Yasawi University

Yasawi University Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ресми парақшасы

🔰УНИВЕРСИТЕТІМІЗ БЕН ICESCO АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ🤝🌏🔸АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Универси...
22/09/2026

🔰УНИВЕРСИТЕТІМІЗ БЕН ICESCO АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ🤝🌏

🔸АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Университетіміз бен Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

🔸Осы күндері Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы Science Summit 2026 бағдарламасына енген «Ғылыми дипломатия және жаһандық ынтымақтастық» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі диалог өтіп жатыр. Іс-шараны ICESCO мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық жиынға Қазақстанның жоғары білім саласы делегациясының құрамында университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова да қатысты.

🔸Диалог барысында ғылыми дипломатияның халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлі, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды орнықты даму жолында пайдалану, ғылыми инфрақұрылымға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды.

🔸Халықаралық жиын аясында ректор Жанар Темірбекова бірқатар кездесу өткізіп, университеттің шетелдік ұйымдармен ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге бағытталған келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде ICESCO-мен ынтымақтастық туралы маңызды құжатқа қол қойылды.

🔸Меморандум ясауитану, ғылыми зерттеулер, жастар бастамалары, климат бойынша білім беру және халықаралық академиялық ынтымақтастық бағыттарын қамтиды.

🔸Кездесу барысында тараптар бірлескен жұмыстарды жүйелеуге арналған ортақ жол картасын әзірлеу мәселесін талқылады. Атап айтқанда, ICESCO-ға мүше елдердің жас ғалымдары үшін Түркістан қаласында арнайы ғылыми тағылымдамалар ұйымдастыру, Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және білімін жетілдірген жас ғалымдардың өз университеттерінде Ясауитану орталықтарын құру мүмкіндіктері сөз болды.

🔸Сонымен қатар ясауитану бағыты бойынша жас зерттеушілердің ғылыми тағылымдамадан өтуі, білімін жетілдіруі және бірлескен ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ, осы бағыттағы гранттық қолдау тетіктері қарастырылды.

🔸Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты ретінде климаттың өзгеруі мен экологиялық мәселелерге қатысты жастар бастамаларын қолдау, ғылыми-білім беру және халықаралық жастар бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.

🔸Осылайша, маңызды меморандум Қожа Ахмет Ясауи мұрасын халықаралық деңгейде зерттеу мен танытуға, жас ғалымдарды қолдауға және бірлескен ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар келісім университеттің халықаралық ғылыми-білім беру байланыстарын одан әрі кеңейтуге жол ашады.

22/09/2026
21/09/2026
🔰ИТАЛИЯҒА ЖОЛДАМА: УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ЕКІ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСС ФИНАЛЫНА ӨТТІ🔸Астана қаласында өткен «ITECX – F...
21/09/2026

🔰ИТАЛИЯҒА ЖОЛДАМА: УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ЕКІ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСС ФИНАЛЫНА ӨТТІ

🔸Астана қаласында өткен «ITECX – Fibonacci International Congress on Engineering, Technology and Mathematics» халықаралық ғылыми конгресінде Физика кафедрасы білім алушыларынан құралған екі команданың ғылыми жобалары үздік деп танылып, Италияда өтетін халықаралық финалдық кезеңге жолдама алды.

🔹Конгресс барысында білім алушылар өздерінің ғылыми идеяларын, инженерлік шешімдерін және әзірлеген практикалық өнімдерін халықаралық сарапшылар алдында таныстырып, жобалардың ғылыми және қолданбалы маңызын көрсетті.

🔸Бірінші команда құрамындағы Берік Қалдар, Таңат Нәсен, Шукур Абдужаппаров, Зафар Балтабаев «HVOF әдісімен алынған жабындардың микроқұрылымы, фазалық құрамы және трибологиялық қасиеттері» тақырыбындағы ғылыми жобаны ұсынды. Студенттерімізге PhD, ғылыми жетекші Қажымұқан Келесбаев жетекшілік етті.

🔹Екінші команда құрамындағы Бақберген Шүкірбай, Бибарыс Ермекұлы, Бекарыс Тулеутаев, Алишер Сулейманов, Мақсат Сайдазим «Arduino және жасанды интеллект негізіндегі STEM өнімдерін әзірлеу және тиімділігін зерттеу» тақырыбындағы ғылыми жобаны қорғады. Командады PhD, профессор м.а. Шерзод Раманкулов дайындады.

🔸Сарапшылар суденттеріміздің жұмыстарын жоғары бағалап, финалдық кезеңге жолдама берді. Жеңімпаз командалар қараша айында Италияның Рим қаласында өтетін халықаралық финалда университет пен Қазақстан атынан өз ғылыми жобаларын таныстырады.

🔹Аталған жетістік – университетте студенттік ғылымды қолдау, STEM білім беруді дамыту, білім алушылардың зерттеушілік және инженерлік құзыреттерін қалыптастыру бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі.

🔸Сонымен қатар, бұл жобалар ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің қаржыландыруымен жүзеге асырылатын ғылыми жобалар аясындағы жұмыстармен сабақтасып жатыр.

🔹Жас зерттеушілеріміз бен олардың ғылыми жетекшілерін айтулы жетістігімен құттықтай отырып, Италиядағы халықаралық финалда сәттілік тілейміз!

🔰УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ  «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКО-АКЦИЯСЫ ӨТТІ🔸Оқу ордамыздың ашық спорт алаңында Дүниежүзілік тазалық күні және ...
18/09/2026

🔰УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКО-АКЦИЯСЫ ӨТТІ

🔸Оқу ордамыздың ашық спорт алаңында Дүниежүзілік тазалық күні және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында эко-акция өтті.

🔸Басты мақсат – қоршаған ортаны қоқыстан тазарту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосу. Сондай-ақ, студенттер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

🔸Айта кетейік, сенбілікті Экономика және басқару факультеті мен Тұрақты даму ғылыми-зерттеу орталығы бірлесе ұйымдастырды.

🔸Эко-акция барысында Жауапты хатшы м.а. Эндер Сайын: «Дүниежүзілік тазалық күні – жаһандық экологиялық бастама. Дүниежүзілік тазалық күні аясында университетімізде жыл сайын қыркүйек айында аумақты абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, университет аумағында тазалықты сақтау мақсатында жыл бойы түрлі сенбіліктер мен экологиялық акциялар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қоршаған ортаның тазалығына оқытушылар мен студенттер үнемі жауапкершілікпен қарап, өз үлестерін қосып келеді. Сондықтан бүгін тазалық жұмыстарына атсалысып жатқан баршаңызға алғыс айтамын», - деді.

🔸Осылайша, оқытушылар мен студенттер тазалық жұмыстарына кірісіп, спорт алаңын қоқыстан толықтай тазартты. Сондай-ақ, эко-белсенділер игі бастаманы басқа факультеттер мен университет студенттеріне челлендж ретінде жолдады. Әрі «Таза Қазақстанды» қалыптастыруға ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырды.

🔰 БІЗДІҢ САРАПШЫЛАР🔹 Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова «24KZ» телеарнасының «Сарапшы пікірі» бағдарламасына қ...
17/09/2026

🔰 БІЗДІҢ САРАПШЫЛАР

🔹 Университетіміздің ректоры Жанар Темірбекова «24KZ» телеарнасының «Сарапшы пікірі» бағдарламасына қатысып, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыттары туралы пікір білдірді.

🔸 Ректордың айтуынша, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сирек және стратегиялық металдарды игеру саласындағы тәжірибемен алмасу, сондай-ақ экономикалық бағыттағы бірлескен жобалар арқылы кеңейтуге мүмкіндік бар.

🔹 Сонымен қатар, жаңа өндірістердің дамуы үшін білікті еңбек ресурстары мен адам капиталын қалыптастырудың маңызы ерекше. Осы бағытта инженерия салалары бойынша мамандар даярлау, заманауи білім беру бағдарламаларын дамыту және халықаралық тәжірибені енгізу өзекті.

🔹 Жанар Темірбекова Қазақстан мен Кореяның жасанды интеллект және цифрландыру салаларындағы тәжірибесін пайдалану, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша серіктестікті дамыту мүмкіндіктеріне де тоқталды.

📺 Жанар Темірбекованың толық сараптамалық пікірін «24KZ» телеарнасының арнайы шығарылымынан көре аласыздар.

🔗 Толық шығарылым:

Қайрат Айтбай, Қазақстан кәсіпкерлері сыртқы экономикалық қызмет және инвестиция қауымдастығының төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы

🔰ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ🔸Оқу ордамызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық а...
17/09/2026

🔰ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🔸Оқу ордамызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Тұрақты қалдықтарды басқару қалай жүзеге асырылуы тиіс?» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

🔹Семинардың мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатты қорғау. Сондай-ақ, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

🔸Айта кетейік, шараны Дүниежүзілік тазалық күніне орай Экономика және басқару факультеті, Халықаралық қатынастар кафедрасы ұйымдастырды.

🔹Ғылыми семинарға Түркия Республикасы, Чукурова университетінің профессоры, доктор Седат Гүндоғду онлайн қатысып, студенттерге дәріс оқыды.

🔸Лекция барысында ғалым студенттерге тұрақты қалдықтарды басқарудың негізгі қағидаттары мен экологиялық маңызын егжей-тегжейлі баяндады.

🔹Нақтырақ айтқанда, ғалым қазіргі жаһандық экологиялық мәселелер жағдайында қалдықтарды азайту, оларды қайта өңдеу және қоршаған ортаға келетін зиянды әсерді төмендетудің маңызына тоқталды. Сондай-ақ, қалдықтарды тиімді басқарудың табиғатты қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін түсіндірді.

🔸Сонымен қатар, баяндамашы Седат Гүндоғду микропластиктердің құрамындағы улы химиялық заттардың қоршаған орта мен адам денсаулығына кері әсері бар екенін атап өтті. Осыған байланысты бір реттік пластик өнімдерін тұтынуды азайтып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

🔹Осылайша, дәріс соңында студенттер өзекті тақырыпты зерттеген ғалымға алғыс білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

🔰«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ🔹Университетімізде Заң факультетін...
17/09/2026

🔰«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

🔹Университетімізде Заң факультетінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында «Жаңа Конституциялық құндылықтар және жастардың құқықтық мәдениеті» атты кездесу өтті.

🔸Басқосуға Түркістан облысы Прокуратурасының өкілдері мен Әділет департаментінің қызметкерлері, заңгерлер мен оқытушы-профессорлар және студенттер қатысты. Жиын модераторы – Заң факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Алишер Першеев болды.

🔹Алғашқы сөз тізгінін алған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім прокуроры Абзал Қалдыбаев: «Конституция дегеніміз – еліміздің негізгі заңы. Онда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары, міндеттері мен мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу қағидаттары бекітілген. Конституция жай ғана заңдар жинағы емес, ол біздің қоғамда қандай құндылықтар болуы керек екенін көрсететін негіз.

🔸Бүгінгі таңда елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында маңызды жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте жастардың рөлі ерекше. Себебі, жастар – еліміздің болашағы. Сіздер бүгінгі қоғамның толыққанды мүшесісіздер. Қоғамдағы өзгерістерге өз үлестеріңізді қазірден бастап қоса аласыздар. Ол үшін, ең алдымен, өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білулеріңіз керек. Заңға құрмет әр адамның өзінен басталады»,-деді.

🔹Сондай-ақ, қазіргі таңда белең алған дропперлік туралы тың ақпарат берді. Жастарды оңай жолмен ақша табудан аулақ болуға шақырды. Күдікті азаматтар күмәнді ұсыныстар айтса, құқықтық органдарға хабарлау керек екенін айтты. Себебі, жастарды алдау арқылы есірткі тасымалдау, дропперлік сияқты заңсыз әрекеттерге бастайтын алаяқтардың қауіпті екенін тілге тиек етті. Білімгерлерді әлеуметтік желідегі, қоғамдағы әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

🔸Келесі кезекте, Түркістан облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Индира Абдурахманова мен Түркістан облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің инспекторы Жармұхамбет Сапаров Жаңа Конституциялық құндылықтардың мәніне тоқталды. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен заң талаптарын құрметтеудің маңызын атап өтті.

🔹Жармұхамбет Сапаров студенттерге тергеуші мамандығының ерекшеліктері мен жауапкершілігі туралы баяндады. Ол болашақ заңгерлерді өндірістік іс-тәжірибе барысында сала мамандарынан дәріс алып, кәсіби білімдерін жетілдіруге шақырды.

🔸Жиын барысында Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов құрметті қонақтарға алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғыс айтты.

🔹«Заң мен тәртіп болмай қоғам түзелмейді. Сапасыз білім алған заңгерлер қоғамның дертіне айналады. Сондықтан, болашақ заңгерлер, сіздердің жауапкершіліктеріңіз жоғары болуы шарт. Университет қабырғасында өтетін әр дәрістің мәні мен мағынасын түсініп, зерттеулеріңіз керек. Заң мен тәртіп қағидатын тек айтып қана қоймай, жүрекпен сезіну маңызды. Қоғамның болашағы сіздерге байланысты»,-деді вице-ректор.

🔸Кездесу соңында Еділ Төлегенов оқу ордамызға арнайы келіп, жастарға құқық саласы бойынша тың ақпараттар берген спикерлерге Алғыс хат табыстады. Ал қатысушы студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, сала мамандарынан жауап алды.

🔰УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ 🔸ҚР Ғылым және жоғары білім...
17/09/2026

🔰УНИВЕРСИТЕТІМІЗ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ АККРЕДИТТЕУДЕН ӨТТІ

🔸ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу ордамызды «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде 5 жыл мерзімге аккредиттеді.

🔸Аккредиттеу университетімізге мемлекеттік бюджеттен, халықаралық ұйымдар мен қорлардан, кәсіпкерлерден, үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардан қаржыландырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жобалары бойынша конкурстарға қатысуға жол ашады.

🔸Бұл жетістік – университетімізде ғылымды дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Address

Bekzat Sattarkhanov, 29
Türkistan

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77253363572

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Yasawi University posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The University

Send a message to Yasawi University:

Shortcuts

Share