20/04/2026
2026 жылғы 16 сәуір күні «Инжиниринг және азық-түлік технологиялары институтының» B068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі БББ аға оқытушы Ахметова Венера Шаймуратовна 2-курс, 068-24-26тобының студенттеріне «Теоретические основы производства пищевых продуктов» пәні «Технология производства мясных комбинированных продуктов» тақырыбында ашық семинар сабақ жүргізді. Іс-шараның мақсаты – студенттердің, тағам өнімдері, соның ішінде ет технологиясы бойынша ет шикізаттарын таңдау, ет өнімдерінің ассортиментімен танысу және құрама ет өнімдерінің дайындалу технологиясын жетілдіру бойынша білімдерін арттыру болып табылады.
Семинар сабақ алдымен, тақырыпты қайталау ретінде студенттерге сұрақ қойылды. Топ студенттері шартты түрде 3 командаға бөлінді, әрбір топша бір тақырыпты таңдау барысында өз жобаларын қорғауға мүмкіндік берілді. Одан кейін әрбір топтың студенттері жоба тақырыбын кеңінен түсіндіріліп, презентация жасау арқылы орындады. Теориялық бөлімнен кейін студенттер топтық жұмыс орындап, берілген тапсырма бойынша өз шешімдерін қорытындылады.
Семинар сабақ мазмұнды, интерактивті әрі қызықты өтті. Студенттер белсенділік танытып, өзара пікір алмасу барысында кәсіптік дағдыларын жетілдірді. Ашық сабаққа B068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі БББ профессорлық-оқытушылық құрамы: техника ғылымдарының докторы, «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» БББТ-ның профессоры Сағымбек Әлтайұлы, техника ғалымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Құндызбаева Назигуль Джумакановна, PhD докторлары Сағандық Асем, Мулдашева Ақнұр Хайратовна, «Сүт және сүт өнімдеріні» оқу-эксперименталдық цехының бас технологы Калемшарив Бекжан және де бір қатар оқытулылар қатысып, өз қолдауларын білдірді.