20/05/2026
🌍🇰🇿 ЕАГИ халықаралық ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде!
2026 жылғы 13–14 мамыр күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық жоғары білімді дамыту орталығының бастамасымен ұйымдастырылған «Study in Kazakhstan» халықаралық білім көрмесі өтті.
Аталған көрмеде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының атынан Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Салтанат Акимовна Мейрамова қатысты.
Көрме аясында ЕАГИ-дің білім беру бағдарламалары, халықаралық қызмет бағыттары және академиялық ынтымақтастық мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар Моңғолияның жетекші жоғары оқу орындарымен өзара байланыс орнату және серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Халықаралық білім алаңдарына қатысу — институттың әлемдік білім кеңістігіндегі орнын нығайтуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және қазақстандық жоғары білімнің әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік береді. ✨
***
🌍🇰🇿 ЕАГИ расширяет международное сотрудничество!
С 13 по 14 мая в городе Улан-Батор (Монголия) прошла международная образовательная выставка «Study in Kazakhstan», организованная по инициативе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан и НЦРВО.
От имени Евразийского гуманитарного института имени А.К. Кусаинова в мероприятии приняла участие директор Департамента международного сотрудничества и интернационализации Салтанат Акимовна Мейрамова.
В рамках выставки ЕАГИ представил образовательные программы института, направления международной деятельности и возможности академического взаимодействия. Также состоялись встречи и обсуждения перспектив сотрудничества с ведущими вузами Монголии.
Участие в подобных международных площадках — это важный шаг в укреплении позиций института на международной арене, развитии партнерских связей и продвижении казахстанского образования за рубежом. ✨
#ЕАГИ #МеждународноеСотрудничество #Образование