06/04/2022
«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының онкүндігі негізінде «Негізгі орта білім» мамандығының I-IV курс білім алушылары арасында жерлес ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың 85 жылдығына арналған колледжішілік «Меңдекеш оқуы» байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты: «Негізгі орта білім» мамандығының I-IV курс білім алушыларын ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы білім алушылардың өз халқына, тіліне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту болып табылады.
Байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты оқытушысы, педагог-шебер Сахипова Гульнар Уразгалиқызы, Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының «Ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Ақыл Манарбекұлы, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сираш Айбек Саматұлы қазылық етіп, қатысушылардың дауыс мәнері мен тіл тазалығына, өлеңді таңдау талғамына, сахналық бейне мен оқу шеберлігіне, сахналық киім үлгісіне баға берді.
Байқау жеңімпаздарының есімі «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының онкүндігінің жабылу салтанатында жарияланатын болады.
Меңдекештей дарынды ақыны бар біз бақытты ұрпақпыз!
#Оқубөлімі
#Филологиябөлімі
#Педагогикалықмамандықтаркафедрасы
#қазақтіліменәдебиеті
#онкүндік