07/12/2025
SDU EXTENSION CENTER ҰЙЫМДАСТЫРҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР
2025 жылдың 03.12 және 06.12 күндерінде Extension Center «Білім беру мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі мамандарға» арнап «Оқушыларды қолдау: инклюзия және психологиялық қауіпсіздік» атты семинар-тренингтер өткізді.
3 желтоқсанда психолог, психотерапевт, клиникалық психолог Ақерке Дәулет жасөспірімдермен жұмыс, буллинг тақырыбы және оның алдын алу жолдары бойынша пайдалы тәжірибесімен бөлісті.
6 желтоқсанда әлеуметтік және инклюзивті білім беру зерттеу орталығының жетекшісі Мадина Сүлеймен инклюзия бағытындағы өзекті мәселелер жайында практикалық тренинг жүргізді.
Өткізілген семинар-тренингтер қатысушыларға қазіргі мектеп ортасындағы ең маңызды бағыттардың бірі – оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен инклюзивті орта қалыптастыру жөнінде терең әрі практикалық білім алуға мүмкіндік берді.
SDU Extension Center алдағы уақытта да мектеп мамандарына арналған осындай мазмұнды, пайдалы әрі қоғам өзгерістеріне жауап беретін бағдарламаларды ұсынуды жалғастырады.