Жәңгір хан университеті

Жәңгір хан университеті Жәңгір хан университетінің парақшасына қош келдіңіздер!
Біздің instagram парақша: bqatu_kz

Добро пожаловать
на сайт Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана!

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті қашықтықтан оқыту бөлімінің түлектерін диплом алуым...
10/07/2026

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті қашықтықтан оқыту бөлімінің түлектерін диплом алуымен шын жүректен құттықтайды!

Диплом – бұл сіздердің табандылықтарыңыздың, қажырлы еңбектеріңіз бен білімге деген ұмтылыстарыңыздың лайықты нәтижесі. Бүгін сіздер өмірлеріңіздегі маңызды белесті бағындырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құжатқа ие болдыңыздар.

Алған білімдеріңіз кәсіби қызметтеріңізде табысқа жетелеп, алдағы мақсаттарыңыздың орындалуына берік негіз болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол жетістік, баянды бақ-береке және жарқын болашақ тілейміз!

Дипломдарыңыз құтты болсын!

08/07/2026

Жәңгір хан университетінде Политехникалық институттың түлектеріне диплом табысталды. Осы жылы аталған институтты 206 студент тәмамдаса, оның ішінде жетеуі – үздік диплом иегері.

Құттықтау сөз алған басқарма төрағасы-ректордың орынбасары, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов пен институт директоры Жанна Құбашева түлектерге сәттілік тіледі.

Оқу ордасының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін төрт түлек алғысхатпен марапатталып, 33 түлекке офицер шені табысталды. Сонымен бірге білімді әрі белсенді студенттердің ата-аналары марапатталды.

Политехникалық институттың түлектері «аграрлық техника және технологиялар», «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы», «автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «өндірістегі тіршілік қауіпсіздігі», «электрмен жабдықтау», «өндіруші салалардың машиналары мен жабдықтары», «машина жасау», «мехатроника», «стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандықтарында білім алды.

Жәңгір хан университетінің Гуманитарлық, спорт және әскери даярлық факультетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өт...
03/07/2026

Жәңгір хан университетінің Гуманитарлық, спорт және әскери даярлық факультетінің түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті. Бұл күн – білім мен еңбектің жемісі, жаңа өмір жолына бастар маңызды белес. Барша түлекке кәсіби қызметте биік белестерді бағындырып, ел игілігі жолында табысты еңбек етулеріне, мақсат-мұраттарының орындалып, әрдайым сәттілік пен толағай жетістіктерге жетулеріне шын жүректен тілектеспіз!✨

🎓 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ветеринария және агротехнология факультетінде ...
02/07/2026

🎓 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Ветеринария және агротехнология факультетінде түлектерге диплом табыстау салтанаты өтті.

Бұл күн – әрбір түлек үшін жаңа мүмкіндіктерге бастар маңызды белес. Университет қабырғасында алған терең білім мен тәжірибе енді олардың кәсіби жолындағы сенімді тірегіне айналмақ.

Факультет түлектері ветеринария мен аграрлық салада ел игілігі үшін еңбек етіп, ауыл шаруашылығының дамуына өз үлестерін қосатынына сенім мол.

Құрметті түлектер! Сіздерді диплом алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын. Болашақтарыңыз жарқын, жолдарыңыз ашық, жетістіктеріңіз мол болғай!

✨ Ақ жол, жас мамандар!

🎓 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Цифрлық экономика және тұрақты даму институтын...
02/07/2026

🎓 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Цифрлық экономика және тұрақты даму институтында диплом табыстау салтанаты өтті.

Бүгін институт түлектері үшін ерекше әрі ұмытылмас күн. Көп жылғы қажырлы еңбек пен ізденістің нәтижесі – көптен күткен диплом өз иелеріне табысталды.

Құрметті түлектер! Сіздерді жаңа өмір белесімен шын жүректен құттықтаймыз! Университетте алған білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз кәсіби жолдарыңызда сенімді серік болып, биік белестерді бағындыруға жол ашсын. Ел игілігі жолында еңбек етіп, цифрлық экономика мен тұрақты дамудың өркендеуіне өз үлестеріңізді қоса беріңіздер!

✨ Ақ жол, жас мамандар! Болашақтарыңыз жарқын, қадамдарыңыз нық, жетістіктеріңіз мол болсын!

17 маусым күні, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде халықаралық ынтымақтастықты тере...
23/06/2026

17 маусым күні, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде халықаралық ынтымақтастықты тереңдету бағытында маңызды жүздесу өтті. Университетімізге Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Елшілік өкілдері Колин Гард мырза мен Жанар Кулжаева ханым арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапардың басты мақсаты — 2025-2026 оқу жылына арналған Fulbright English Teaching Assistant Program аясындағы екіжақты серіктестіктің нәтижелерін қорытындылау болды. Тараптар осы уақытқа дейін университетімізде қызмет атқарған шетелдік стипендиат Эмма Тейлордың жұмысын жоғары бағалап, жобаның тиімділігі төңірегінде өзара сындарлы пікір алмасты. Аталмыш халықаралық бағдарлама білім ордамыздағы тілдік ортаны жақсартуға, студенттер мен оқытушылар құрамының жаһандық дағдыларын дамытуға зор серпін берді. Білім мен ғылымды ұштастырған бірлескен жобалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.Университетіміз халықаралық байланыстарды нығайтуға әрқашан ашық және Америка Құрама Штаттары Елшілігіне көрсеткен қолдауы мен жемісті әріптестігі үшін шынайы алғысын білдіреді!

Жәңгір хан университетінде «Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» тақырыбында ғылы...
23/06/2026

Жәңгір хан университетінде «Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» тақырыбында ғылыми-технологиялық семинар өтті. Оның негізгі мақсаты – ғылым, бизнес және мемлекеттік сектор арасындағы тиімді өзара іс-қимылды күшейту, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, технологияларды коммерцияландыру, инвестициялар тарту және өңір экономикасының жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру болды. Іс-шара университет ғалымдарының перспективалы ғылыми әзірлемелері көрмесімен танысудан басталды.

Семинар жұмысына БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры Асқар Наметов, министрліктер мен ұлттық даму институттарының өкілдері, агробизнес субъектілері, өнеркәсіптік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, қаржы ұйымдары, инвесторлар, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысты. Іс-шара барысында университеттің коммерцияландыруға дайын инновациялық әзірлемелері мен технологиялары таныстырылып, табысты технология трансфері және ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізу тәжірибесі ұсынылды.

«Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» тақырыбында өтетін ғылыми-технологиялық сем...
16/06/2026

«Технологиялар. Инвестициялар. Серіктестік: экономиканың жаңа өсу нүктелері» тақырыбында өтетін ғылыми-технологиялық семинарға шақырамыз!

Семинардың мақсаты – ғылым, бизнес және мемлекеттік сектор арасындағы тиімді өзара іс-қимылды күшейту, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, технологияларды коммерцияландыру, инвестициялар тарту және өңір экономикасының жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ

Өтетін күні: 2026 жылғы 17 маусым

Өтетін уақыты: сағат 15:00-де

Zoom конференциясына қосылу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/83368603136?pwd=5F8GiIx2OteMjoDHuj5iZUSUnUrq3Y.1

Конференция чатына сілтеме: https://us06web.zoom.us/launch/jc/83368603136

Конференция идентификаторы: 833 6860 3136

Қолжетімділік коды: 049232

Университетімізде Қашықтықтан және қосымша білім беру бөлімімен  Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 10.06.2026 ...
10/06/2026

Университетімізде Қашықтықтан және қосымша білім беру бөлімімен Тілдерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 10.06.2026 ж. күні «Күміс университет» тыңдаушыларына арналған «Тіл – қатынас құралы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке университетіміздегі елу жастан асқан профессор-оқытушылар қатысты. Қатысушылар түрлі тәжірибелік тапсырмалар мен топтық жұмыстарға қатысып, пікір алмасу арқылы өзара тәжірибе бөлісті.

Address

Жангир хан, 51
Oral
090009

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77112516139

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жәңгір хан университеті posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to Жәңгір хан университеті:

Shortcuts

Share