SDU University, Kazakhstan

SDU University, Kazakhstan SDU University was opened in 1996 by the President of Kazakhstan
(1)

The University's programs are particularly responsive to the needs of individuals, public groups, and agencies in the community; all are rapidly adjusting themselves to the quickly changing social, political and economical environment of the country.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ18 тамызда Алмат...
19/08/2026

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

18 тамызда Алматы қаласының Білім басқармасы мен жоғары оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, SDU University және De Montfort University ректорлары қатысты.

SDU University ректоры Арман Жұмажанов өз сөзінде меморандумды мектеп пен университет арасындағы байланысты нығайтатын нақты қадам ретінде атап өтті. Ол педагогтерді даярлау мен кәсіби дамыту, студенттердің мектептердегі тәжірибесін күшейту, бірлескен зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісінде тиімді әрі жауапкершілікпен қолданудың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында Алматы қаласының Білім басқармасы мен жоғары оқу орындары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

***

DEPARTMENT OF EDUCATION OF ALMATY CITY AND UNIVERSITIES SIGN MEMORANDA OF COOPERATION

On August 18, a signing ceremony was held for memoranda of cooperation between the Department of Education of Almaty city and higher education institutions.

The event was attended by the rectors of Abai Kazakh National Pedagogical University, Kazakh National Women’s Teacher Training University, Ablai Khan Kazakh University of International Relations and World Languages, SDU University, and De Montfort University.

In his speech, SDU University Rector Arman Zhumazhanov highlighted that the memorandum is not merely a formal document, but a concrete step toward strengthening cooperation between schools and universities. He emphasized the importance of teacher training and professional development, strengthening students’ practical experience in schools, joint research, and the effective and responsible use of artificial intelligence and digital technologies in education.

The event concluded with the signing of memoranda of cooperation between the Department of Education of Almaty city and the participating universities.

SDU СТУДЕНТТЕРІ — ӘСКЕРИ ИНЖЕНЕРИЯ АЛАҢЫНДАSDU University-дің Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектеб...
14/08/2026

SDU СТУДЕНТТЕРІ — ӘСКЕРИ ИНЖЕНЕРИЯ АЛАҢЫНДА

SDU University-дің Ақпараттық технологиялар және қолданбалы математика мектебінің 10 студентінен құралған SQQ x SDU University командасы Қазақстандағы алғашқы әскери инженерлік техника чемпионаты — «SHAIQAS 2026» финалдық кезеңіне қатысуда.

Defence Tech Center чемпионаты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өтуде.

Команда мүшелері «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқиды және чемпионатта киберқауіпсіздік бағыты бойынша бақ сынайды.

Чемпионат төрт негізгі бағытты қамтиды: әуе жүйелері, жерүсті жүйелері, киберқауіпсіздік және тактика.

«SHAIQAS 2026» — әскери және азаматтық қатысушыларды біріктіретін, инженерлік әзірлемелерді нақты жағдайларға барынша жақын ортада сынауға мүмкіндік беретін практикалық чемпионат.

Финалдық кезең мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 15 тамызда «Амандық» әскери полигоны, Ақмола облысында өтеді.

SDU командасына сәттілік тілейміз!

SDU УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫЖаңа басшы қызметіне Арман Жұмажанов кірісті.Жоғары білім беру саласында 15 ж...
04/08/2026

SDU УНИВЕРСИТЕТІНЕ ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жаңа басшы қызметіне Арман Жұмажанов кірісті.

Жоғары білім беру саласында 15 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар Арман Жұмажанов бұған дейін Nazarbayev University-де басшылық лауазымдарды, соның ішінде Президент кеңсесінің басшысы (Chief of Staff) қызметін атқарған. Сондай-ақ ол «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Indiana University Bloomington (АҚШ) университетінде Жоғары білім беруді басқару (Higher Education Administration) бағыты бойынша докторантура бағдарламасында оқыған.

SDU University ұжымы университеттің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бұрынғы ректор Әлімжан Игенбаевқа алғыс білдіреді және алдағы қызметіне табыс тілейді. Сондай-ақ Арман Жұмажановқа ректор қызметінде сәттілік тілеп, оның басшылығымен университеттің жаңа белестерді бағындыратынына сенім білдіреді.

_______________________________________________________________

SDU UNIVERSITY APPOINTS A NEW RECTOR

SDU University is pleased to announce the appointment of Arman Zhumazhanov as the new Rector of the University.

With over 15 years of leadership experience in higher education, Mr. Zhumazhanov previously served in senior leadership roles at Nazarbayev University, including Chief of Staff to the President. He pursued a Doctor of Education in Higher Education Administration from Indiana University Bloomington (USA) through the prestigious Bolashak International Scholarship.

The SDU University community expresses its sincere gratitude to the University's former Rector, Alimzhan Igenbayev, for his valuable contribution to the University's development and wishes him every success in his future endeavors. The community also wishes Mr. Zhumazhanov every success in his new role as Rector and looks forward to the continued growth and achievements of SDU University under his leadership.

SDU UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ ДАЙЫНДАҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИЗИКА ОЛИМПИАДАСЫНДА ТАРИХИ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІSDU Universi...
21/07/2026

SDU UNIVERSITY ПРОФЕССОРЫ ДАЙЫНДАҒАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФИЗИКА ОЛИМПИАДАСЫНДА ТАРИХИ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ

SDU University қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Самат Максутов жетекшілік еткен Қазақстанның ұлттық құрамасы Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO 2026) тарихи нәтижеге қол жеткізді. Қазақстан құрамасы алғаш рет бес бірдей алтын медаль жеңіп алып, ел тарихындағы және халықаралық пәндік олимпиадалар тарихындағы ең үздік көрсеткішті тіркеді.

2026 жылғы 4–12 шілде аралығында Колумбияның Букараманга қаласында өткен беделді білім бәйгесіне әлемнің 85 елінен 381 оқушы қатысты. Дәстүрлі түрде физикадан ең мықты құрамалар саналатын Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан және Ресей секілді мемлекеттердің қатысуымен өткен додада Қазақстан құрамасының барлық бес мүшесі де алтын медаль иеленді.

Алтын медаль иегерлері:
• Нұргүл Егенбергенова;
• Әмірбек Азатбеков;
• Ілияс Қазымбек;
• Роман Черемнов;
• Дамир Құрман.
Бұл – Қазақстанның Халықаралық физика олимпиадасына қатысу тарихындағы ең жоғары нәтиже. Айта кетейік, IPhO олимпиадасы 1967 жылдан бері өткізіліп келеді, ал Қазақстан бұл халықаралық білім сайысына 1997 жылдан бастап тұрақты қатысып келеді.

Ұлттық құраманы SDU University қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Самат Максутов пен физикадан халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев дайындады. Жетекшілердің негізгі міндеті – еліміздің дарынды оқушыларын іріктеп, оларды халықаралық деңгейдегі білім бәсекелеріне жан-жақты әзірлеу. Бұл жұмыс терең пәндік білімді, халықаралық тәжірибені және жоғары деңгейдегі ағылшын тілін меңгеруді талап етеді.
Олимпиада жеңімпаздарын Алматы халықаралық әуежайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Давлет және Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев қатысып, жеңімпаздарды тарихи жетістіктерімен құттықтады.
SDU University үшін профессорлар мен оқытушылардың халықаралық деңгейдегі ғылыми және академиялық жетістіктері – университеттің білім сапасы мен кәсіби әлеуетінің айқын көрінісі.
SDU University ұжымы қауымдастырылған профессор, PhD докторы Самат Максутовты кезекті тарихи жетістігімен шын жүректен құттықтайды. Ғалымға ғылыми-зерттеу қызметінде толағай табыс, халықаралық аренада жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз.

***

SDU UNIVERSITY PROFESSOR LED KAZAKHSTAN’S HISTORIC VICTORY AT THE INTERNATIONAL PHYSICS OLYMPIAD

The national team of Kazakhstan, led by SDU University Associate Professor and PhD Samat Maksutov, achieved a historic milestone at the International Physics Olympiad (IPhO 2026). For the first time in the country's history, Kazakhstan won five gold medals, setting a national record and achieving its best-ever result at the world's most prestigious physics competition.

The Olympiad was held from July 4 to 12, 2026, in Bucaramanga, Colombia, bringing together 381 students from 85 countries. Competing against some of the world's strongest teams, including China, South Korea, India, and Russia, every member of the Kazakh national team earned a gold medal.
The gold medalists are:
• Nurgul Yegenbergenova;
• Amirbek Azatbekov;
• Ilyas Kazymbek;
• Roman Cheremnov;
• Damir Kurman.
The International Physics Olympiad has been held annually since 1967, while Kazakhstan has participated regularly since 1997. This year's achievement marks the country's most successful performance in the history of the competition.

The national team was coached by SDU University Associate Professor, PhD Samat Maksutov, together with Alisher Yerkebayev, an international physics Olympiad medalist. Their role includes identifying the country's most talented students and preparing them for international academic competitions through intensive training, requiring outstanding expertise in physics and a high level of English proficiency.

The medalists were officially welcomed at Almaty International Airport, where they were congratulated by Zhuldyz Suleimenova, Minister of Education of the Republic of Kazakhstan; Abzal Nukenov, Deputy Akim of Almaty; Timur Davlet, Director of the Daryn Republican Scientific and Practical Center; and Saken Aralbayev, Head of the Almaty City Education Department.
For SDU University, the international achievements of its faculty members reflect the University's strong academic environment, research excellence, and commitment to preparing future generations of talented scientists.

The SDU University community sincerely congratulates Associate Professor, PhD Samat Maksutov on this remarkable achievement and wishes him continued success in research, education, and future accomplishments on the international stage.

DEM ALL (KOREAN EDITION) – SUMMER EDITION 2026: ЕКІ АПТАЛЫҚ БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТКЕ ТОЛЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП2026 жылғы 29 маусым м...
13/07/2026

DEM ALL (KOREAN EDITION) – SUMMER EDITION 2026: ЕКІ АПТАЛЫҚ БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТКЕ ТОЛЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

2026 жылғы 29 маусым мен 10 шілде аралығында SDU Extension Center ұйымдастырған DEM ALL (Korean Edition) – Summer Edition 2026 жазғы тілдік мектебі өз мәресіне жетті.

Бағдарлама мектеп оқушылары мен ересек тыңдаушыларды біріктіріп, корей тілі мен мәдениетін тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді. Жазғы мектепке барлығы 33 қатысушы қатысып, тілдік дайындық деңгейіне сәйкес үш топта білім алды.

Екі апта бойы қатысушылар корей тілінің негізгі дағдыларын жетілдіріп, тәжірибелік сабақтар арқылы білімдерін нығайтты. Сонымен қатар, бағдарлама аясында корей мәдениетімен танысуға бағытталған танымдық кездесулер, шығармашылық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар K-pop мәдениетін жақынырақ танып, жаңа достар тауып, ұмытылмас тәжірибе жинақтады.

Бағдарламаның табысты жүзеге асуына үлес қосқан PAS Team құрамындағы 20 еріктіге, жоба жетекшілері Won Dae Hee, Lee Yongseok, Kim Dongeon мырзаларға, сондай-ақ қатысушыларға қолдау көрсеткен SDU University-дің 9 студент-амбассадорына алғысымызды білдіреміз.

SDU Extension Center халықаралық білім беру жобалары мен тілдік бағдарламаларды дамыту бағытында серіктестікті кеңейтуді жалғастырады және жаңа ынтымақтастық бастамаларына ашық.
Ынтымақтастық мәселелері бойынша байланыс телефоны: +7 775 595 22 15.
****
DEM ALL (KOREAN EDITION) – SUMMER EDITION 2026: TWO WEEKS OF LANGUAGE, CULTURE, AND UNFORGETTABLE EXPERIENCES

From June 29 to July 10, 2026, the SDU Extension Center successfully hosted the DEM ALL (Korean Edition) – Summer Edition 2026 Summer Language School.

The program brought together school students and adult learners, offering them an opportunity to improve their Korean language skills while gaining a deeper understanding of Korean culture. A total of 33 participants joined the program and studied in three groups according to their language proficiency levels.

Throughout the two-week program, participants enhanced their Korean language skills through interactive lessons and practical activities. They also explored various aspects of Korean culture, took part in creative and sports events, discovered the world of K-pop, built new friendships, and created lasting memories.

The SDU Extension Center extends its sincere appreciation to the 20 volunteers of the PAS Team, project leaders Won Dae Hee, Lee Yongseok, and Kim Dongeon, as well as the nine SDU University student ambassadors whose dedication and support contributed to the successful implementation of the program.

The SDU Extension Center remains committed to expanding international educational initiatives and language programs and welcomes new opportunities for collaboration.
For partnership and collaboration inquiries: +7 775 595 22 15.

SDU МАГИСТРАНТЫ «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫАстана қаласындағы Cardiff University K...
10/07/2026

SDU МАГИСТРАНТЫ «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Астана қаласындағы Cardiff University Kazakhstan кампусында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ғылым, жоғары білім және мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосып жүрген БАҚ өкілдерін ведомстволық марапаттармен марапаттады.

Салтанатты рәсімде SDU University-дің «Медиа зерттеулер және журналистика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты, «Ana tili» газетінің журналисі Бағдат Сұлтанқызы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық төсбелгісіне ие болды.

Марапатты табыстаған министр Саясат Нұрбек журналистердің ғылым мен білімді қоғамға түсінікті тілде насихаттаудағы, жас ғалымдардың еңбегін танытудағы және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтудегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Өз кезегінде Бағдат Сұлтанқызы бұл марапаттың өзі үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік екенін айтып, ана тілін дамыту, білім мен ғылымды дәріптеу жолындағы еңбегін алдағы уақытта да жалғастыра беретінін жеткізді.

Қазіргі таңда жас зерттеуші SDU University-де медиа зерттеулер және журналистика бағыты бойынша ғылыми ізденісін жалғастыруда. Оның зерттеулері қазіргі қазақ медиасындағы қоғамдық маңызы бар тақырыптардың берілу ерекшеліктерін, ақпараттың фреймделуі мен медиадағы дискурстық үдерістерді талдауға бағытталған.

SDU University ұжымы Бағдат Сұлтанқызын жоғары марапатымен құттықтап, ғылым мен журналистика саласындағы шығармашылық және кәсіби қызметіне толағай табыс тілейді.

***
SDU UNIVERSITY MASTER'S STUDENT RECEIVES MEDAL FOR CONTRIBUTION TO THE DEVELOPMENT OF THE NATIVE LANGUAGE

A ceremonial event dedicated to the Day of Mass Media Workers was held at the Cardiff University Kazakhstan campus in Astana. During the ceremony, the Minister of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan, Sayasat Nurbek, presented departmental awards to media professionals for their contribution to the development of science, higher education, and the state language.

Among the award recipients was Bagdat Sultankyzy, a second-year master's student in the Media Studies and Journalism program at SDU University and a journalist at the Ana tili newspaper. She was awarded the "For Contribution to the Development of the Native Language" departmental medal of the Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan.
In his remarks, Minister Sayasat Nurbek highlighted the essential role of journalists in promoting science and education, showcasing the achievements of young researchers, and expanding the use of the state language.

Receiving the award, Bagdat Sultankyzy described it as a great honor and responsibility, emphasizing that it inspires her to continue contributing to the development of the Kazakh language and to the promotion of education and science.
Currently, she is pursuing her master's degree at SDU University, where her research focuses on the representation of socially significant issues in contemporary Kazakh media, as well as the analysis of media framing and discourse.

The SDU University community congratulates Bagdat Sultankyzy on this distinguished recognition and wishes her continued success in her academic and professional endeavors.

SDU UNIVERSITY THE IMPACT RANKINGS 2026 РЕЙТИНГІНДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТТЫSDU University халықаралық Times Higher Ed...
24/06/2026

SDU UNIVERSITY THE IMPACT RANKINGS 2026 РЕЙТИНГІНДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖАҚСАРТТЫ

SDU University халықаралық Times Higher Education (THE) Impact Rankings 2026 рейтингінде өз нәтижесін жақсартып, әлемдік жоғары оқу орындары арасындағы позициясын нығайтты.
Биыл университет 58,5 жалпы ұпай жинап, әлемдік рейтингтің 801–1000 орындар тобына енді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда елеулі өсім болып табылады: 2025 жылы SDU University 1001–1500 орындар диапазонында орналасқан болатын.
THE Impact Rankings рейтингі жоғары оқу орындарының Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (Sustainable Development Goals – SDGs) іске асыруға қосқан үлесін бағалайды. 2026 жылы SDU University 10 Тұрақты даму мақсаты бойынша бағаланды.

Университеттің негізгі көрсеткіштері төмендегідей:
• SDG 1 – No Poverty (Кедейлікті жою): 601–800
• SDG 3 – Good Health and Well-being (Денсаулық және әл-ауқат): 1001+
• SDG 4 – Quality Education (Сапалы білім): 601–800
• SDG 5 – Gender Equality (Гендерлік теңдік): 401–600
• SDG 8 – Decent Work and Economic Growth (Лайықты еңбек және экономикалық өсім): 601–800
• SDG 9 – Industry, Innovation and Infrastructure (Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым): 601–800
• SDG 10 – Reduced Inequalities (Теңсіздікті азайту): 401–600
• SDG 11 – Sustainable Cities and Communities (Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар): 601–800
• SDG 16 – Peace, Justice and Strong Institutions (Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар): 401–600
• SDG 17 – Partnerships for the Goals (Мақсаттар жолындағы серіктестік): 401–600

Аталған нәтиже SDU University-дің білім беру сапасын арттыру, әлеуметтік жауапкершілікті дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау және тұрақты даму қағидаттарын университет қызметіне жүйелі енгізу бағытындағы жұмыстарының тиімділігін көрсетеді.

***

SDU UNIVERSITY IMPROVES ITS POSITION IN THE IMPACT RANKINGS 2026

SDU University is proud to announce an improvement in its performance in the Times Higher Education (THE) Impact Rankings 2026, strengthening its position among higher education institutions worldwide.
This year, the university achieved an overall score of 58.5 out of 100 and was ranked in the 801–1000 band globally. This marks a significant improvement compared to 2025, when SDU University was placed in the 1001–1500 range.
The THE Impact Rankings assess universities based on their contributions to the United Nations Sustainable Development Goals (SDGs). In 2026, SDU University was evaluated across 10 Sustainable Development Goals.

The university’s key results are as follows:
• SDG 1 – No Poverty: 601–800
• SDG 3 – Good Health and Well-being: 1001+
• SDG 4 – Quality Education: 601–800
• SDG 5 – Gender Equality: 401–600
• SDG 8 – Decent Work and Economic Growth: 601–800
• SDG 9 – Industry, Innovation and Infrastructure: 601–800
• SDG 10 – Reduced Inequalities: 401–600
• SDG 11 – Sustainable Cities and Communities: 601–800
• SDG 16 – Peace, Justice and Strong Institutions: 401–600
• SDG 17 – Partnerships for the Goals: 401–600

This achievement reflects SDU University’s commitment to enhancing educational quality, promoting social responsibility, supporting research activities, and systematically integrating sustainable development principles into all aspects of the university’s operations.

АЛМАТЫДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ IT LAW FORUM V ӨТІП, ЦИФРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ2026 жылғы 16 маусымда Almaty Hub...
17/06/2026

АЛМАТЫДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ IT LAW FORUM V ӨТІП, ЦИФРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 16 маусымда Almaty Hub алаңында SDU University ұйымдастыруымен V жыл сайынғы IT Law Forum табысты өтті. Almaty Hub пен Narxoz University бірлескен ұйымдастыруымен өткен форум құқық, технология және жасанды интеллект саласындағы жетекші сарапшыларды, мемлекеттік орган өкілдерін, бизнес қауымдастықты және академиялық ортаны бір алаңға жинады.

Форум Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, Қазақстандағы цифрлық құқықтың даму бағыттары, жасанды интеллектті құқықтық реттеу, киберқауіпсіздік, дербес деректерді қорғау, цифрлық кәсіпкерлік және LegalTech экожүйесін дамыту мәселелеріне арналды.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева «Болашақ құқығы: AI, Цифрлық кодекс және Қазақстанның жаңа цифрлық архитектурасы» тақырыбында негізгі баяндамасын жасап, еліміздегі цифрлық трансформацияның құқықтық негіздерін дамытуға қатысты өз көзқарасымен бөлісті.

Форум барысында төрт негізгі панельдік бағыт бойынша пікірталастар өтті:
● жасанды интеллектті құқықтық реттеу және цифрлық саясат;
● киберқауіпсіздік пен деректерді қорғау;
● цифрлық бизнесті құқықтық сүйемелдеу;
● LegalTech және заң практикасын автоматтандыру.

Спикерлер қатарында мемлекеттік органдардың, халықаралық заң компанияларының, IT индустриясының және жетекші технологиялық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, саланың өзекті мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Форум аясында ұйымдастырылған LegalTech Expo көрмесінде заң саласына арналған инновациялық технологиялық шешімдер таныстырылды. Қатысушылар электрондық құжат айналымы, жасанды интеллект негізіндегі құқықтық сервистер және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы жаңа өнімдермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараның маңызды оқиғаларының бірі Kazakhstan’s Legal AI Benchmark зерттеуінің тұсаукесері болды. Бұл зерттеу Қазақстан заңнамасымен жұмыс істеудегі жасанды интеллект модельдерінің тиімділігін алғаш рет кешенді түрде салыстырып, құқықтық саланы цифрландырудағы жаңа мүмкіндіктерді айқындады.
Сонымен қатар форум аясында өткен LegalTech Showcase байқауында стартаптар мен технологиялық компаниялар өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, сарапшылар бағасына ие болды.

V жыл сайынғы IT Law Forum құқық пен технология саласындағы кәсіби диалогты нығайтып, Қазақстандағы цифрлық құқықтың дамуына, ғылыми зерттеулердің ілгерілеуіне және LegalTech экожүйесінің қалыптасуына маңызды үлес қосқан беделді халықаралық алаң ретінде өз мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

***
ALMATY HOSTS THE 5TH ANNUAL IT LAW FORUM FOCUSED ON KEY DIGITAL LAW ISSUES

On June 16, 2026, the 5th Annual IT Law Forum, organized by SDU University, was successfully held at Almaty Hub. Co-organized by Almaty Hub and Narxoz University, the forum brought together leading experts in law, technology, and artificial intelligence, as well as representatives of government agencies, the business community, and academia.

The event was held within the framework of the Year of Digitalization and Artificial Intelligence declared by the Head of State. It focused on key issues related to the development of digital law in Kazakhstan, the legal regulation of artificial intelligence, cybersecurity, personal data protection, digital entrepreneurship, and the advancement of the LegalTech ecosystem.

The forum opened with a keynote address by Mazhilis Deputy of the Parliament of the Republic of Kazakhstan, Ekaterina Smyshlyayeva, titled “The Law of the Future: AI, the Digital Code, and Kazakhstan’s New Digital Architecture.” In her speech, she shared her vision for strengthening the legal foundations of the country’s ongoing digital transformation.

The forum featured discussions across four key thematic areas:
• legal regulation of artificial intelligence and digital policy;
• cybersecurity and data protection;
• legal support for digital business;
• LegalTech and the automation of legal practice.

Speakers included representatives of government institutions, international law firms, the IT industry, and leading technology organizations, who shared their expertise and insights on the most pressing challenges and opportunities facing the sector.
As part of the event, the LegalTech Expo showcased innovative technological solutions for the legal industry. Participants explored new products and services in electronic document management, AI-powered legal services, and information security.

One of the forum’s highlights was the presentation of the Kazakhstan’s Legal AI Benchmark study. For the first time, the research provided a comprehensive comparison of artificial intelligence models’ performance in working with Kazakhstan’s legislation, identifying new opportunities for the digital transformation of the legal sector.

In addition, the LegalTech Showcase competition provided a platform for startups and technology companies to present their innovative projects and receive evaluations from industry experts.
The 5th Annual IT Law Forum once again reaffirmed its status as a respected international platform that fosters professional dialogue at the intersection of law and technology, promotes research and innovation, advances digital law, and contributes to the development of Kazakhstan’s LegalTech ecosystem.

SDU UNIVERSITY-ДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ФОРУМЫ ӨТТІSDU University қабырғасында Академиялық адалдық л...
28/05/2026

SDU UNIVERSITY-ДЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

SDU University қабырғасында Академиялық адалдық лигасының (ЛАЧ) құрылғанына 8 жыл толуына орай «Building Trust in Higher Education» тақырыбындағы жыл сайынғы форумы өтті. Іс-шара модераторы SDU University стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Андрей Богданчиков болды.

Академиялық адалдық лигасы (Akademiialyq Adaldyq Ligasy) — Қазақстанның жоғары оқу орындарын біріктіретін, білім беру кеңістігінде ашықтық, әділдік, этика және өзара сенім қағидаттарын орнықтыруды басты миссия еткен жетекші ұйым.
Форум аясындағы панельдік сессия барысында еліміздің жетекші сарапшылары мен жоғары оқу орындарының басшылары қазіргі заманның цифрлық және институционалдық сын-қатерлеріне арналған мазмұнды баяндамалар жасады.
Панельдік сессияда Лига қызметінің постмониторингтік талдауы, экожүйені дамыту бағыттары және мектептер мен колледждерге арналған сапа мен академиялық адалдық стандарттарын әзірлеу бойынша жобалық кеңсе жұмысының нәтижелері ұсынылды.

Сонымен қатар, сарапшылар жасанды интеллект дәуіріндегі академиялық адалдықты бақылау тетіктері, цифрлық университеттің аналитикалық құралдары арқылы академиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу, бітіруші курс студенттерінің жауапкершілігі, жоғары оқу орындарындағы институционалдық мәдениетті қалыптастыру және медициналық білім берудегі академиялық этиканың маңызы сынды өзекті мәселелерді талқылады.

Форум бағдарламасы Академиялық адалдық лигасының сарапшыларын марапаттау рәсімімен және SDU University кампусы бойынша таныстыру экскурсиясымен жалғасты.
Күннің екінші жартысында Лиганың Жалпы жиналысының ресми отырысы өтті. Барлығы 12 өтінім қаралып, оның ішінде Лига құрамына қосылуға ниет білдірген 6 университеттің баяндамалары тыңдалды. Лиганың ішкі регламентіне сәйкес, өзге 6 өтінім келесі отырысқа дейін кейінге қалдырылды.
Жалпы жиналыс барысында Академиялық адалдық лигасы аясында жасанды интеллектті қолдану жөніндегі ресми нұсқаулық бекітілді.

Отырыстың маңызды қорытындыларының бірі — 2026–2027 оқу жылына арналған Лига Жалпы жиналысының төрағасын сайлау болды. Бұл лауазымға Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (МУИТ) мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (Kozybayev University) үміткер болды.

Дауыс беру нәтижесінде көпшілік дауыспен Kozybayev University Академиялық адалдық лигасының жаңа төрағасы болып сайланды.

SDU University ұжымы Kozybayev University-ді осы жауапты әрі мәртебелі қызметке сайлануымен шын жүректен құттықтайды. Жаңа төрағаның институционалдық тәжірибесі мен академиялық құндылықтарға адалдығы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдық стандарттарын одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіреміз.

SDU UNIVERSITY ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТТІHR департамен...
19/05/2026

SDU UNIVERSITY ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ БОЙЫНША БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ӨТТІ
HR департаментінің бастамасымен SDU Extension Center университеттің әкімшілік қызметкерлеріне арналған «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген курс үш модульден тұрды және қатысушылардың цифрлық құзыреттіліктерін дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын кәсіби қызметте тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Оқу барысында тыңдаушылар заманауи AI құралдарының мүмкіндіктерімен танысып, құжаттармен жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, мәтін генерациялау, жұмыс үдерістерін оңтайландыру және күнделікті кәсіби міндеттерді автоматтандыру бағытында практикалық білім алды.

Бағдарлама қорытындысы бойынша курс талаптарын толық орындаған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Аталған сертификаттар аттестаттау барысында есепке алынады.
SDU Extension Center курсқа белсенді қатысқан тыңдаушыларға, сондай-ақ өз тәжірибесімен бөліскен спикерлер — Ибрагим Тунжер және Бахтиёр Мералиев мырзаларға алғыс білдіреді.

Біліктілікті арттыру және дағдыларды жетілдіру бөлімі
+7 (776) 702 31 34

***
SDU UNIVERSITY HELD A PROFESSIONAL DEVELOPMENT COURSE ON ARTIFICIAL INTELLIGENCE FOR ADMINISTRATIVE STAFF

At the initiative of the HR Department, the SDU Extension Center organized an 80-hour professional development course titled “Application of Artificial Intelligence in the Educational Process” for the university’s administrative staff.

The course, included in the Register of Educational Programs, consisted of three modules and aimed to enhance participants’ digital competencies as well as develop practical skills in the effective use of artificial intelligence tools in professional activities.
During the course, participants explored the capabilities of modern AI tools and gained practical knowledge in document management, information processing, text generation, workflow optimization, and automation of daily professional tasks.

Upon completion of the program, participants who successfully fulfilled all course requirements were awarded certificates. These certificates will be taken into account during the attestation process.

The SDU Extension Center expresses its gratitude to all participants for their active engagement, as well as to the speakers — Ibrahim Tunger and Bakhtiyor Meraliev — for sharing their valuable expertise and professional experience.

Professional Development and Skills Enhancement Department
+7 (776) 702 31 34

Address

Abylai Khan Street 1/1
Kaskelen
040900

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77273079565

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when SDU University, Kazakhstan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to SDU University, Kazakhstan:

Shortcuts

Share