23/07/2026
50 жылдан астам денсаулық саласындағы тәжірибесі мен педагогтік және ғылыми талпыныстары нәтижесінде профессор С.Б.Иманғазинов әлі де республикада халық денсаулығын нығайтуда қажырлы еңбек етуде. Қарқынды ғылыми-тәжірибелік, педагогтік әрекеттерінің қорытындысы ретінде 2026 жылы С.Б.Иманғазиновқа Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың қолынан «Құрмет» Орденін алу бұйырды. Сонымен бірге, ол «Павлодар облысының Құрметті азаматы» атағының иегері.
2018 жылы Семей медицина университетінде м.ғ.д., профессор С.Б.Иманғазиновтың «Денсаулық және денсаулық сақтаудың теориясы мен тәжірибесі» атты ғылыми мектебі бекітілген. 2026 жылдың 18 шілдесінде профессордың шәкірттерінің қатысуымен мектептің кезекті отырысы өтіп, мектептің даму бағыттары қарастырылды. С.Б. Иманғазинов барлығы 450 ғылыми еңбектер жариялап, оның ішінде 13 монография, 30-дан артық өнертабыстық және пайдалы модель Патенттері алынып, 1 м.ғ.д., 4 м.ғ.к., 3 PhD докторы дайындалған. Алда PhD докторы диссертациясы қорғалымға дайындалып, 3 үміткер докторантураға түсуге талпынуда. Жұмыс соңы университеттің Павлодар филиалы хирургия кафедрасы базасындағы сырқаттарды аралауға жалғасты.
Бұл кезеңде профессор С.Б.Иманғазинов Қазақстан Рес�