04/05/2026
📌Жоғары оқу орындары студенттері арасында 6В02203 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.
✅Аталмыш шара - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына арналды.
✅Пәндік олимпиаданың ашылу салтанатында сөз алған Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Басқарма мүшесі-Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қашхынбай Байжұман Балтабайұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
✅Тарих факультетінің деканы Ө.Ж. Бекмағанбетов студент - жастардың шынайы білімді көрсетулеріне тілектестігін білдірді.
✅Аталған олимпиадаға Қазақстанның он төрт ЖОО-нан студенттер қатысты. Еліміздің әр өңірінен келген қатысушы командалар білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсетті.
✅Команданы таныстыру, оның ұраны, логотипі, университет пен факультеттің жетістіктерін айқындайтын тур - сәлемдесу деп аталса, үй тапсырмасына арналған екінші турда - командалар «Ұлт тарихын зерделеудегі тарихи мұра және тұлғатану» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Тақырыбына сәйкес презентацияларын ұсынды. Сонымен қатар, тұлғалар өмірі мен