М.Әуезов атындағы ОҚУ

М.Әуезов атындағы ОҚУ Ресми парақша
-----
Официальная страница
-----
Official Page

Білім грантының иегері атанған Auezov University магистранттарын құттықтаймыз!2026–2027 оқу жылына магистратура бойынша ...
24/08/2026

Білім грантының иегері атанған Auezov University магистранттарын құттықтаймыз!
2026–2027 оқу жылына магистратура бойынша білім грантының иегері атанған талапкерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – білім мен ғылым жолындағы жаңа белестерге бастайтын маңызды қадам. Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті магистратура грантының барлық иегерлерін қабылдауға қуанышты! Университетімізге қош келдіңіздер!
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін төмендегі сілтемелерден көре аласыздар:
✅ ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Telegram арнасы: https://t.me/SayasatNurbekOfficial
✅ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасы: https://t.me/gylym_jogary_bilim
✅ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайты: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
✅ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы: https://t.me/uto92
✅ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/sayasatnurbek/

24/08/2026

Ғылымдағы серіктестік – жаңа мүмкіндіктер кезеңі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Хабар 24» телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына қатысып, ғылым мен жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Сұхбат барысында отандық ғылымды дамыту, халықаралық ғылыми серіктестікті кеңейту, зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру және ғылымның ел экономикасы мен қоғамның дамуына қосатын үлесі туралы сөз болды.

🎥 Толық сұхбатты «Хабар 24» телеарнасынан көре аласыздар.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республи...
24/08/2026

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі Керімжан Сейітжанұлы Сейітжановтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өтеді.

«Ғалым және жасампаз тұлға жолы» атты конференция– ғалымның ғылым мен білім саласына қосқан үлесін, өнегелі еңбек жолын және ғылыми мұрасын дәріптеуге арналған.

📅 18 қыркүйек 2026 жыл
сағат 10:00
📍 Өтетін орны: Акт залы

Ғылым мен білімге қызығушылық танытқан баршаңызды конференцияға шақырамыз! ✨

23/08/2026

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген «24KZ» телеарнасына сұхбат беріп, бүгінгі Құрылтай сайлауына қатысты өз пікірін білдірді. 🇰🇿

23/08/2026

РЕКТОР МҰХТАР ТӨЛЕГЕН ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Құрылтай сайлауы – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи оқиға. Бұл – ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға бағытталған азаматтардың ортақ таңдауын білдіретін жауапты кезең.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің бас ғимаратында орналасқан №101 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Учаскеде 1913 сайлаушы тіркелген.
Сайлау учаскесіне университеттің Басқарма төрағасы – ректор Төлеген Мұхтар Әділбекұлы келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
Мұхтар Әділбекұлы бұл күнді еліміз үшін тарихи оқиға ретінде атап өтіп, сайлаудың мемлекеттің болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды әрі жауапты қадам екенін айтты. Сондай-ақ барша азаматтарды сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдары мен ел болашағына деген жауапкершіліктерін білдіруге шақырды.

№101 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫМұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің бас ғ...
23/08/2026

№101 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ БАСТАЛДЫ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің бас ғимаратында орналасқан №101 сайлау учаскесінде Құрылтай сайлауы бойынша дауыс беру басталды .
Таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастаған сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласының тұрғыны Рәзия Күлумбетова келіп, өз таңдауын жасады.
Ақ жаулықты ана сайлауға қатысып, дауыс беру – әрбір азаматтың азаматтық парызы әрі ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.
Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Рәзия Күлумбетоваға учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы арнайы сыйлық табыстады.
№101 сайлау учаскесінде 1913 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру үдерісінің талапқа сай өтуі үшін учаскеде барлық қажетті жағдай қарастырылған. Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың кедергісіз дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған.

23/08/2026

НА ИЗБИРАТЕЛЬНОМ УЧАСТКЕ №101 НАЧАЛОСЬ ГОЛОСОВАНИЕ НА ВЫБОРАХ В КУРУЛТАЙ

На избирательном участке №101, расположенном в главном корпусе Южно-Казахстанского исследовательского университета имени Мухтара Ауэзова, началось голосование на выборах в Курултай.
Избирательный участок начал работу в 07:00. Одной из первых сюда пришла жительница города Шымкента Разия Кулумбетова и сделала свой выбор.
Женщина отметила, что участие в выборах и голосование являются гражданским долгом каждого человека и проявлением ответственности за будущее страны.
Председатель участковой избирательной комиссии вручил Разии Кулумбетовой специальный подарок как одной из первых проголосовавших на участке.
На избирательном участке №101 зарегистрировано 1913 избирателей. Для обеспечения голосования в соответствии с установленными требованиями на участке созданы все необходимые условия. Также обеспечены удобные условия для беспрепятственного голосования граждан с особыми потребностями.

Повышение международным рейтинговым агентством S&P Global Ratings суверенного кредитного рейтинга Казахстана с «BBB-» до...
22/08/2026

Повышение международным рейтинговым агентством S&P Global Ratings суверенного кредитного рейтинга Казахстана с «BBB-» до «BBB» — это важное событие для экономики страны. Одновременно краткосрочный рейтинг повышен с A-3 до A-2, а прогноз по долгосрочному рейтингу установлен как «стабильный». По данным S&P, это первое повышение суверенного рейтинга Казахстана с 2016 года.
На мой взгляд, данное решение следует рассматривать прежде всего как международное признание устойчивости казахстанской экономики, проводимой фискальной политики и способности государства выполнять свои финансовые обязательства.
Первое — повышение инвестиционной привлекательности Казахстана.
Для международных инвесторов кредитный рейтинг является одним из важнейших ориентиров при оценке рисков. Повышение до «BBB» означает, что Казахстан воспринимается как более надёжный заёмщик. Это может способствовать увеличению притока прямых иностранных инвестиций, особенно в промышленность, энергетику, транспорт и логистику, переработку, агробизнес и цифровую экономику.
Второе — потенциальное снижение стоимости внешнего финансирования.
Чем выше суверенный рейтинг, тем ниже, как правило, премия за риск, которую инвесторы требуют от государства. Поэтому в перспективе Казахстан сможет привлекать внешние ресурсы на более выгодных условиях. Это важно не только для государства, но и для банков, крупных компаний и квазигосударственного сектора.
Третье — укрепление доверия к казахстанской финансовой системе.
Повышение рейтинга является позитивным сигналом для международных банков и финансовых институтов. Более высокая оценка суверенного риска создаёт благоприятный фон для развития внутреннего рынка капитала и международного финансирования казахстанских проектов.
Четвёртое — повышение международного экономического авторитета страны.
Особенно важно, что рейтинг S&P теперь находится на уровне «BBB», который ранее уже подтверждал Fitch Ratings. Таким образом, две ведущие международные рейтинговые организации дают Казахстану оценку инвестиционного уровня «BBB». Fitch связывает свой рейтинг, в частности, с сильной внешней позицией Казахстана, значительным объёмом чистых иностранных активов и относительно низким государственным долгом.
Пятое — это позитивный сигнал для национального бизнеса.
Когда суверенный риск страны снижается, это создаёт более благоприятные условия для выхода казахстанских компаний на международные рынки капитала. Повышение рейтинга государства может постепенно способствовать улучшению условий заимствования для крупных отечественных предприятий.
Шестое — подтверждение правильности курса на диверсификацию экономики.
S&P отмечает устойчивость экономического роста, проводимую фискальную работу и диверсификацию экономики. Важным фактором также являются значительные внешние и фискальные буферы страны.
Но есть и важный момент
Я бы не рассматривал повышение рейтинга как повод для самоуспокоения. «BBB» — это не конечная цель, а возможность перейти на следующий уровень.
Главная задача Казахстана сейчас — превратить улучшение кредитного рейтинга в реальные инвестиции, новые производства, увеличение несырьевого экспорта и создание высокопроизводительных рабочих мест.
Особенно важно продолжить:
снижение зависимости бюджета от нефтяных доходов;
развитие обрабатывающей промышленности;
увеличение ненефтяного экспорта;
поддержку частного предпринимательства;
развитие транспорта и транзитного потенциала;
цифровизацию и внедрение искусственного интеллекта;
повышение производительности труда;
укрепление бюджетной дисциплины.
Главный вывод эксперта
Повышение рейтинга S&P с «BBB-» до «BBB» — это своеобразный международный сертификат доверия к экономике Казахстана. Он повышает привлекательность страны для инвесторов, потенциально снижает стоимость внешнего финансирования, укрепляет позиции казахстанского бизнеса и повышает международный авторитет нашей страны.
Но самый важный вопрос теперь заключается не в том, какой рейтинг получил Казахстан, а в том, как страна использует этот рейтинг для привлечения инвестиций и ускорения качественной структурной трансформации экономики.
Если мы сумеем направить новый инвестиционный интерес не только в сырьевой сектор, а прежде всего в переработку, машиностроение, агропромышленный комплекс, логистику, энергетику, IT и высокотехнологичные производства, то повышение рейтинга S&P может стать одним из факторов нового этапа экономического роста регионов Казахстана, особенно это важно для Туркестанской области и города Шымкент. Ниязбекова Р.К. - д.э.н., профессор ЮКЗУ им. М.Ауезова.

Бүгін Қазақстан инвестициялық климаты, экономикасы үшін өте маңызды позитивті сигнал әлемге тарады. 2026 жылғы 21 тамызд...
22/08/2026

Бүгін Қазақстан инвестициялық климаты, экономикасы үшін өте маңызды позитивті сигнал әлемге тарады. 2026 жылғы 21 тамызда S&P Global Ratings Қазақстанның ұзақ мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-»-тен «BBB»-ге, ал қысқа мерзімді рейтингін «A-3»-тен «A-2»-ге көтерді. Ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам — тұрақты (Stable). Бұл S&P тарапынан Қазақстан рейтингі 2016 жылдан бері алғаш рет көтеріліп, мемлекеттің тұрақты дамуын және сенімді әріптестігін көрсетеді.
Меніңше, бұл шешімді Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен макроэкономикалық тұрақтылығына берілген халықаралық нарықтың жоғары бағасы ретінде қарастыру керек. Рейтингтің көтерілуі жай ғана цифрлық көрсеткіш емес — ол шетелдік инвесторларға, халықаралық банктерге және ірі компанияларға Қазақстанның мемлекеттік міндеттемелерін орындау қабілеті жоғары екенін көрсететін маңызды белгі.
Біріншіден, шетелдік инвестиция тарту мүмкіндігі артады.
S&P рейтингі халықаралық инвесторлар үшін тәуекелді бағалауда маңызды бағдар. «BBB» деңгейіне көтерілуі Қазақстанды инвестициялық тұрғыдан сенімдірек ел ретінде көрсетеді. Бұл әсіресе энергетика, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика, IT, агроөнеркәсіп және инфрақұрылым жобаларына капитал тартуға қолайлы жағдай жасайды.
Екіншіден, мемлекеттің және қазақстандық компаниялардың сыртқы қарыз алу құны төмендеуі мүмкін.
Рейтинг жоғарылаған сайын инвесторлар тәуекел үшін талап ететін сыйақы азаюы ықтимал. Бұл Қазақстанның еурооблигациялары мен басқа да борыштық құралдарының тартымдылығын арттырады. Сонымен бірге рейтингтің жақсаруы квазимемлекеттік сектор мен ірі компаниялардың халықаралық нарықтағы қаржылануына да жанама әсер етеді.
Үшіншіден, теңгеге және қаржы нарығына деген сенім күшейеді.
Рейтингтің өсуі Қазақстанның сыртқы және фискалдық тұрақтылығына деген сенімді арттырады. Бұл автоматты түрде теңгенің нығаюын білдірмейді, бірақ ұзақ мерзімде капиталдың елге келуіне және қаржы нарығының тұрақтылығына оң ықпал етуі мүмкін.
Төртіншіден, Қазақстанның халықаралық экономикалық беделі өседі.
Fitch Ratings бұған дейін Қазақстанның рейтингін «BBB» деңгейінде, тұрақты болжаммен растаған болатын. Сондықтан S&P-дің де «BBB» деңгейіне көтерілуі Қазақстанның халықаралық рейтингтік позициясын одан әрі нығайтады.
Бесіншіден, бұл экономикалық реформалардың нәтижесін көрсетеді.
S&P бұған дейін Қазақстанның рейтингін бағалағанда фискалдық консолидацияны, Ұлттық қор активтерінің сақталуын, экономиканы әртараптандыруды және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруды маңызды факторлар ретінде атап өткен.
Бірақ рейтинг — мақсат емес, құрал
Мен эксперт-экономист ретінде бір маңызды мәселені ерекше атап өтер едім: «BBB» рейтингі Қазақстан экономикасының барлық проблемасы шешілді деген сөз емес.
Қазақстан әлі де мұнай бағасына, мұнай экспортына және сыртқы нарықтарға тәуелді. Бұдан бөлек, инфляцияны төмендету, бюджет тапшылығын қысқарту, Ұлттық қорды сақтау, экономиканы әртараптандыру және жеке сектордың рөлін күшейту мәселелері өзекті болып қала береді.
Сондықтан қазіргі рейтингтік жетістікті келесі «BBB+», одан кейін «A» деңгейіне шығудың бастапқы алаңы ретінде пайдалану қажет.
Менің негізгі қорытындым
S&P-дің «BBB» рейтингі — Қазақстанға берілген халықаралық «сенім капиталы». Ендігі міндет — осы сенімді нақты инвестицияға, жаңа өндірістерге, жұмыс орындарына, экспорттың өсуіне және халықтың әл-ауқатының артуына айналдыру.
Егер Қазақстан мұнайға тәуелділікті азайтып, өңдеу өнеркәсібін, көлік-логистиканы, агроөнеркәсіпті, цифрлық экономиканы және жоғары технологияларды жедел дамытса, бүгінгі рейтингтің экономикалық әсері әлдеқайда жоғары болады.
Қысқаша айтқанда: S&P-дің «BBB» бағасы — Қазақстан экономикасының тұрақтылығына берілген баға ғана емес, елімізге жаңа капитал мен жаңа мүмкіндіктер тартуға ашылған терезе. Ең бастысы — осы мүмкіндікті тиімді пайдалану.

Сейдахметов Марат Қанымбекұлы,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Басқару және бизнес жоғары мектебінің деканы.

Address

проспект Тауке хана 5
Shymkent

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when М.Әуезов атындағы ОҚУ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to М.Әуезов атындағы ОҚУ:

Shortcuts

Share