17/08/2017
ЖАНДАР АСАН ТАРМПИ-ДЫҢ МЕДИА ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ БОЛҒАН КЕЗДЕ НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ ?
#Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ақпараттық-имидждік бөлімінің жетекшілігін 2014 жылдың қарашасынан атқарып келген Жандар Асан «өз өтініші» бойынша қызметінен босатылып, жұмысын қорытындылады. Осы уақыт аралығында институттың медиа саласында қандай өзгерістер болды? Оқу орнының оң имиджін қалыптастыру бағытында нендей ақпараттық-насихаттық жұмыстар жасалды?
КӘСІБИ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ ҚҰРЫЛДЫ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында Баспасөз қызметі жасақталды.
Жаңа кәсіби медиа қызметтің негізгі міндеттері 3 бағытта жүйеленіп, құрылымдық міндеттемелері бекітілді.
Бірінші – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз ету.
Екінші – Ректордың қызметін және оның қатысуымен өтетін іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді имидждік қолдау.
Үшінші – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қызметін және ондағы іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді коммуникативті қолдау.
* * *
ТАРМПИ АҚПАРАТ ТАРАТУ ЖИІЛІГІ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА
2014 жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында «Monitoring» зерттеу тобының жүргізген сараптамасы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институты республикалық БАҚ-та ақпарат жариялау жиілігі бойынша ҚР жоғары оқу орындары арасында алдыңғы үштіктің қатарына енді.
* * *
МЕДИА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Отандық ақпараттық кеңістікте (телеарна, газет, сайт, әлеуметтік желілер) оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар, білім-ғылым саласындағы тың жаңалықтар, жас ғалымдардың инновациялық жобалары мен рухани-танымдық тұрғыдағы маңызды ақпараттарды үздіксіз тарату үрдісі қолға алынды. Телеарналар эфирінде педагогикалық оқу орнындағы іс-шаралар туралы сюжеттер мен білім және өнер саласында айтулы жетістікке жеткен қызметкерлер жайында циклдік бағдарламалар көрсетілімі ұйымдастырылды. Республикалық интернет-кеңістіктегі рейтингі жоғары ақпараттық сайттармен өзара әріптестік аясында жүйелі жұмыстар іске асырылды. Сондай-ақ, бөлім оқу орнындағы іс-шараларды ақпараттық-имидждік ілгерілетуге ұйытқы болды.
* * *
АҚПАРАТ ТАРАТУ ТӘСІЛДЕРІ ЖҮЙЕЛЕНДІ
Бүгінгі күнде масс медиа – көпшілік қауымға яки қоғамға ықпал ететін аса өзекті құрал. Осыған орай Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Баспасөз қызметі жекелеген хабарламалар немесе ресми мәліметтер жариялауды әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруды қолға алды.
* * *
ИНСТИТУТ ГАЗЕТІ ЖАҢА ФОРМАТТА, ТЫҢ МАЗМҰНМЕН ШЫҚТЫ
2015 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Білім нұры» газеті жаңа атаумен, түрлі-түсті 8 бет болып шыға бастады. Сондай-ақ, оқу орнының жылнамасын жазып жүрген басылымның дизайны да заман талабына сай жаңартылды. 10 жылдан астам тарихы бар газет атауының бояуы, стилі мен жазылуы да өзгерді. Басылым бетінде сапалы сараптамалық материалдардың қатары ұлғайып, танымдық ақпараттардың үлесі артты. Оқу орнындағы факультеттердің және жастардың тыныс-тіршілігі туралы жобалар көбейді.
* * *
ТАРМПИ-ДЫҢ РЕСМИ САЙТЫ ЖАҢАРДЫ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Tarmpi.kz» ресми интернет-ресурсы 100 пайызға жаңарды. Мақсат – сайттың тиімділігін, азаматтарға қажетті ақпараттың қолжетімділік деңгейін арттыру және ресурсты заман талабына сай дамыту. Интернет-ресурс 3 тілде қызмет етеді және көзі нашар көретіндерге арналған нұсқасы бар. Жаңа дизайндағы сайт мәзір бөлімдерінің анық құрылымдылығымен, сапалы ақпараттық толықтырылуымен, көрсетілген ақпараттың өзектілігімен, құрылым бойынша деректерді тәртіптеуімен және толық байланыс деректерін ұсынуымен ерекшеленбек.
* * *
«TARMPI.KZ» РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ – ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАРШЫСЫ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Tarmpi.kz» ресми интернет-ресурсы – оқу орнының жаңалықтарының жаршысына айналды. Сайт соңғы екі жарым жыл белесінде күнделікті, үздіксіз ақпарат таратып келді.
* * *
«TARMPI.KZ» РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ҮШ ТІЛДЕ АҚПАРАТ ТАРАТА БАСТАДЫ
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Tarmpi.kz» ресми интернет-ресурсы үш тілде ақпарат тарата бастады. Веб-портал оқу орнындағы елеулі оқиғалармен, маңызды жаңалықтармен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде танысуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сайтта институттың профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар турасындағы, білім-ғылым саласындағы жаңашылдықтар жайындағы және өзге де тақырыптағы мақалалары, пікірлері тұрақты түрде жариялау қолға алынды.
* * *
ТАРМПИ-ДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ РЕСМИ ПАРАҚШАЛАРЫ АШЫЛДЫ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Ақпараттық-имидждік бөлімі көпшілік көп қолданатын әлеуметтік желілерде өз парақшасын ашты. Бұл бастама өз кезегінде аталған оқу орны туралы дұрыс әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік тудыру мақсатында қолға алынды. Мұнда оқу орнындағы жаңалықтар, хабарландырулар және өзге де қызықты фактілер тұрақты түрде әрі уақтысында үш тілде сапалы фотолармен жарияланып тұрады. Сонымен қатар, YouTube порталында ТарМПИ арнасы ашылды.
* * *
ТАРМПИ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПОРТАЛДАР МЕН САЙТТАРДА
Масс-медианың жаңашыл үрдісіне сай Тараз мемлекеттік педагогикалық институты туралы соңғы екі жарым жылда республикалық ақпараттық порталдар мен сайттарда жалпы саны 2510 ақпараттық-имидждік бағыттағы мақала жарық көрді. Атап айтқанда, 2014 жылы 40 жарияланым (соның ішінде 37 материал қараша-желтоқсан айларында жарық көрген), 2015 жылы 702 жарияланым, ал 2016 жылы 1085 материал шықты. 2017 жылдың алғашқы 7 айында 683 мақала жарияланды.
* * *
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕЛЕНДІ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жүзеге асырылып жатқан ірілі-ұсақты шараларды «Хабар», «Хабар 24», «Қазақстан» сынды республикалық телеарналардың «жүгіртпе жолы» арқылы жұртшылыққа жариялау жүйеленді. 2014-2017 жылдары жалпы саны 83 түрлі ақпараттық мәтін берілді. Сонымен қатар, осы уақыт мерзімінде 68 телесюжет жарияланды. Ал, осы мерзім аралығында «Қазақ радиосы» «Классик», «NS» сынды республикалық радиолардан 15 ақпарат жарияланды.
* * *
МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ МЕЖЕ ЖОҒАРЫ
Оқырман жедел және өзекті ақпаратты журналдар мен газеттердің беттерінен оқиды. Сондықтан мерзімді баспасөз басылымдары да оң имидж қалыптастыруда басымдыққа ие. Республикалық, облыстық және аудандық мерзімдік басылымдарға 2014-2017 жылдары жалпы саны 1012 мақала қазақ және орыс тілдеріне жарық көрген.
Толығырақ www.tarmpi.kz сайтында.