05/03/2022
📌28 ақпан – 1 наурыз аралығында Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің бағдарламалық IQAA аккредитациясы аясында докторантура бойынша 8D01501 Математика, 8D01502 Физика, 8D01503 Биология, 8D01504 Информатика, 8D01505 География білім беру бағдарламаларына жасалған сыртқы аудит сәтті өтті.
📌Аккредиттеу барысында эксперттер университет басшылығымен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканымен және білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен, аккредиттациядан өтетін білім беру бағдарламаларының оқытушы-профессорлық құрамы, докторанттар, студенттер, түлектер және жұмыс берушілермен әңгімелесті. Аккредиттеу агенттігінің мамандары Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің материалдық-техникалық, оқу-зертханалық және ғылыми базасына шолу жасады.
📌Екінші күні сарапшылар Тіркеу офисіне, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша оқу-әдістемелік бірлестігіне, Білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалық кеңсесіне және Студенттерге қызмет көрсету орталығына барды. Биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институтында, Ғылым және ғылыми жобаларды коммерцияландыру департаментінде, Ғали Орманов атындағы кітапханада, Стартап академиясында болды.
📌Университеттің стратегиялық көрсеткіштерін арттыру және білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында биыл бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және қайта аккредиттеу жұмыстары да жоспарланып отыр.
_______________________________________________________________________
📌28 февраля – 1 марта 2022 года успешно проведен внешний аудит в рамках программной аккредитации Независимого агентства по обеспечению качества в образовании IQAA образовательных программ докторантуры 8D01501 Математика, 8D01502 Физика, 8D01503 Биология, 8D01504 Информатика, 8D01505 География.
📌В ходе проведения аккредитации были проведены интервью с руководством вуза, руководителями структурных подразделений, деканом Высшей школы естествознания и руководителями образовательных программ, ППС по направлениям аккредитуемых образовательных программ, докторантами, выпускниками и работодателями. Экспертами аккредитационного агентства был проведен визуальный осмотр материально-технической, учебно-лабораторной и научной базы Высшей школы естествознания.
📌Во второй день эксперты посетили офис регистратора, УМО высшего и послевузовского образования, проектный офис обновления образовательных программ, центр обслуживания обучающихся. Посетили НИИ биотехнологии и экологии, отдел науки и коммерциализации научных проектов, Библиотеку им. Г. Орманова, Стартап академию.
📌Для достижения стратегических показателей университета и повышения качества предоставляемых образовательных услуг, в текущем году также планируется аккредитация и реаккредитация ОП бакалавриата, магистратуры, докторантуры.