллект»
2026 жылғы 11 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Қытай - Орталық Азия: Цифрлық Жібек жолы, білім және жасанды интеллект» BRI-2026 халықаралық форумы өтті. Форумды Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Чжэцзян университеті ұйымдастырды. Іс-шара Қытай Халық Республикасының Алматы қаласы Бас консулдығының, Орталық Азия Университетінің, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің, Фудань университетінің, Шанхай Цзяо Тун университетінің, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының, «Қазақстан Tourism ҰК» АҚ, Қазақстандық туристік қауымдастық және Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы қатысуымен өткізілді. BRI-2026 Халықаралық форумы «Бір белдеу - бір жол» бастамасы аясында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін беделді алаңға айналды. Форум барысында Цифрлық Жібек жолын дамытуға, білім, ғылым, инновация және цифрлық технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ жаһандық цифрлық трансформация жағдайында өңір мемлекеттерінің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бірлескен тәсілдерді әзірлеуге ерекше назар аударылды. Форум жұмысына дипломатиялық корпус өкілдері, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және Италияның жетекші университеттерінің басшылары мен өкілдері, халықаралық білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарының, талдау орталықтарының, салалық бірлестіктердің, туристік индустрия мен экономиканың креативті секторының өкілдері, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қауымы қатысты. Форумда Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Басқарма Төрағасы - Ректордың міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Дана Ануварбековна Кунанбаева, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласы Бас консулдығының білім беру мәселелері жөніндегі консулы Хуан Сяомин (Huang Xiaomin), Орталық Азия университетінің ректоры, профессор Кристофер Герри, сондай-ақ Чжэцзян университетінің профессоры Ван Чжикай (Wang Zhikai) сөз сөйледі.
Спикерлер өз сөздерінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Жоғары білікті мамандарды даярлауда, инновацияларды дамытуда, академиялық ұтқырлықты кеңейтуде және бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруда университеттер мен ғылыми-білім беру орталықтарының рөліне ерекше назар аударылды.
Форум аясындағы маңызды оқиғалардың бірі «Бір белдеу - бір жол» бастамасы шеңберінде инновациялар және цифрлық ынтымақтастық жөніндегі зерттеу альянсын құру туралы Келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі болды. Альянсты құру халықаралық ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға, бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруға және қатысушы елдердің университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған. Секциялық отырыстар шеңберінде өз елдерінің жетекші университеттері мен ғылыми ұйымдарының атынан Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Италия және Қырғыз Республикасынан 25-тен астам зерттеушілер мен сарапшылар баяндама жасады. Қатысушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырып, «Бір белдеу - бір жол» бастамасын іске асыру аясында цифрлық трансформация, жасанды интеллект, халықаралық ынтымақтастық, білім беру, экономика және тұрақты дамудың өзекті мәселелерін талқылады.

Международный форум BRI-2026 «Китай – Центральная Азия: Цифровой Шёлковый путь, образование и искусственный интеллект»
11 июня 2026 года в Казахском университете международных отношений и мировых языков имени Абылай хана состоялся Международный форум BRI-2026 «Китай – Центральная Азия: Цифровой Шёлковый путь, образование и искусственный интеллект». Организаторами форума выступили Казахский университет международных отношений и мировых языков имени Абылай хана и Чжэцзянский университет. Мероприятие проводилось при участии Генерального консульства Китайской Народной Республики в Алматы, Университета Центральной Азии, Кыргызского национального университета имени Жусупа Баласагына, Фуданьского университета, Шанхайского университета Цзяо Тун, Института востоковедения имени Р.Б. Сулейменова, АО «НК Kazakh Tourism», Казахстанской туристской ассоциации и Казахстанской ассоциации гостиниц и ресторанов. Международный форум BRI-2026 стал авторитетной площадкой для обсуждения перспектив сотрудничества между Китаем и странами Центральной Азии в рамках инициативы «Один пояс — один путь». Особое внимание в ходе форума уделялось развитию Цифрового Шёлкового пути, укреплению взаимодействия в сферах образования, науки, инноваций и цифровых технологий, а также выработке совместных подходов к обеспечению устойчивого развития государств региона в условиях глобальной цифровой трансформации. В работе форума принимали участие представители дипломатического корпуса, руководители и представители ведущих университетов Казахстана, Китая, Кыргызстана и Италии, представители международных образовательных и научно-исследовательских организаций, аналитических центров, отраслевых объединений, туристской индустрии и креативного сектора экономики, а также профессорско-преподавательский состав, докторанты, магистранты и студенты. На форуме с приветственными словами к участникам обратились и.о. Председателя Правления – Ректора КазУМОиМЯ имени Абылай хана, кандидат экономических наук, профессор Кунанбаева Дана Ануварбековна, консул по вопросам образования Генерального консульства Китайской Народной Республики в г. Алматы Хуан Сяомин (Huang Xiaomin), ректор Университета Центральной Азии, профессор Кристофер Герри, а также профессор Чжэцзянского университета Ван Чжикай (Wang Zhikai).
В своих выступлениях спикеры подчеркнули важность укрепления сотрудничества между Китаем и странами Центральной Азии в условиях стремительного развития цифровых технологий и искусственного интеллекта. Особое внимание было уделено роли университетов и научно-образовательных центров в подготовке высококвалифицированных специалистов, развитии инноваций, расширении академической мобильности и реализации совместных исследовательских проектов.
Одним из ключевых событий форума стала торжественная церемония подписания Соглашения о создании Исследовательского альянса по инновациям и цифровому сотрудничеству в рамках инициативы «Один пояс – один путь». Создание альянса направлено на развитие международного научного взаимодействия, реализацию совместных исследовательских проектов и укрепление академического партнерства между университетами и научными центрами стран-участниц.
В рамках секционных заседаний с докладами выступили более 25 исследователей и экспертов из Казахстана, Китайской Народной Республики, Турции, Италии и Кыргызской Республики, представляющих ведущие университеты и научные организации своих стран. Участники представили результаты научных исследований и обсудили актуальные вопросы цифровой трансформации, искусственного интеллекта, международного сотрудничества, образования, экономики и устойчивого развития в контексте реализации инициативы «Один пояс – один путь».

Ablaikhan University психологының тәжірибе алмасу форматындағы жоғары оқу орындары психологтарының кездесуіне қатысуы202...
08/06/2026

Ablaikhan University психологының тәжірибе алмасу форматындағы жоғары оқу орындары психологтарының кездесуіне қатысуы

2026 жылғы 4 маусымда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің психологы Низамудин Мухаббат Арманқызы Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының психологтарына арналған кездесуге қатысты. Аталған іс-шараны Халықаралық білім беру корпорациясы кәсіби тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту бастамасы аясында ҚазБСҚА базасында ұйымдастырды. Кездесуге Алматы қаласы жоғары оқу орындарының психологиялық қызмет өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар студенттерге психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың психикалық денсаулығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылады және психологиялық қолайсыздықты ерте анықтаудың табысты тәжірибелерімен танысты. Әсіресе студенттің цифрлық профилін қалыптастыру және психологиялық қолайсыздықты ерте диагностикалау жүйесін қолдану бойынша әріптестердің тәжірибесі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қосымша қолдауды қажет ететін студенттерді уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық қолайсыздық белгілерін ерте анықтауға арналған цифрлық карталарды әзірлеу тәжірибелері, сондай-ақ ерекше назарды қажет ететін білім алушыларды ведомствоаралық сүйемелдеу үлгілері таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылар бірінші курс студенттерінің бейімделуі, эмоционалдық күйзелістің алдын алу, өмірлік дағдарыс жағдайындағы студенттерді психологиялық сүйемелдеу және психологиялық қызметтердің оқытушылармен және академиялық топ кураторларымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
Осындай кәсіби іс-шараларға қатысу озық тәжірибелермен алмасуға, қала жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және студент жастарға психологиялық қолдау көрсету жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың психологиялық қызметі білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға бағытталған заманауи тәсілдерді дамыту және тиімді профилактикалық бағдарламаларды енгізу жұмыстарын жалғастыруда.

04.06.2026 года психолог Казахского университета международных отношений и мировых языков имени Абылай хана, Низамудин Мухаббат Армановна, приняла участие во встрече психологов организаций высшего образования города Алматы, организованной Международной образовательной корпорацией в рамках инициативы по обмену профессиональным опытом и развитию межвузовского взаимодействия, которая состоялась на базе КазГАСА. В мероприятии приняли участие представители психологических служб вузов города Алматы. В ходе встречи участники обменялись опытом организации психологической помощи студентам, обсудили актуальные вызовы в сфере психического здоровья молодежи и ознакомились с успешными практиками раннего выявления психологического неблагополучия. Особый интерес участников вызвал опыт коллег по формированию цифрового профиля студента и использованию системы ранней диагностики психологического неблагополучия. Были представлены практики создания цифровых карт риска, позволяющих своевременно выявлять студентов, нуждающихся в дополнительной поддержке, а также модели межведомственного сопровождения обучающихся из групп риска. Кроме того, участники обсудили вопросы адаптации первокурсников, профилактики эмоционального выгорания, сопровождения студентов, находящихся в кризисных жизненных ситуациях, и повышения эффективности взаимодействия психологических служб с преподавателями и кураторами академических групп. Участие в подобных профессиональных мероприятиях способствует обмену успешными практиками, укреплению сотрудничества между вузами города и совершенствованию системы психологической поддержки студенческой молодежи.
Психологическая служба КазУМОиМЯ имени Абылай хана продолжает работу по развитию современных подходов к сохранению психологического благополучия обучающихся и внедрению эффективных профилактических программ.

Ablaikhan University профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты4 ма...
04/06/2026

Ablaikhan University профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттері Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұранына деген құрметті білдіретін ерекше мереке ретінде аталып өтеді. Дәл осы күні, 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ресми түрде бекітілген болатын.
Алматы қаласында мерекеге орай ұйымдастырылған негізгі іс-шаралардың бірі «Медеу» жоғары таулы спорт кешенінде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі болды.
Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қала әкімдігі мен түрлі мекемелердің өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жастардың белсенді қатысуы мерекенің мәнін арттыра түсіп, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсетті.
Салтанатты рәсім Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды. Әнұран әуенімен көк Ту көкке көтеріліп, ел тәуелсіздігінің, халық бірлігінің және Қазақстанның жетістіктерінің символы ретінде желбіреді.
Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген қала басшылығы мемлекеттік рәміздердің патриоттық тәрбие берудегі, азаматтық сананы қалыптастырудағы және тәуелсіздіктің құндылығын дәріптеудегі маңыздылығына тоқталды.
Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер патриоттық әндер мен шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалап, мерекелік көңіл күйге бөленді.
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Мұндай іс-шаралар ел тарихы мен құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ұлттық мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етеді.

Участие ППС и студентов Ablaikhan University в торжественной церемонии поднятия государственного флага Республики Казахстан

Традиционно 4 июня в стране отмечается День государственных символов Республики Казахстан. Праздник был установлен в 2007 году и с тех пор стал символом уважения к государственным атрибутам страны – флагу, гербу и гимну. Дата выбрана не случайно: именно 4 июня 1992 года были утверждены государственные символы независимого Казахстана.
В Алматы центральным событием праздничных мероприятий стала торжественная церемония поднятия Государственного флага на высокогорном спортивном комплексе «Медеу».
В мероприятии приняли участие аким города Алматы Дархан Сатыбалды, представители городских структур, а также преподаватели и студенты высших учебных заведений мегаполиса. Участие молодежи придало событию особую значимость, подчеркнув преемственность поколений и уважение к государственным символам.
Церемония началась с исполнения Государственного гимна Республики Казахстан. Под звуки гимна был поднят Государственный флаг – как символ единства народа, независимости страны и гордости за достижения Казахстана.
Выступая перед собравшимися, представители городской администрации подчеркнули важность государственных символов как основы патриотического воспитания, укрепления гражданской идентичности и осознания значения обретения независимости страны.
После официальной части для участников мероприятия была организована праздничная концертная программа. На сцене выступили творческие коллективы, прозвучали патриотические песни, а студенты активно поддерживали артистов, создавая атмосферу праздника.
Празднование на «Медеу» завершилось в торжественной и одновременно тёплой атмосфере. Участники отметили, что такие события не только подчеркивают значимость государственных символов, но и объединяют людей, укрепляя чувство национальной гордости и единства.

Address

Муратбаева 200
Almaty
050022

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when AblaiKhan University posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share