25/05/2026
20.05.2026ж. күні Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті 6В01402 - «Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау» ББ. 3 курс 1402 - 13 тобы білім алушылар мен топ тәлімгері Ж.Ш.Есмаханова 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай Саяси қуғын – сүргін құрбандары музейіне саяхат жасалды.
Музей таныстырылымын экскурсия жетекшісі А.Байдалиева жүргізді. Музей аудиториясында тарихи баяндамасынан мол тарихи деректермен, жинақталған құжаттар жайлы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Студенттер музей экспозициясымен толық танысып, тарихи деректі фильм көріп, Қазақ елінің басынан өткерген сталиндік қуғын – сүргіннің азалы тарихы жайлы көрсетілген деректі фильмнен ерекше әсер алып, мол мағлұмат жинады.