20/08/2026
✍️ Гүлфия Көшімова MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы болып тағайындалды
Maqsut Narikbayev University Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы болып Гүлфия Көшімова тағайындалды. Ол өз қызметіне осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап кіріседі.
Гүлфия Көшімова М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ағылшын тілі бойынша бакалавры және гуманитарлық ғылымдар магистрі, сондай-ақ Nazarbayev University-дің білім беру саласындағы PhD докторы. 2017 жылы Кембридж университетінде ғылыми қызметкер ретінде тағылымдамадан өтті. Білім беру саласында 20 жыл тәжірибесі бар.
Өз еңбек жолын Гүлфия Көшімова 2006 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің герман филологиясы кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 2012-2018 жылдар аралығында MNU-да оқытушы, жоба менеджері және Жалпы білім беретін пәндер және тілдік дайындық жоғары мектебі деканының орынбасары қызметтерін атқарды. 2018-2021 жылдар аралығында Nazarbayev University Жоғары білім беру мектебінің ғылыми қызметкері болды. 2021 жылы MNU командасына Жоғары гуманитарлық мектебінің профессоры ретінде қайта қосылды.
Гүлфия Көшімова қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Оның білім беруді дамыту тақырыбындағы зерттеулері мен ғылыми жұмыстары беделді қазақстандық және шетелдік басылымдарда кеңінен таралған. Сонымен қатар ол отандық ғалым әйелдерге арналған академик Найля Базанова атындағы марапатының иегері.
Maqsut Narikbayev University Гүлфия Жасұланқызын тағайындалуымен құттықтайды және қызметіне табыс тілейді!
🔹🔹🔹🔹
✍️ Гульфия Кучумова назначена деканом Высшей гуманитарной школы MNU
Деканом Высшей гуманитарной школы Maqsut Narikbayev University назначена Гульфия Кучумова. Она приступит к своим обязанностям с 1 сентября этого года.
Гульфия Кучумова является бакалавром и магистром гуманитарных наук по английскому языку Северо-Казахстанского университета им. М. Козыбаева и доктором PhD в образовании Nazarbayev University. В 2017 году проходила стажировку в Кембриджском университете в качестве научного сотрудника. В сфере образования она работает 20 лет.
Свой трудовой путь Гульфия Кучумова начала в 2006 году преподавателем кафедры германской филологии Северо-Казахстанского университета им. М. Козыбаева. С 2012 по 2018 годы работала в MNU, где занимала должности преподавателя, проектного менеджера и заместителя декана Высшей школы общеобразовательных дисциплин и языковой подготовки. С 2018 по 2021 годы была научным сотрудником Высшей школы образования Nazarbayev University. В 2021 году вновь присоединилась к команде MNU в качестве профессора Высшей гуманитарной школы.
Гульфия Кучумова владеет казахским, русским и английскими языками. Её научные исследования и публикаций по теме развития образования широко представлены в престижных казахстанских и зарубежных изданиях. Также она является обладателем награды имени академика Найли Базановой, учрежденной для отечественных женщин-ученых.
Maqsut Narikbayev University поздравляет Гульфию Жасулановну с назначением и желает успехов в деятельности!